4.8 Ферменттердің атауы және жіктелуі
Ферменттердің қазірні атаулары мен жіктеуін 1961 ж. Халықаралық биохимиялық Одақтың Комиссиясы бекіткен.
Ферменттерді екі жолын атайды: жүйелі (рациональдық) және трививальдық (жұмысшы).
Жүйелі бойынша әрбір фермент атауының аодына оның шифры қойылады.Шифр төрт цифрдан құралады. Біріші цифр ферменттің қай класқа жататынын көрсетеді. Екінші цифр оның класс тармағын білдіреді. Үшінші цифр класстармағының түрін аңықтай түседі. Төртінші сан ферменттің осы класс тармағындағы рет нөмерін білдіреді.Ферменттің цифрындағы әрбір цифр бір бірінен нүктемен бөлінеді.
Өте қысқа , әрі пайдануға қолайлы тривиальды атау болып саналады. Ол екі жолмен пайда болады:
1 фермент әсер ететін субстраттың латынша түбіріне «аза» суффиксін жалғау арқылы. Мыс. Крахмалды (аmylum) ыдыратушы фермент амилаза.
2 фермент активтендіретін реакцияның атауы «аза» суффиксімен үстеу арқылы. Мыс. Гидролаза субстратты судың көмегімен ыдратады. Кейбір ферменттердің тарихи атаулары (пепсин, трипсин және т.б.) қолданылады.
Жаңа жіктеу бойынша белгілі ферменттердің барлығы алты класқа бөінеді.
Оксидоредуктаза сутегінің атомдарын немесе электрондарды бөліп және қосып алу арқылы субстарттың тотығу тотықсыздану процесін үдететін фермент.
Трансфераза атомдардың түрліше оптарының тасымалдану реакциясын катализдейтін фермент.тасымалдайтын тобының атауына сәйкес метилтрасфераза,аминотрансфераза және т.б. деп аталады.
Гидролаза заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын фермент:
а) эстеразалар күрделі эфирлі байланыстарды гидролиздейді.
ә) липаза триглицеридтерді глицерин және май қышқылына ыдыратады.
б) гликозидазалар көмірсулардағы глюкозидтік байланыстарды гидролиздейді. Оларға амилаза, лактаза, мальтаза және т.б. жатады.
в) протеиназалар белоктардағы, полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді:
Лиаза еселенген байланысты түзе немесе бұза отырып, түрлі атомдар тобы қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін фермент.
Изомераза изомеризация реакциясын катализдейтін фермент.
Лигаза (синтетаза) АТФ энергиясының есебінен түрлі заттардың синтезделу реакциясын шапшаңдататын фермент.
Тіршілік процестерінің қалыпты өтуі ферменттердің әрекетіне байланысты. Ферментативтік реакциялардың бұзылуы әр түрлі ауруға шалдықтырады.
Сондықтан да, кез келген ферменттің клеткадағы немесе биологиялық сұйықтардағы активтігін анықтау арқылы әр түрлі органлармен тканьдердегі өтіп жатқан өзгерістер жайында мағлұматтар алуға болады.
5 Витаминдер
Витаминдер - әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.
Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н. И. Лунин ашты. Ол тәжірибені ақ тышқандардың 2 тобына жүргізді. Бірінші топтағы тышқандарға қолдан жасалған рацион, ал екіншіге - сүт берген. Бірінші топтың тышқандары 20-30 күннің арасында өлген. Екінші топтың тышқандары тәжірибе жүргізілген 10 аптаның ішінде суығып кеткен. Тәжірибесіне сүйенген Н. И. Лунин тіршілікке өте аз мөлшерде қажетті, тағамның құрамды бөлігі болып табылатын, тағы бір әлдеқандай қосылыстардың керек екндігін анықтады.
Голландия дәрігері Х. Эйкман 1896 жылы аса таңырқалық құбылысты байқады. Ол адамдардың ұзақ уақыт бойы ақталған күріш жеуінен аса қатерлі дерт “ бери- бери” деген ауруға ұшырайтындығын анықтады. Ақталған күрішке оның кебегін қосқанда, тәжірибедегі тауық та, ауруға шалдыққан адам да сауыға бастаған. Осыны негізге алған Эйкман, күріш кебегінде зат алмасуға өте қажетті белгісіз бір зат бар деген болжам жасайды.
1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен, құрамында азоты бар, кристалды затты бөліп алып, оған витамин деген ат берді
Бұдан кейінгі кезендерде витамин мәселесін тереңірек зерттеу ісі басталды. Витаминдерге ұқсас заттар да тексерілді, химиялық аттар қойылды. Витаминдердің организмге тигізетін әсерлері анықтала бастады, сауықтыратын мөлшері тексерілді, оларды зерттеу жұмыстары үдей түсті.
Витаминдердің жетіспеуі - цивилизацияның ауруы. Бүгін де бұл құбылыстардың себептері айқындалды.
Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің көп мөлшерде жетіспеуінің салдарынан болатын организмдегі қалыптпн тыс өзгерістер, құбылыстар.
Гиповитаминоз - витаминдердің біреуінің аздаған бөлігі жетіспегенде болатын құбылыстар, өзгерістер. Әрине, гиповитаминоздың қай витаминнің жетіспеінен пайда болатынын анықтау қиынға соғады. Себебі, бұл өзгерістердің сыртқы белгілері көмескі келеді.
Поливитаминоздер организмге көптеген витаминдердің жетіс пегендігінен болатын өзгерістерді айтады.
Гипервитаминоз, егер витаминдерді үздіксіз өте көп қабылдас пйда болады. Витаминдердің азықта шектен тыс көп болуы зиян келтіреді.
5.1 Витаминдердің аталуы және жіктелуі
Витаминдерді осы уақытқа дейін латын алфавитінің үлкен әріптерімен атайды. Витаминдер жайында ілімнің даму барысында әріптік белгілеуді кеңейтіп, оған сандық белгіні қосты. Кейіннен химиялық құрылысы бойынша атау ұсынылды: тиамин, рибофлавин және т.б. Кейбір витаминдердің шартты аттары қолданылып жүр: Д – кальциферол, Н- биотин.
Аурудың өзіне тән ерекшелігі екі жолмен аталады:
а) арнайы медициналық атымен. Мысалы: рахит, скорбут.
в) латын алфавитінің әріптерімен. Мысалы: авитаминоз Д.
Авитаминоздық аурудың атының алдына “анти” қосымшасын қою арқылы атау да бар. Мысалы: антирахиттық.
Сонымен, қазіргі уақытта әріптік, тривиальды (организмге тигізетін әсерінің ерекшелігі бойынша) және химиялық аттары қолданылады.
Витаминдерді физикалық және химиялық жіктеулерге бөледі. Химиялық жіктеулер молкуласының құрылысыны негізделген (ароматтық, немесе гетероциклді және т.б. қатардағы).
Витаминдер ерігіштік белгісіне қарай екі үлкен топқа: майда және суда еритін витаминдер болып бөлінеді.
5.2 Майда еритін витаминдер
Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде ериді. Ортаның рН мәнінің өзгеруіне,жоғары температураға тұрақты. Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организмінде түзілмейді. Оған жататындар: А, Д, Е, К, Ғ.
А витамині (антиксерофталмалық витамин, ретинол)
Өзінің “А витамині” деген атын 1916 – жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А1, А2, А3 болып бөлінеді.
Химиялық құрылысы жағынан құрамында Ω- ионон сақинасы, бүйірінде төрт қос байланысты изопреннің екі қалдығы және «ОН» тобы бар спирт болып келеді.
«А» тобындағы витаминдер- түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 120º-130º - қа деін қыздыруға төзеді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады.
А - витаминінің организмге жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға әкеледі.
«А» авитаминозының ерекше белгілері.
Эпителийдің қабынып, зақымдануы. Малдың тыныс алу, ас қорыту, жыныс органдары эпителийінің қабығында патологиялық өзгерістер қалыптасады. Атап айтқанда, тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмей, бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі органдарының кілегей қабаты қабырщақтана бастайды. Осының салдарынан және май мен тері бездерінің қызметі бұзылғандықтан тері құрғақ тартып, оның беті кедір - бұдырлана бастайды. Мойын, жақ, арқа бойы және құйрық түбіндегі теріде кебек тәрізді қабыршақтар пайда болады. Өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп, оның қабынуына себепкер болады. Организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, ло фолликулярлы гиперкератоз ауруына шалдығады.
Жұлын мен орталық жүйесінің кілегей қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босаңсып, тарамыстары тартылып, сал (паралич) ауруына шалдығады.
Ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекуі нашарлайды. Жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін. Төлі кішкентай болады. Сиырлардың жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады.
Еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез, немесе ұрықтың пайда болуы бұзылады.
Тауықтың жұмыртқалау қабілеті төмендейді де жұдыртқа сары уызының түсі солғынданады.
Көздің төр қабатының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеуі салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған. Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына (концентрациясына) байланысты.
«А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеңіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң тозаңды жас жуып – шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды. Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ло қабынады, жұмсарады және онда жара (теріскен) пайда болады. Кейін осы жаранының орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көрі қабілеті төмендеп жанары зақымданады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығынан көрмей қалйы мүмкін.
Кератомаляция ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды. Көктемге қарсы мал (бұзау, кейде торай, қозы) денесінде А витмамині жетіспеуден, сондай–ақ титықтап арықтау салдарынан болатын дерт.
Азықтармен бірге түскен А витамині қарында өзгеріске ұшырамй ішекке барады, мұнда оның көбі сіңіріліп, бауырға келіп, қорға айналады. Бауырдан қанға А витамині спирт түрінде түседі. А витаминінің сіңірілуі оның баырдағы қоры мен қандағы мөлшеріне байланысты.
Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді. Түліктердің каротинді А витаминіне ауыстыру қабілеті әр түрлі. Мысалы, ірі қарада, жылқыда сіңірілген каротиннің біраз бөлігі қанның сары суында, май қоймаларында, бауырда, сүтте, ал құстарда жұмыртқада сақталады Шошқа, қой мен ешкі организмінде оның қоры жоқ Аталған түліктердің организмінде каротиннің болмауы оның толығынан А витаминіне ауысатынын көрсетеді.
А витамині жануарлар клеткалары мен тканьдеріндегі химиялық процестерге қатысады, ол белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуына тікелей қатысады. Сонымен қатар тыныс алу және энергияның алмасуына да әсер етеді.
А витамині мен микроэлементтер арасында да байланыстар бар. Мысалы, А – гиповитаминозымен ауырған бұзаулардың қанында кобальттың мөлшері азаяды.
Екінші бір мысал: А витамині мыстың катализдік активтігін реттей отырып, эпителийде үдеп кеткен қабыршақтану процесін төмендетеді.
«А» витамин қоры денсаулық сақтауға, жоғары өнім алуға, А –авитаминозымен күресуге керек. Өсімдітер, балық өнімдері, жұмыртқа, теңіз жануарларының бауыры, жануар тектес азықтар, көк шөп, сүрленген жүгері А витаминінің негізгі көзі болып табылады.
Өнеркәсіпте шығарылатын А витаминінің концентраты балықтар мен теңіз аңдарының бауыр майынан жасалады. Мұның витаминдік активтігі балық майымен салыстырғанда 400-800 есе көп.
5.2.1 Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар)
Д тобындағы витаминдердің ішінде Д2 (эргокальциферол) және Д3 (холекальциферол) витаминдері мал ауруларынан алдын ала сақтандыру немесе емдеу үшін қолданылады. Химиялық құрылысы жағынан Д витаминдері- жоғары молекулалы спирттер, циклопентанпергидрофенантрен туындысы болып келеді.
Бұл витаминдер түссіз, иіссіз, дәмсіз келеді. Майда, эфирде, спиртте, хлороформда, органикалық ерітінділерде кристалдар түрінде кездеседі. Олар 77-115º С ыстыққа ұзақ уақыт төзе алады және сілтілердің әсерінен бұзылмайды. Формалин, сутек оксиді, минералды қышқылдар витаминдердің құрамын бұзып, олардың емдік қасиеттерін жояды. Жануарлар мен өсімдік тканьдерінде физиологиялық активтігі жоқ Д провитаминдері пайда болады. Олар май тәрізді заттарға жатады. Бұл заттарда күннің күлгін сәулелері әсерінен Д витаминінің биологиялық активтігі арта түседі.
Д2 витамині күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен эргостерин провитаминінен пайда болады. Бұл құбылыс өсімдіктерде кездеседі.
Д3 витамині 7- дегидрохолестерин провитаминінен, ультракүлгін сәулесінің әсерімен, жануардың тер астындағы талшықтарында түзіледі.
Д авитаминозының белгілері:
Д витамині азықтарда болмағанда, немесе, жетіспегенде төлдерде рахит, ересек малдарда - остеомаляция, ал кәрі малдарда- остеопороз ауруларыи дамиды.
I Рахит - ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
Рахит бұрыннан белгілі. Англияда жас балалардың арасында жиі тарағандықтан оны «ағылшын ауруы» немесе «жас өспірімдер ауруы» деп атаған.
Рахит мал төлдерінің барлық түрлерінде, әсіресе торайларда, құлындарда, бұзауларда және балапандарда жиі кездеседі. Бұл ауруда төлдердің өсіп - жетілуі тежеледі, олар тәбетінен айырылады, қарны қампиады, іші өтеді, төсеніш, балшық, нәжіс сияқты қоректік қасиеті жоқ заттарға машықтанады, тістері кеш шығады, ақсайды, жүргісі келмей жатып қалады. Жүйке жүйесінің күйзеліп еліруі, діріл қағуы, денесінің сіресуі, қалшылдауы, сүйектері жұмсарып, аяқтары О немесе Х тәрізді болып қисаюы байқалады. Қанда кальций мен фосфордың, ал сүекте олардың тұздарының мөлшері тез төмендейді.
Аурудың себептері: азықта Д витаминінің олқылығы қарбалас қалқанша без қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.
II Остеомаляция сүйек жұмсаруы, басқаша – остеодистрофия ауруы. Орталық жүйке жүйесінің және оның вегетатифтік бөлімінің қызметі бұзылдықтан, мал мазасызданып, тәбеті азайып, аузының дәмі кетеді. Жануарлар айналадағы заттарды және бірін-бірі жалап, қабырғаны және ойықты кеміреді, несеп ішіп, астына төсеген сабанды және нәжісін жейді. Мал көп жатады, әзер дегенде тұрып, әрең жүреді. Бүгілген аяқтарын ұзақ уақыт жаза алмайды. Кейде олар ақсайды. Ешкілермен шошқалар бұл жағдайда бөксесін көте алмай, жорғалайды. Ересек малдың тістері босайды. Бұлшық еттері, әсіресе жүрек еттері құрысқандықтан мал өліп қалуы да мүмкін.
Д витамині ұзақ уақыт жетіспесе құйрық омыртқалар мен қабырғаларымен, жанбас және дақ сүйектерінің, артқы омыртқа өсіктерінің жұмсаруы, талша иілуі, бара-бара көкірек қанқасының табиғи қалпын жоғалтуы пайда болады. Сүйектер жиі сынғыш келеді.
III Остеопороз сүйек қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілуі процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады. Фосфор – кальций алмасуындағы тепе-тендік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен құрылысында күрделі өзгерістер туады.
Остеомаляция мен остеопороз әсіресе жоғарғы өнімді сиырлар мен шошқаларда кездеседі.
Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді.Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады, осының әсерінен олардың кеуде сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады, Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішіреіп, қабағы жұқарады.
Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остесмиляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпитіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды.
Аурудың себептері: рационда Д витаминінен басқа, кальций және фосфор тұздары мен белок жетіспеушілігі, кейбір ішкі секрециялы бездердің зақымдануы.
Организмде Д3 витамині ащы ішекте сорылады да сүйектерге, бауырға, миға, бүйрекке және басқа органдарға таралады.
Д витаминінің организмдегі атқаратын негізгі қызметі - фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеу. Д3 витамині асқазанда кальцийдің сорылуын жылдамдатады.
5.2.2 Д-авитаминозымен күрес жолдары
Шөпті сақтау мерзімі ұзарған сайын Д витаминінің мөлшері азаяды, ал сүрлемде көбейе түседі. Қыста ересек мал үшін Д витаминінің негізгі көзі ретінде пішен мен сүрлемді, ал төл үшін сүт пен уызды пайдалану керек. Пішенге күнің көзі неғұрлым көп әсер етсе, онда Д витамині соғұрлым көп болады. Сақтаған пішенде Д витаминінің мөлшері біраз азаяды. Бірақ пішен мен сүрлемге 10 минут ішінде кварц шамының сәулесімен әсер етсе, олардағы витамин мөлшері 2-5 есе көбейеді.
Д витаминініңмөлшері шөп ору мерзіміне де байланысты. Мысалы, екінші орылған шөпте біріншімен салыстырғанда Д витамин мөлшері 2-2,5 есе жоғары болады.
Д витаминдерінің активтігі халықаралық бірлікпен /ХБ/ өлшенеді. Кристалды Д3 витаминінің 0,025 мкг ХБ ретінде қабылданды. Осы витаминінің бір грамы 40 млн. ХБ-не тең.
Сиыр сүтіндегі және майындағы Д витаминінң мөлшері оның рациондағы мөлшеріне және организмдегі қорына байланысты. Мысалы, желтоқсанда сауылған 1 л сүтте 12-15 ХБ-Д витамині болса, ал қыстың аяғында сауылған сүтте оның мөлшері 6-8 ХБ-ке дейін төмендейді. Осы мезгілде жануарлар жаз кезіндегі бауыр мен теріде жиналған Д3 витаминінің қорын пайдаланады.
Қыс кезінде күн сәулесі аз болғандықтан провитамин Д витаминіне ауыса алмайды. Сондықтанда ультракүлгін сәулелерін пайдалану керек. Бұл сәулелердің әсерінен организмде фосфор көбірек жинақталады. Ұзын сәулелер теріні қызартып, қанды өзгертумен қатар мал терісінде Д3 витаминінің пайда болуына тигізеді.
Ултракүлгін сәулелердің әсерінен малдың өсуі жеделдейді, өлім-жітімі азаяды.
Күн сәулесі тиген ашытқылар, балық майы, жұмыртқасының сарысы, жазғы сүт, жануар тектес азық-түліктер /сүйек ұны және т.б./, фосфор мен кальцийдің тұздары осы витаминнің қайнар көзі болады.
Өндірісте Д2 витаминінің конценттры майлы және спиртті, ал Д3 витамині майлы ерітінді ретінді шығарылады. Майлы препараттары теріге, бұлшық етке енгізіледі.
Д3 витаминінің сүт белогы казеинмен жасанды қосындысы Д3 видеин деп аталады. Бұл препаратың 1 грамының активтігі 200 мың ХБ-ке тең. Осы препаратты құрғақ күйінде концентраттармен араласытрып немесе ыстық суда ерітіп беруге болады.
Украина Ғылым академиясының биохимия институтында видекаротин деген жаңа препарат жасалып шығарылды. Бұл Д3 витамині мен каротиннің белокты қоспасы. Бұл препараттың 1 г-да 200 мың ХБ Д3 витамині және 1,5 мг каротин болады.
Д витамині препараттарының организмге тигізетін әсері олардың енгізу әдістеріне және мөлшеріне байланысты. Балапандарға және метін торайларға жүргізілген тәжірибелер Д2 витаминін еккенен гөрі азықтармен бірге берген тиімді екенін көрсетті. Ал сиырларға Д витаминін тері астына егу басқа әдістермен салыстырғанда әлдеқайда әсері. Неғұрлым препарат сирек енгізілсе, соғұрлым оның мөлшері көбірек болуы тиіс. Ал көп мөлшерде берсе, ол организмді уландырыпжіберуі ықтимал.
Д витаминінің малға қажеттілігі рационды кальций мен фосфор шамасына байланысты. Мысалы, сауын сиырдың рационында кальцийдің фосфорға қатынасы 2 немесе 1,5:1 болуы керек.
5.2.3 Е витамині (токоферолдар)
Е витаминінң биологиялық мәнін 1922 жылы Эванс пен Бишоп тексерді. Кейінгі жылдары бидай ұрығының майынан таза түрінде активті заттар бөлініп шығарылды. Артынан жасанды түрі де пайда болды. Бұл заттар Е витамині немесе токоферол (грек “тұқым қуғылағыш”) деп аталады.
Химиялық тұрғыдан барплық токоферолдар екі циклды, бір атомдық фенолдарға жатады. Қазіргі кезде токоферолдардың 7 түрі белгілі. Оптикалық активтігі жағынан α-токоферол ерекше орын алады.
Е витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Токоферолдар бензолда, бензинде, хлороформда, ацетонда және басқа органикалық заттарда да ериді, қыздыруға айтарлықтай тұрақты.
5.2.4 Е авитаминозының белгілері
Токоферолдың ұзақ уақыт жетіспеуі аталық малдың енін аздырып, ұрықтандыру қабілетін жояды. Тауықтардың, күрке тауықтардың қаз бен үйрек жұмыртқалырының ұрықтануымен балапан шығару төмендейді.
Е витамин жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен жүйке тканьдерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады. Зақымданған қозылар мен бұзаулар аяғынан, жүрегін және тыныс алу органдарының еттері семіп қалады. Бұл індетті ақбұлшықет ауруы дейді. Селен микроэлементі жетіспегенде де осындай өзгерістер қой мен шошқа шаруашылығында кездеседі. Мұндай ауру қояндарда, тышқандарда, тышқандарда, иттерде және теңіз шошқаларында де кездеседі.
Е витамині мен селеннің арасында тығыз байланыс бер.
Токоферолдың жетіспеуі қан тамырларының өткізушілігін жоғарлатып, тканьдерді ісіндіріп, оларда қанның құйылуына себеп болады. Рационда селен жетіспегенде де осындай өзгерістер балапандарда жиі кездеседі.Е витамині жетіспесе, құс денесіндегі майлар сарғаяды немесе қоңырланады.
А және Е витаминдерінің бір-біріне қатысы бар. А витамині алкоголінің молшылығы клетка қабының тұрақтылығын төмендетіп, клетка ішіндегі органелдердің бүлдіреді. Токоферол осы айтылған өзгерістердің алдын алады. Сонымен А және Е витаминдері клетка қабының өзтігіштігін реттеуге қатысады. Токоферолмен қамтамасыз етілген жануарлар А витаминін жақсы сіңірумен қатар бауырында және басқа да органдарында осы затты жинайды.
Жануарлардың өздеріне немесе қандарында Е витаминін енгізу қанның қызыл түйіршіктері қабының тұрақтылығын жоғарлатады.
Е витамині ішекте де, негізінен майлы тканьдарда, ал шамалы мөлшерде бауырда жинақталады.
Ауыл шаруашылығында Е витамині малдың әсіресе құстардың өнімділігін арттыруда қолданылады. Е витамині көптеген қызмет атқару үшін селен мен құрамында күкірт бар амин қышқылдарықажет. Токоферолдың жетіспеуін тудыратын және күшейтетін заттар ретіндешексіз май қышқылдарын айтқан жөн. Азықтарда қанықтырылмаған май қышқылдары мен майлардың болуы малдың ішінде Е витаминін бұзып, токоферолдың биологиялық активтігін төмендетеді.
Табиғатта токоферол өсімдіктер мен өсімдік тектес азықтарда қоспа түрінде кездеседі. Сүрлем құрамында токоферолдар 4-6 ай бойы өз қасиеттерін жоғалтпайды. А және Д витаминдеріне бай балық майында токоферолдар мүлде болмайды. Организмде Е витамині мол - гипофиз бен плаценті.
5.2.5 К витамині (филлохинондар)
Шөп пен астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморралиялық ауруға ұшырайтыны 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. 1942 ж. А.В. Палладин және М.М.Шемякин К витаминінің суда еритін викасол атты жасанды түрін бөліп шығарды. Кейіннен К витаминінің сүтқоректілерге де керек екені анықталды. Олар К витаминге деген қажеттілікті ішектегі микроорганизмдердің түзуі арқасында және негізгі азықтар арұқылы қамтамасыз етеді.
К витамині өсімдіктер пигменті хинондар тобына жатады. Оның табиғи және жасанды бірнеше түрлері (К1, К2,К3) белгілі.
Химиялық құрамына жағынан бүйірлік тізбегі изопреннен тұратын нафтохинонның туындысы болып келеді.
5.2.6 К авитаминозының белгілері
К витамині жетіспегенде қан тамырынң қабырғасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады.Себебі, К витамині қанның қалыпты жағдайда ұюына қажет. Ол осы құбылысқа керекті проторбин мен тромботропиннің бауырда түзілуіне әсер етеді. К авитаминозы кезінде протомбиннің ұюы баяулайды.
Қан ұюына керекті негізгі компоненттер пайда болуы үшінК витамині бауыр леткаларында жағдай жасайды.
К витамині жетпегенде, протропиннің жіне басқа заттарының мөлшері азаяды да бұлшық еттеріне және аяқтарын қан құйылып, барлық денесі боқарып, еттің қабыршақ қабаты сыпырылады.
Сүтқоректілерде К авитаминозы байқалмайды. Оның себебі бұл витамин организмде ұлтабар мен ішектегі микроорганизмдер арқылы түзілед.
К витамині жетіспегенде организмдегі тыныс алу және фосфорлану процестері тежеледі.
АТФ- бұлшықеттердің жиырылуына керекті зат. Сондықтан К витамині жетіспесе, бұлшықеттерде АТФ-нің мөлшері азайып қана қоймай тегіс бұлшықеттердің қызметі нашарлап, көптеген ферменттердің активтігі төмендейді.
К витамині организмге азықтармен бірге еніп, ішек бактерилары әрекетінің арқасында түзіледі. Оның сорылуы үшін ішектерге ет тұздары бүлінуі керек, ал азықтарда май болуы қажет. Ішектің қалыпты қызметі бұзылғанда К витаминіні сорылуы нашарлайды.
К витаминінің антигеморагиялық (грек. hamerrgagio-қан,rhegnymi-жарамын) активтігі жоғары.
К витамині көк шөпте, пішенде және сурлемде болады.Әсіресе көк беде, шақпа шөп, жақсы пішен, сүрлем, капуста жапырағы және азықтық капустада мөлшері көп. Жануар тектес азықтарда К витамині аз кездеседе
5.2.7 F витамині
Линоль қышқылы жетіспегенде холестерин жөнді ерімейтін эфирлер ретінде бауырда және қан тамырларыныңқабырғаларында қабаттанып, атеросклероз ауруына шалдықтырады.
F витаминінің зат алмасудағымаңызы өте зор. Ол қан тамырларының жұмсақтығын артырып, олардың нәзіктігін, өткізгіштігін төмендетеді. Қалқаншабездің шамадан тыс қызметі салдарынан болатын улануды азайтып, организмнің жұқпалы індетке қарсы тұруын күшейтіп, фосфотиттермен бірге қатерлі ісіктің пайда болуына қарсы тұрады. Май қышқылдары мен фосфотиттер қан тамырларының жұмсақтығын төмендететін холестерин алмасуын реттейді.
5.3 Суда еритін витаминдер (В тобындағы витаминдер)
Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5 (РР), В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады.
В тобындағы витаминдер- уда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдержәне олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетсіпесе, организмдегі биохимиялық реакциялар бұзылып, алуан түрлі патологиялық процестер пайда болады. Терінің қабынуы, жүйке жүйесі қызметін бұзылуы салдарынан қурысу мен жансыздану, көзбен ішек-қарын ауруы, төлдің баяу өсуі, ұрғашы малдың нашар ұрықтануы, туатын төлдердің әлсіздігі, қанының Сары суында антиденелердің пайда болуы азаыйп организмнің қорғанушылық қасиеттері төмендеу сияқты өзгерістер кездеседі.
Белоктың мөлшері азайып, сапасы төмендеген жағдайда жануарларда В тобындағы витаминдер жетіспейді.Екінші жағынан рибофлавиннің, холиннің, пиридоксиннің, никотін қышқылының, кобаламиннің жетіспеу белок алмасуын бұзады.
В тобындағы витиминді өсімдіктер, ашытқы клеткалары және әр түрлі микроорганизмдер, соның ішінде әсіресе бір камералы қарынды малдың ішек бактериялары түзеді. Жануарлар клеткаларымен тканьдерінің мұндай қабілеті жоқ.
Күйіс қайыратын малдың асқазанында,негізінен тас қарында, микроорганизмдер әрекетінің арқасында В тобындағы витаминдер пайда болады. Сондықтан олар бұл витаминдерді азық арқылы еегізілуін қажет етпейді. Тек күйіс қайыратын мал төлдерін алғашқы айларында, тас қарындағы микрофлора жетіспеген кезде міндетті түрде оларды азыққа және сүтке қосып беру керек.
Бір қарынды жануарларды (жылқы) микроорганизмдер тоқ, тік соқыр ішекте болады. Бұларда В тобындағы витаминдер аз түзіледі және нашар сіңіріледі.
Сондықтан аталған түліктер В тобындағы витаминдердің азықтарында көп болуын қажет етеді.
6 Сүт безі және сүттің биохимиясы
6.1 Жалпы сипаттамасы
Сүт безі сүт қоректілердің ең маңызды органы. Сүт безін желін деп те атайды. Мысалы, сиырдың желіні өз алдына 4 сүт безінен тұрады. Әр сүт безі бөлімдерге бөлінген. Сиырда олардың саны – 5-20. Бөлімдер бөлімшелерден тұрады. Сүт альвеоларда түзіледі. Альвеоладан сүт үлкен шығару тармақтары арқылы сүт торсығына жиналады да, ал одан ему каналымен сыртқы ортаға шығады.
Желінде сүт түзіліп, жиналуын, оның сауған кезде не төл емген кезде сыртқа шығуын белгілеу үшін қолданылатын физиологиялық және биохимиялық процесті лактация деп атады. Сүт безі сауын маусымы, яғни төлдеген сәттен суалғаны дейінгі уақыт кезінде қызмет жасайды. Сауын маусымы сиыр – 300 күн, биеде – 9 ай, саулықта (қойда) - 4-5 ай, ініенд (түйе) - 300 күн. Суала кезеңі сиырда – бұзаулауға 1,5 – 2 қалғанда басталады.
