ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет78/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. 99-100 бб. 
2
Кант И.
Соч., в 6-ти т. М., 1964. Т. 2. С. 216. 
3
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. 75 б. 


259 
өйткені ол тек даналықпен ойлап қоймай, сонымен бірге даналық 
мұратын іске асыруға талпынады. Осында оның адамгершілік ілімінің 
асқақ мәні тұр, бұл істе, өз өмірлік әрекетінде білім мен 
адамгершіліктің, қоғамдық пен тұлғалықтың ажырамас бірлігін 
негіздеу де және практикалық беткіту де қажет болады. Абай білімді 
адамгершіліктен бөлмейді. Ол үшін ақылға сай әрекет – бұл санаға, 
адамша, яғни қоғамдық, әрекет етудің дамыған қабілеттілігіне 
айналған білім. Басқа адамды түсінудің, өзін басқадан көрудің және 
басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйренудің дамыған қабілеттілігі 
Абайдың өмір салтына, жеке тәжірибелік іс-әрекет бағдарына жатады. 
Бұл мақалада біз көтеріп отырған мәселе, арнаулы талдауды 
қажет етеді, өйткені нақтылы өмірде кездесетін, білім мен сананың, 
білім беру мен адамгершіліктің арасындағы қақтығыстар, ғылым мен 
білім өзінен-өзі саналылықтың артуына жетелемейді, моральдық 
прогреспен теріс түсініктерден бас тартуға міндеттемейді дегенді 
дәлелдейді. Өкінішке орай, сирек емес білімділік моральдық 
кереңдікпен, 
адамгершілік 
жағынан 
кешеуілдеп 
қалумен, 
принципсіздікпен айрықша қосылып кетеді. Абайды қиналысқа 
түсірген, мынадай сұрақтар: «Қылықтың арғы жағында не жатыр?», 
«Ізгі моральдық іс-әрекет немен негізделеді?», «Неліктен білім 
қашанда игілікке әкелмейді?», «Қайратты, Ақылды, Жүректі не 
біріктіреді және неге олардың арасында қайшылықтар шыға береді» 
және т.б. – бүгін де өз өткірлігі мен өмірлік маңызын сақтайды. Бұл 
жағдайда, ғылымға, танымға деген махаббат Абайда адамгершіліктің 
өзінен шығатынын, тек атап өтейік.
«Әуелі – білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне 
де керек болар еді деп іздемеске керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне 
ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең һәм 
әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил
1
болады. 
Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем 
екен деген үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір 
естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке 
жайғастырып алады»
2

Ол білімге деген көтеріңкі, асқақ, риясыз қатынасты 
қалыптастыру мен тәрбиелеудің субстанционалды негізі болып 
табылатын, адамдық тіршіліктің дәл сол саласын құрастыратын, 
адамгершіліктің әлеуметтік табиғаты мұнда өте терең және түпнегізді 
қамтылған. Атай айтқанда, бұл салада адам тұтас және сөздің толық 
мағынасындағы қоғамдық жан ретінде алға шығады. 
1
Тыныштық, рахатшылық. 
2
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 68 б.


260 
Абайдың адамгершілік туралы кейбір идеяларын қысқаша талдау 
этика саласындағы оның көзқарастарының бүкіл тереңдігін анық және 
айқын көрсетеді. Оның үстіне, оның адамгершілік ілімі қазақ 
халқының философиялық жай-күйінен шығатынын ескеру қажет, 
өйткені өз халқының философиялық ойлары ол үшін түпнегізді 
айқындаушы болды. Бәлкім, бұл көрнекті ойшылдың адамгершілік 
ілімін тұрпайы түсінуге әкелген, идеологияландырылған ресми 
философияның негізгі постулаттарын оның дүниетанымының үстінен 
жапсырудан шыққан, Абайдың этикалық ілімін зерттеудегі дәстүрлі 
сыңаржақтылық осымен түсіндіріледі. Қазақ халқының атақты ұлы 
бола отырып, Абай белгілі бір тарихи және геосаяси жағдайлардың 
күшімен бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесін ерекше синтездей алды 
және адамгершілік ілімінің жеткілікті сымбатты жүйесін жасап 
шығарды. Осындай ілімді құрап шығаруға, сондай субъектінің 
танымдық әрекеті көркем әдебиет арқылы дүниенің рухани-
практикалық игерілуіне қиылысты еніп кеткен, қазақ халқының 
рухани дамуының ерекшеліктері де себебін тигізді. Абаймен жүзеге 
асырылған, атап айтқанда, шындықты көркем меңгеру органикадық 
сипатта әлдебір түсініктер, болжамдар, ұстанымдар, суреттемелер 
түрінде әлемнің ғылыми суретінің элементтерін өзіне енгізді. 
Өмірге терең философиялық бойлауының қуатымен, өзі бейнелеп 
тұрған объектілердің мәнін оған түсінуге мүмкіндік берген, әлемнің 
айрықша суреттемесін Абай өнер құралдары арқылы білдірді. 
Осындай объектілер көпсанды: адамның ішкі дүниесі, психологиялық 
процестер, интуиция, тылсым сана және бейсана сияқты, адам 
психикасының сондай қиын жетуге болатын қабаттары, рухани мен 
тәндіктің, әлеуметтік пен табиғидың, адамдық пен ғарыштықтың 
байланысы. 
Абайдың рухани дүниесімен іштесу, жанда қайсыбір жаңғырық 
қалдырмай, ізсіз өте шықпайды. Кездейсоқтық пен кеңеттілікке толы, 
өткінші өмір, Абай ұрандаған «Адам бол!» дегенге, осы шақыруға 
ілесе отырып, біздің әрқайсымызда рухани өсу мұқтаждығын басып 
тастамайтындығы тамаша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет