ҚазақТҰтынуодағЫ


Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы сипаттамасы



бет26/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

3.1 Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы сипаттамасы.


Англиядағы классикалық саяси экономия капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген, бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау жасау арқылы, меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады.
Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік формасы деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың қорлану жинақтары айналым саласында емес, өндіріс саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті (1 үлгіні қараңыз)
Атамыш үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет