ҚазақТҰтынуодағЫ


“Ескі” және “Жаңа” тарихи мектептердің



бет43/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94

5.1 “Ескі” және “Жаңа” тарихи мектептердің

пайда болуы.


“Ескі” және “жаңа” тарихи мектеп неоклассицизм мен марксизмге қарсы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Германияда пайда болды. Экономикалық ойлардың “Ескі” мектебінің өкілдері Ф.Лист, В.Ромер, Л. Бретано, В.Зомберг, және т.б. саяси экономияны ұлттық шаруашылық туралы ғылым ретінде қарастырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық зерттеулер бағдармасында жаңа өзгерістер пайда болды. Маржиналдық революциядан кейін туған шекті пайдалылық тұжырымдама өкілдерімен еңбек құн теориясы жақтастарының күресі экономист-теоретиктердің негізгі назарын өзіне аударды. Экономикалық теорияның аса “жемісті тармақтары” пайда болды. Олардың кейбірі әлі күнге дейін даму үстінде. Осы тармақтарға “ескі” және “жаңа” тарихи мектептер, бағыттары әлеуметтік мектептер, институционализмдер және т.б. жатады.
Осы мектеп өкілдерінің көзқарастары саяси экономияның белгілі “магистралды” (күретамыр) бағыттарымен тоғыспауы, олардың классиктер мен марксизмді және маржинализмді сынауы, яғни теориядағы кез келген ортадоксальдыққа қарсы шығуы, бұл мектептер мен бағыттардың барлығына ортақ болып саналады. Осы ортодоксальдық емес бағыттардың өкілдері қандайда бір елдің экономикаға ықпал етуінің экономикалық емес факторлармен түсіндіріп, оны саяси экономия пәнінің тәжірибесіне енгізді.
Шын мәнінде, барлық экономикалық құбылыс пен процестерді ішкі экономикалық қатынастар негізіне ғана, микроэкономика немесе ұлттық және әлемдік шаруашылық жүйесі арқылы түсіндіруге болмайды. Белгілі ортодоксальдық бақыт өкілдері осындай бір факторларды әртүрлі, кейде қарама қайшы көзқарас тұрғысынан түсіндіреді. Түсіндіре алмаған теориялық абстракцияларды экономикалық ғылымның әр түрлі дамуымен байланыстырады. Осындай даму әр елдерде пайда болады. Кейбір неміс оқымыстылары мұндай дамудан ағылшын экономистерінің ұлттық пайдакүнемдігін көрді.
Бірінші болып неміс экономистері оны тарихи бағыт (мектеп) деп атады (“ескі” және “жаңа” мектептер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет