Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары».
Мақсаты: а)Халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі ұлттық ойындар жөнінде оқушыларға түсінік беру.
ә)Ойынға зер салып,ой жүгіртіп қарасақ,содан үлкен де мәнді мағыналы істер туып жатқанын оқушыларға түсіндіру.Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығызбайланысты екенін түсіндіру.
б) Өлең-жырларда халық ойынды тәрбие құралы деп танып,жастарды ойландыра түскен.Оқушылардың ақыл-ойының толысуына,есейіп өсуіне тәрбиелеу.
Жоспары
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Ұлттық ойындар жөнінде қысқаша мағлұмат.
3.Ойын түрлерін ойнату.
4.Қорытындылау:
а) Сұрақ-жауап
ә)Ойын ойнау.
Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі-ұлттық ойындар.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ұлт ойындары осылайша атадан балаға,үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған.
Өзінің өлең –жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып,оның бойындағы жастарды ойландырып,ой толғандыратын қасиеттерін аша түседі.Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қана қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Манашыұлы Тұяқпай жырында:
«Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала.
Кеудеге ақыл ойлайды» -депті.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.Бірақ ол ертеде ауызекі туып жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да,бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.Халық өршіл ой-арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, балалар ертегілері, ойын-сауық жоралғыларын туғызды.
Әрбір күзгі,қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жауынан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелері, ойын-сауық өткізген.Бұл мерекелер күн ілгері жарияланып отырылды.Сондықтан мерекеге қатынасушылар ұлттық ойынның түр-түріне даярланып, әзірлікпен келеді.
«Қыз ұзату, келін түсірумен байланысты «Қалыңдық ойнау» салты пайда болды».Қыз ұзату тойында жар-жар, келін түсіру тойында беташар айтылды.
Қазақтың ұлттық ойындары: «Көкпар, Күрес, Теңге алу, Қыз қуу, Алтын қабақ ату, Жамбы ату» және т.б спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болды.
Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болмасын халықтың «Көк-бөрі» және «Қыз-бөрі» сияқты спорттық ойындарымен жалғасып отырады.Жұрт неғұрлым көбірек қатынасатын ойындар:Әскери мәнді спорттық ойын- «ат жарыс», «қаумалап аң ұстау» болды.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты.Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары .Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі –оған өлең сөздің араласып келіп отыратындығында.Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайтын болған. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі негізінен логикалық ойлау мен математикалық ойлануды дамытуға негізделген.
Солардың төресі- «Тоғыз құмалақ».
Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы ойындарына тоқтамасқа болмайды.
Сайып келгенде, жоғарыда айтылған ойындар қазақ халқының ғасырлар бойы рухани байи түсуіне еңбек етіп келеді.Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчествалық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В.А Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуыда мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады».
Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.
Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары.
Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшлігі «Ақ боран» ойынымен басталады.Найрыз мейрамында бұл ойындар екіжақтың тартысы арқылы ойналып,қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.
«Жігіт қуу».
«Жігіт қуу»-ат ойыны.Ойыншылар екі топқа бөлінеді.Ойын жүргізуші арасы бір-екі шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, басына тұмақ кигізеді де, екіншісіне өзі тұрады.Екі топтан екі адамды шақырып, біреуінің қолына белбеу береді.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шабады.Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге жеткізбей қуып жетіп, ұруы керек.Қай топтың ойыншысы көбірек қуып жетіп ұрса, сол топ жеңген болып есептеледі.
Сонымен қатар: «Жүйріктер жеңеді», «Қардан жасалған тир», «Судағы жасырынбақ», «Білектесу», «Қара сиыр», «Сиқырлы таяқ», «Тауық күрес» сияқты ұлттық ойын түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |