Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған


Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын ұлттық ойындар



бет37/87
Дата05.02.2022
өлшемі3,86 Mb.
#15325
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын ұлттық ойындар

Тәрбиенің қайнар көзі – халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген


абзал.
Балалардың тіл дамыту мен көркем әдебиет пәндеріне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс,сайыс сабақтарын ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып балаларымды ізденімпаздыққа баулимыз.Сабақ барысында ойындар,мақал-мәтелдер,шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие бере отырып, олардың ұлтын,тілін,дінін,салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.
Ойын арқылы өткізген сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, іс-әрекетке ден қойып,өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Осы тәжірибелердің негізінде ойын элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадым.
Мысалы, «Сауат ашу»сабағында өткенде түрлі ойын арқылы тақырыпты балаларға қызықты етіп түсіндіруге болады. «Әріптер» мен «Буындар» түсіндіргенде,жарыс ойындары қолданылады. Тәрбиеші суреттерді тақтаға бір жол етіп іледі де,балалар суретке тиісті сөздерді тауып, екінші қатарға жазуды талап етеді. Ойынның тәртібі бойынша берілген сөздерді кім бөгелмей дұрыс және көп айтса, сол ұпай алады. Ұпайды көп жинаған қатар жеңіп шығады.
Мысалы: Биік-аласа; үлкен- кіші; күн-түн; жуан -жіңішке; суық-жылы; жарық- қараңғы; қатты –жұмсақ; кен –тар т.б. ойын жалғаса береді. Белгілі уақытта балалар орындарын ауыстырады. Бөгелмей дұрыс жауап қайтарған бала ұпайды көп алып, жеңіске жетеді.
Кеңістікті өткен кезде ,санамаққа байланысты халқымыздың дәстүрлі айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізуге болады. Сабақта сан тақырыбына өткенде бала сан ойлап айтады да, екінші бала оның айтқан сан есіміне ұқсайтын күлкілі сөз тауып, жауап қайтарады. Ойынға бүкіл топтағы балалар қатынасады. Бірінші бала «Бір» дегенде;екіншібала: «Топқа тез кір» дейді. Ойынды балалар жалғастыра түседі.

  • Екі.

  • Қашып кетті үйден ешкі .

  • Үш.

  • Жинап алдым көп күш.

  • Төрт.

  • Ол жанып тұрған өрт.

  • Бес.

  • Үлкен адам қателеспес.

  • Алты.

  • Қыз ұзату салты.

  • Жеті.

  • Қуыршақтың аппақ беті.

  • Сегіз.

  • Көршіміз ағайынды егіз.

  • Тоғыз.

  • Мынау сиқырлы қара қобыз.

  • Он.

  • Сыйлыққа тарттым тон, т.б.

Ойынның өткізудегі тәрбинешінің мақсаты –балаларды еркін сөйлей білуге, айтайын деген ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, тіл байлығын арттыра түсуге жету.


Балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін шеңбер сызылады да, ол тең бөліктерге бөлініп, әрбір бөлікке бір-бірден әріп жазылады. Кейде шеңберді бірнеше қабат етіп, топтағы балалардың санына лайықты сызуға да болады. Айталық,топта үш команда болса, шеңберді үшеу етіп сызып, әр шеңбердің ішіне бір-бірден зат қойылады. Осы шеңбердің ішіндегі затты қай топтың балалары бұрын айтса , солар жеңген болып табылады. Бұл ойын баланың ұшқыр ойлауына,тапқырлықтарын ұштай түсуіне негіз қалайды. Ойынды жұмбақтарды өткен кезде ойнатуға болады.
Тәрбиеші:

  • Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі сөйлеседі. Әдеп-

пен сөйлесуді білмейді .

  • Ойынға да, жұмысқа да бос, болбыр болса, ондай баланы кім дейміз?

Жауабы :
Талапты ерге нұр жауады.
Басы аманның малы түгел.
Қарманған қарап қалмас.
Бос белбеу, - дейміз деп жауап берді бала.
- Көрінгеннен қорқатын баланы кім дейміз?
- Сужүрек дейміз,- деп жауап берді бала.
Бұл ойын арқылы балалардың тұрақты сөз тіркестерін жеңіл игеріп,
ұққандарын байқадық.

Балалар «Баян ауылы» және «Бурабай ауылы» деп екі топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады.Сөздер арқылы бір-біріне сәлем жолдайды. Осыдан кейін балаларға ауылға сыйлы қонақтар келгенін хабарлаймын да, сұрақтар қоямын.


Тәрбиеші: 1-топқа. Келген қонақтарға қандай сусын түрлерін ұсынамыз?
Балалар: Қымыз, шұбат, айран, т. б.
Тәрбиеші: 2- топқа. Одан кейін қандай сый –құрмет көрсетеміз?
Балалар:: Мал сойып, сый табақ түрлерін көрсетеміз.
Тәрбиеші: Сый табақтың қандай түрлерін тартамыз?
Балалар: Бас табақ,құда табақ, жай табақ,қыз табақ, күйеу табақ.
Ойын « Табақ тарту». Үстел үстіне бас табақ жасалынып(қойдың басы,
жамбас, асықты жілік салынған), кеселерге қымыз, шұбат,айран құйылып қойылған.Әр мүше мен сусындардың қасына карточкалар қойылған.
«Баян ауылының» үш бала шығып,карточканы алып, қасындағы мүшенің атын атап, сұраққа жауап береді.
1-карточка (бас) Сан дегеніміз не ?Санамақ айтып бер.
2-карточка (жамбас) Дауысты дыбыс, дауыссыз дегеніміз не?
Мысал келтір.
3-карточка(асықты жілік). Тыйым сөздерді айт.

Ал «Бурабай ауылының» үш бала кеседегі сусындарды атап, карточкалардағы мына сұрақтарға жауап береді.


4-карточка (қымыз) Негізгі Әріп дегеніміз не? Мысал келтір.
5-карточка ( шұбат) Сөйлем құра.
6-карточка ( айран) Мақал-мәтелдерді айт.
Әрине, әр сабақты тақырыпқа байланысты түрлендіріп отыру- әр тәрбиешінің шеберлігі. Сонда балалардың ана тіліне деген қызығушылығы мен ықылас-ынтасын арттырамыз,ұлттық ойын түрлерін ,ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдалана отырып, ұлттық дәстүрге деген балалардың саналы көзқарастарын қалыптастыратын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет