Қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының барысындағы экономикалық тұжырымдамалардың (идеялар мен ой, пікірі, көзқарастар) пайда болу, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеу экономикалық ілімдер тарихының пәні болып саналады.
Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық процесстерге деген көзқарастар эволюциясын, экономикалық теориялар мен мектептердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді, оларға талдау жасайды, аса көрнекті экономистердің көзқарастарын жүйеге келтіріп және оны ашып береді. Бұл курс ғылым ретіңде идеялардың жалғастығы мен өзара байланысын, келістер (көзқарастар) мен қорытындылардың трансформациялануын бөліп көрсетеді.
Экономикалық ілімдер тарихы экономика ғылымының даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі.
Қоғамдағы шаруашылық өмірінің өзіндегі өзгерістер мен қарама қайшылықтар, таптар мен әлеуметтік топтардың өзара байланысты іс - әрекетімен күресі, сондай-ақ экономика ғылымының өзінің ішіндегі және экономикалық теориялар арасындағы қарама қайшылықтар, экономикалық ілімдер тарихының сыннан өткен тұжырымдамаларына сәйкес, экономиалық идеялардың даму көздері болып саналады.
Оның тарихын ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, кезең- кезеңге бөлу, экономикалық ілім прогресінің келісті (түзу) суретін жасаудың қажетті жағдайы болып саналады. Мұндай кезең – кезеңге бөлудің ғылыми негізі - әлеуметтік – экономикалық қатынастарды, қоғамның таптық құрылымдарын және бүкіл саяси қондырманы түбірінен жұлып, үзіп тастау арқылы, қоғамдық – экономиялық жүйені алмастыру (ауыстыру) туралы ілім болып табылады.
Әлем тарихының қандай бір уақыт үзігінде формациялардың қайсысы үстемдік етуші болып саналатындығына қатымысты. Тарихи дәуірлер бөлініп көрсетіледі, мысалы, кұлиелену дәуірі немесе капитализм дәуірі.
Қандай бір формациялар шегінде таптардың мүделері мен олардың идеаларының (ғылымдарының) экономикалық көзқарастары – қалыптасу, толысу немесе пайда болу сатыларына қатысты өзгеретін құбылыс (факті) экономикалық ілімді кезең – кезеңге бөлу айрықша маңызға ие болады. Таптар күресінің кең құлаш сермеуі мен бағыты, қоғам мүшелерінің мүдделерін қорғаудың прогрессивтілігі немесе керітарушылығы (реакционность), тура осыған қатысты болады.
Саяси экономияда классикалық мектептерінің пайда болуы, оның “жас” буржуазияның саяси үстемдігін жүргізу үшін феодализімнің ескілік қалдықтарына қарсы күресімен байланысты айрықша ғылым ретінде қалыптасуын аса құрметпен атап көрсетіледі.
Дәуірлер бойынша, қоғамдық – экономикалық формациялар мен олардың сатылары бойынша экономикалық ойларды кезең - кезеңге бөлу шеңберінде таптық бағыттарды (мысалы, буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық), ал олардың шеңберінде – теориялық ағымдарды, ілімдерді, жекелеген мектептерді бөліп көрсету қажет.
Қазіргі жағдайда ғылыми талдау жасаудың басты міндеттері әртүрлі экономикалық ағымдар мен мектептерді зерттеу, сынау, мүлде жоққа шығару емес, олардағы бөлініп көрінетін, тарихи тәжиребеге қарама-қайшы келетін және теріске шығаратын дәлелдер мен нақты аспектілерді ерекшелеп көрсететін ғылыми талдау болып саналады.
Көптеген елдердің үкіметтері реформаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ұсыныстарының белгілі бір тәжиребелік мәні, қазіргі батыстың экономикалық теориясында кезең - кезеңге жүйелі түрде бөлудің дұрыс, ұтымды элементтерінің бар екендінігінің айқын дәлелі болып саналады. Тура осы тәжиребелік мәнді, экономикалық теорияларды қазіргі дамыған мемлекеттерде пайдаланады. Белгілі бір шекте бұл ұтымды аспектілер, ұсыныстар ТМД – ның бүкіл елдері үшін қызығушылықтар туғызады. Әсіресе нарық проблемалары, банк - қаржы жүйесі, инвестиция мәселелері, интеграциялар және т,б,
ХХ ғасырдың 50-60 –шы жылдарынан бастап, біздің экономикалық әдебиеттерімізде қаншалықты географиялық қана емес, соншалықты әлеуметтік және идеологиялық мағыналарға ие болған “батыс экономика теориясы” түсінігі кең таралды.
Бұл “батыс экономика теориясы” түсінігі, мемлекеттік реттеуге сүйенбейтін, нарық пен жеке меншікке иелік етуге негізделген аралас экономикалық жүйелер тұжырымдамасының жиынтығын білдіреді. Олардың арасында терең алшақтық, айырмашылықтар болғанымен, бұл түсінікке бүкіл батыс экономистері қосылады. Кейбір экономистер тұтастай нарыққа сене отырып, мемлекеттік реттеуге қарсы болды, басқалары жеке меншік және мемлекеттік секторлардың әртүрлі үйлесіміндегі (жарастығындағы) мемлекеттік интервизионизімді күшейтуді жақтады.
Жоғарыда айталғандай тарихи экономикалық ғылым, әрбірі методолгиялар, әлеуметтік тұжырымдамалар, ақпарат пен тәжиребелік ұсыныстардың ерекшеліктерімен сипатталатын қазіргі батыс экономика теориясындағы бірнеше негізгі бағыттарды (кезеңдерді) бөліп көрсетеді.
Мәселен, өзінің дамуын ХІХ ғасырдағы маржиналисттік теоретиктерден (яғни Л. Вальрастан, А. Маршалдан), бастаған неоклассикалық бағыт методологиялық негізге индивидуализмді (микроэкономиканы) алды. Осы методологияға сәйкес, тұтынушының немесе өндірушінің жеке дара шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің пайдалылығын бағалау идеясы туды. Еркін бәсекелестік осы элементерді нақты нарықтық бағаларға, табыстарға трансформациялайды. Экономикалық субъектілерге мұндай бағдарланыс шынайы (сенімді) шаруашылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндіктер береді.
Дәл осы неоклассиктер, “кәсіпкерлік еркіндік” доктринасының жақтастыры, монетаристер (М. Фридмен), ұсыныстар теориясының (М. Фельдстайн), ұтымдылықты күтушілік мектептерінің (Р. Лукас) өкілдері нарықтық экономика тұрақты динамикалы тепе – теңдіктің тұрақты ішкі тетіктеріне ие, мемлекет тарапынан көмекті қажетсінбейді деп болжам жасады. Егер үкімет ақша – несие және бюджет аясында ақпаратқа, инфляцияға қарсы қатаң бағыт жүргізетін болса, неоклассиктер айтқандай, қалған проблемаларды нарық дербестік жағдайда өзі шешеді.Тәжиребеде, неоклассиктердің тұжырымдамалары әлемнің көптеген елдерінің үкімет шеңберінде кең түрде қолдау табуда.
Мәселен, әлеуметтік мұқтаждарды бюджеттік қаржыландыруды ең жоғары көлемде қысқарту және шаруашылық жүргізудің мемлекеттік секторын қолдай отырып кейбір экономистер - неоклассиктердің оңшыл үкіметтерінің (М. Фримен – М. Тетчердің, Р. Рейганның және т.б.) кеңесшілеріне айналды.
Неолибералдардың неоклассиктерден өзгешелігі, олар нарықтық шаруашылықтың автоматизмДІ (А. Смиттің “көрінбейтін қолы”) ережелерін пайдалануды мүмкін емес деп санады. Себебі нарық, егер оны мемлекеттің көмегімен құрса, ол өзінен - өзі сол автомотизімге келеді. Мемлекет нарыққа өзін - өзі реттеуді беру керек деді.
Неолибералдар, сондай ақ ішкі нарықтық ауытқулармен белсенді күресіп, монополияға қарсы саясатты жақтады. Олар әлеуметтік (зейнеткерлерді, мүгедектерді, оқытушыларды және т.б.) қолдау саясаты үшін күресті.