ҚазақТҰтынуодағЫ


Дж. М. Кейнс жүйесіндегі негізгі байланыстар



бет76/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

1 үлгі

Дж. М. Кейнс жүйесіндегі негізгі байланыстар




Бұл кестеден мыналарды түсінуге болады, тұтыну мен табыстар арасындағы тәуелділіктен көрінетін психологиялық заң әрекет ете бастаған кездегі тұтынуға жұмсалатын шығындар тұтынушылық бейімділікпен (С/Ү) анықталады. Дегенмен, табыстың өсумен тұтынуға орташа бейімділігі тұтынуға деген (ΔС/ΔҮ) шекті бейімділіктің әсерінен төмен түседі.


Инвестициялық сұраныс деңгейі (I) капитал жұмсаунан (P’) күтілетін тиімділігі мен проценттік (пайыздық) ставка мөлшеріне (R) тәуелді болады. Проценттік ставка немесе процент нормасы (R) – бұл өтімділіктен ликвидтіктен айырылған үшін төлем.
Кейнс теориясының басты идеясы – жиынтық сұраныс көлемінің жеткіліксіз жағдайында, экономикаға мемлекет арқылы ықпал ету болып саналады. Сондықтан ол ұлттық табыспен, жинақтармен, инвестициялармен және жиынтық сұраныстармен арадағы экономикалық сәйкестіктерге қол жеткізу міндетін алға қойды.
Экономикалық тепе - теңдік - Кейнсше сұраныс пен қорланудың тепе - теңдігі мен белгіленеді. Қазіргі экономиканың басты кемшілігі ол сұраныстың тиімділігінің жетіспеушілігі деді, оның себебі, тұтынуды прогрессивті тежелеу, капиталдың тиімділігінің шектен тыс төмендеуі. Осындай жағдайда, Кейнстің ойынша, экономикалық дағдарыстан тек-қана мемлекеттің араласуы шығарады.
Атап айтқанда, мемлекеттің инвестицияға кең қатысу, әртүрлі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы (зауыттар салу, жол қатынасын жақсарту, жаңа экономикалық аудандарды игеру т.с.с), инвестициялардың формаларын бақылау, экономикалық жағынан аз қамтылған халық топтарын қорғау (зейнет ақыны көбейту, әлеуметтік төлемдер мен стипендияны молайту т.с.с) инвестицияның көбеюіне әсер етіп, халықтың сұраныс көрсеткішінің өсуіне жағдай жасайды.
Кейнстің ұсыныстарын іске асыру үшін ХХ ғ. 30- шы жылдары Англияда “Елді экономикалық дамытудың ұлттық кеңесі құрылды”. Мақсаты, экономикалық және әлеуметтік бағдарлама жасап, қандай өндіріс салалары мемлекеттік қолдауды керек етеді деген сұраққа жауап беру, 1944 жылы Англияда “Жұмыс пен қамту саясатының Ақ кітабы”- жарық көрді. Осы еңбек шығысы мен Батыс елдердің көп үкімет басшылары еңбекпен ұзақ, толық қамту үкіметтің міндеті деді. Мемлекеттің осындай бағытта іске араласуы экономиканың шынында дағдарыстан шығудың нағыз революциялық жолы еді.
Экономиканы мемелкеттік реттеу құралына Кейнс ивестицияны өсіру жолымен жиынтық сұранысының ұлғайуын, несие – ақша және бюджеттік саясатты жатқызды. Оның анықтауы бойынша еңбек ақыны төмендету жұмыспен қамтуды өсірмейді, қайта, нақты еңбек ақыны кеміту арқылы табыстарды кәсіпкерлердің пайдасына қайта бөлуге әкеледі, ал осыған қарай жұмыскерлер жұмыстарын тастап кетпейді және жұмыс күшін ұсыну қысқармайды.
Экономикалық теорияны дамытудағы Кейнс еңбектерінің үлесі:

  • бағаны талдаудан нақты өнімді (продуктыны) практикалық талдауға көшу;

  • өндіріс көлемімен табыс деңгейінің өзгеруіне қарағанда, пайыз нормасының, жинақтаумен инвестицияға әсерінің тіпті аздығынан пайыз нормасына жаңа көзқарас;

  • инвенстиция мультиплиаторының идеялары;

  • қазірғі капиталистік экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіндігін, әсіресе жұмыспен қамтудың жоқтық тезисін кіргізуі;

  • тұтыну бейімділігінің түсінігін еңгізіп және өнімділікті (ликвидтілікті) қолдауы;

  • экономикалық саясаттың революциялық мүмкіндігінің тууына себеп болыуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет