Ұтымды күту теориясы – бұл экономикаға қатысушылардын конъюктуралық өзгерісіне, экономикалық саясат тигізетін әсерілерін қарастыратын теория. Адаптивтікке қарағанда ұтымды теориясы күту тек өткен тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, келешекте болжауға, болар оқиғаларға бара беруге дейін сүйенеді.
Бұл теорияны жақтаушылар «экономикалық субьектілер» экономикалық бағыттың өзгерістерін жайбырақаттанып тосып отырмайды. Кеңейтілген ақпаратқа сүйене отырып, олар ақша - несиелік және қаржы – бюджетттік саясатының ықтимал салдарларын болжап отырады, мемлекеттік құрылымдардың іс әрекетін теңдестіруге көмектесетін ұтымды шешімдер қабылдайды. Кәсіпкерлер мен халық процестермен үрдістерді байқап қана қоймай экономиканы реттеуді кім жүзеге асыратындығының мәні мен логикасын игеруге тырысады.
Ұтымды күту теориясын жақтаушылар монетаристердің тұжырымна ұқсас пікірді ұстайды. Мемлекеттің экономикалық өмірге араласуы тек ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді тұрғығада қолайлы емес. Олардың пікірінше, ірі фирмаларда тиісті дәрежеде толық ақпарат болады да, «жоғарыдан» қабылданатын шешімдерге жылдам бет бұрады. Фирмалар экономикалық ауа райын болжап қоймай, басқарушылар тобының ықтимал іс-әрекетін алдын-ала көре білуі керек. Сұранысқа ақшаны «айдау» өндірістің артуына емес, бағаның инфляциялық жарқырауына әкеледі.
Фридмен сияқты Роберт Лукас та (ұтымды күтулердің таңдаулы теориктерінің бірі, Нобель сыйлығының лауреаты, 1995ж.) және оның жақтаушылары нарықтық экономика бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілетті деп санайды. Бағалар икемді және қозғалмалы, оның ауытқу фирмалардың деңгейінде болады. Макродеңгейінде баға теңеседі. Мемлекеттің араласуы тек нарықтың өзін-өзі реттеу процессін бұзады.
Экономикалық агенттердің экономикалық саясаттағы өзгерістерге сену реакцияны қамтамасыз ету үшін, оларды алдын-ала өзгерістер туралы хабарлап және оларды мемлекеттік құрылымдардың болжаулары мен бағаларына сенуге үйрету керек.
ТҮЙІН
Неоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, бірдей мүмкіндікті, нарықтық күштердің еркіндігін, экономиканың өзін-өзі реттеуін жақтаушылар. Осы мағынада неоклассиктер – А. Смиттің тікелей ізбасарлары.
Осы заманғы неоклассикалық бағыт біркелкі емес. Онда бірнеше мектеп аңғарылады: Австрия мектебі – шекті пайдалық теориясы (оның негізін қалаушы К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверк); А.Маршалл бастаған Кембрижд мектебі; А.Вальрас бастаған Лозан мектебі.
ХІХ ғ. соңғы 30жыл ішінде классикалық саяси экономияның орның маржиналдық экономикалық теория басты. Маржинализмнің негізгі идеясы – шекті экономикалық шамалардың фирма, сала, бүкіл халық шаруашылық масштабында экономикалық жүйенің өзара байланысты құбылысы ретінде зерттеу.
Институционализм – осы заманғы батыс экономикалық теорияның аса көрнекті және маңызды бағытының бірі (Т. Веблен, Дж.Коллинс және У. Митчелл). Институционализмді ғылыми мектеп ретінде 1970 ж. соңында басталды: Ал шынында ХХ ғ. 30 жылдары институционализм идеялары тарихшылар, экономист және социологтар арасында кейінен тарай бастады.
Биліктің негізі нарық заңдары емес – техника деп айқындаушы рөлді тұтынушы емес өнім шығарушы атқарады деген ойды, экономикалық қатынастарда «экономикалық адам» деп аталатын позициясын талдаудан керек пе жоқ па, мемлекет өз қарамағына экологияны, білімді, медицинаны алса жеткілікті емес деген сұрақтар қойылуда. Бұларға анық жауап керек.
Экономикалық теория тарихында неоконсерватизмнің екі ең жарқын теориялық мектебі бар: монетаризм және ұсыныстар экономикасы. Монетаризм – кейнсиандыққа қарсы шыққан, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпауы» идеяларын қолдайтын бағыт, ол ең бастсы деп ақша теориясы мәселесін қойды.
Ұтымды күту теориясы – бұл экономикалық қызметке қатысушының конъюнктураның экономикалық саясат шараларының өзгерістеріне реагциясын қарайтын теория. Бейімделгенге қарағанда ұтымды ұсыныстар тең өткен тәжірибесіне ғана емес, алдынғы оқиғаларды болжауға, бағалауға сүйенеді.