6.2 Сүттің физикалық – химиялық қасиеттері
Сүт – адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген секілді. Келе-келе біздің ата-бабаларымыз сүтті рәсуә етпей сақтау жағын да ойластырған. Осы жағдайға байланысты сүт ашытып-сусын, қайнатып-құрт, ірімшік, т.б. тағамдар дайындаған.
Сүт – басқа ешқандай азық – түлік тең келмейтін өте бағалы тағамдық өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 проценті сіңеді. Сүт, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі.
Сүттің тағы бір қасиеті-түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді.
Тағамдық өнімдердің бәрімен салыстырғанда сүттің экономикалық сипаты мүлде өзгеше. Басқаша айтқанда, оның артықшылығы көп. Мысалы, 1 килограмм сүт сауу үшін 1,4 азық өлшемі жұмсалады. Ал енді 8,5 азық өлшемін жұмсап 1 килограмм шошқа етін, 9,5 азық өлшемін жұмсап 1 килограмм сиыр етін өндіреді екенбіз.
Жаңа сауылған сүттің дәмі жағымды, аздап тәтті, түсі ақшыл сары. Әрбір малдың сүтінің өзіне тән иісі бар. Оны жабық тұрған ыдысты ашқан уақытта сезуге болады. Консистенциясы (қоймалжыңы) бірқалыпты сұйық болады.
6.3 Сүттің химиялық құрамы
Б. Барақбаевтың (1989) деректері бойынша берілген мал сүтінің химиялық құрамына назар аударып көрейек.
Кесте 2 - Мал сүтінің құрамы
Мал түлігі
|
Су
|
Құр-ғақзат
|
Май-лылығы
|
Бело-
гы
|
Лактоза
|
Тұздар
|
Сиыр сүті
|
88,0
|
12,5
|
3,8
|
3,3
|
4,7
|
0,7
|
Бие сүті
|
90,3
|
10,3
|
1,25
|
2,15
|
6,5
|
0,4
|
Ешкі сүті
|
86,9
|
13,4
|
4,4
|
3,6
|
4,9
|
0,8
|
Қой сүті
|
83,6
|
18,2
|
6,7
|
6,3
|
4,3
|
0,9
|
Түйе сүті
|
80,5
|
13,6
|
4,5
|
3,6
|
5,10
|
0,7
|
Судың массалық үлесі сиыр сүтінде 86%. Су барлық органдардың құрамына кіріп, онда әр түрлі қызмет атқарады.
Сүт белогы. Сүттің негізгі белогына казейн фосфопротейді жатады. Сүтте казейн казеинат құрады. Казеинат деп кальций фосфаттың жиынтығын айтады. Казеин май тамшылары қабығының құрамына кіреді. Оның молекулалық массасы – 19-100 мың.
Α - лактоальбуминнің молекулалық массасы 14437, қыздырғанда, тұрақты, лактозаның галактоза мен глюкозадан биологиялық түзілуіне қатысады. Молекулалық массасы 36 мың. Кристалдары суда ерімейді.
Глобулиндер ең жоғары молекулалық массасы ие (150 мың – 1 млн). Организмде сүт белогы 100%дейін барады. Сүт белогының толық бағалылығы оның құрамындағы амин қышқылдары мен алмастыруға келмейтін амин қышқылдарының қажетті мөлшерде үндесуінде жатыр. Мысалы, метионин мен триптофан қанның құрылуына, өттің жеке шығуына көмектесіп, бауырдың майлануына жол бермейді.
Сүт қанты лактоза деп аталады, глюкоза мен галактозадан тұрады. Ол қызылша қантынан тәтті болмайды. Организмде лактоза глюкоза мен галактозаға ажырап, энергия көзі ретінде қызмет атқарады. Сүт қантының сүттің құрамындағы мөлшері – 4,7%.
Микроорганизмдердің әсерімен сүт қанты ашиды, сол кезде әр түрлі қышқылдар (сүт қышқылы, май, пропион қышқылдары), спирттер (этил, бутил, т.б.) және күкірт қышқылы газдары пайда болады. Микроорганизмдердің түріне қарай сүт қышқылын, спирт қышқылын, пропион қышқылын және май қышқылын түзе ашиды.
Сүттің сүт қышқылын түзіп, ашуы әр түрлі ірімшіктер, айран, сүзбе т.б. өнімдер дайындағанда пайдаланылады.
Сүт майы. Сүт майы әр түрлі май қышқылдары мен глицериннен тұрады. Липидтердің негізінен триглицеридтер құрайды. Сондай-ақ сүт майының құрамында қаныққан және қанықпаған май қышқылдары бар. Сиыр сүтінің майында басқа мал майына қарағанда төменгі молекулалық /май, капрон, лаурил, каприл/ май қышқылдары көп кездеседі. Бұлар сары майға жағымды иіс беріп, тамақтың маңызын арттырады. Сүт майындағы ауыспайтын – линол, линел, арахидон май қышқылдары организмде түзілмей, тек қана сүт тағамдарымен келеді. Арахидон май қышқылы простогландиннің организмдегі құрылуына көмек етеді, ал простагландин қан қысымының төмендеуіне, жүйке жүйесінің, жыныс органдары қызметінің дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі.
Сүт тағамдарын жасауда жоғары молекулалы (стеарин, т.б.) май қышқылдары сары майдың құрамында көп болса, онда майдың консистенциясы қатты, ал төменгі молекулалық май қышқылдары көп болса, онда майдың консистенциясы жұмсақ болады.
Витаминдер. Сиыр майында А,С, В1, В2, В3, В12, Д, Е, F және т.б. витаминдер көп кездеседі. Сүтті витаминдермен байыту үшін, малға витамині көп азықтар береді. Биологиялық жолмен де байытады, яғни сүтке микробтарды енгізу арқылы.
Пигменттер. Сүтте каротиндер (жазда – 0,3-0,6 мг/кг, қыста – 0,05-0,2 мг/кг), лактофлавин, хлорофилл пигменттері болады. Сүттің түсі де осыларға байланысты.
Газдар. Сүтте 50-70% СО2 , 20-30 % Азот және 20-30% О2 газдары кездеседі.
Сүттің минералдық құрамы. Сүтте адам организміне жететін барлық минералдық заттар бар. Олардың мөлшері 0,7-1 % аралығында жатыр. Сиыр сүтіндегі минералдық заттардың мөлшері төмендегідей (іл сүтке г есебімен):
хлоридтер - 2,01;
фосфаттар - 3,32;
цитраттар - 3,21;
натрий гидрокарбонаттары - 0,25;
натрий сульфаты - 0,18.
Сүттің құрамындағы кальций мен фосфор жас төлдер суйектерінің өсуіне, олардың тістердің қатаюына мүмкіндік береді.
Организмдегі барлық биохимиялық процестерге қатысатын микроэлементтердің көбі сүттің құрамында болады. Олар: темір, мыс, мырыш, иод, марганец, молибден және т.б.
6.4 Сүттің құрамды бөліктерінің пайда болуы
Сиыр сүті оның құрамындағы заттардың желін безінің ішіндегі зат алмасу кезіндегі процестер негізінде бөлінеді. Желін безінде сүт үздіксіз пайда бола береді (Г. Кильваин, 1980; А. Г. Тараненко, 1987 т.б.). Сүттің құрамындағы заттар қанның альветацарға келіп, қандағы ұқсас заттардан пайда болады. Іл сүт пайда болу үшін желін безі арқылы 300-400 л қан өту керек.
Г. Кильваинның келтірген мәліметі бойынша, желін безінде сүт пайда болу үшін, 5 сатыдан өтуге тиіс екен. Олар:
нәрлі заттардың түсуі;
сүт құрамындағы заттардың пайда болуы (синтез);
сүт құрамындағы заттардың жиналуы;
сүттің құрамындағы заттардың альвеола-аралық қуысқа шығуы;
сүт құрамындағы заттардың қан құрамынан альвеола қуысына шығуы;
сүт құрамындағы заттардың кейбіреуі сүт бездерінде пайда болады, кейбіреулері қанның өзінен тікелей түседі. Көптеген ғылыми зерттеулердің деректеріне сүйенсек, белоктың негізі сүт безінде қаннан келген бос амин қышқылдарынан түзіледі екен. Олар казеин, α- лакталобулин, β- лакталобулин, сонымен қатар иммундық глобулин – қан сарысуының альбумині қаннан тікелей сүтке түседі.
Альвеола клеткаларында пайда болған сүт - сүт безінің кең жерлерінде жиналып, төл емгенде, немесе сауған кезде сыртқа шығады.
Сүттің пайда болуы мен бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Желінді уқалаған кезде, төл емгенде, сауғанда сүт бездері жүйке жүйесін қоздырып, сүтті сыртқа шығаруға дайындайды. Сүт бездерін инервациялайтын жүйке жүйесі хабарын жұлын арқылы ортаңғы миға – гипоталамусқа жеткізеді. Одан гипофиздің артқы бөлігіне береді. Гипоталамуста окситоцин гормоны пайда болып гипофиздің артқы бөлігінде жиналып, содан кейін қанға түседі. Қанға түскен окситоцин гормоны альвеола қысылады да, сүт жолдары кеңіп, онда сүт жинала бастайды. Сауған кезде 7-10 минуттың ішінде окситоцин гормонының әрекеті сүттің бөлінуіне мүмкіндік береді.
Белоктардың амин қышқылдарынан түзілуі сүт безінде әдеттегідей өтеді.
Лактоза тікелей сүт безінде түзіледі. Глюкоза қандағы қалдық сірке қышқылы мен аминсізденген амин қышқылдарынан, сүт қанты негізінен қандағы глюкозадан түзілетінін, ал галактоза глюкозаның алмасуы арқылы пайда болады.
Лактозаның түзілуі бірнеше кезеңнен тұрады:
глюкозаның фосфоглюкокиназаның әсерімен фосфорланады; Глюкоза + АТФ – Глюкоза-І- фосфат + АДФ.
глюкоза-І- фосфат УТФ –мен әрекеттеседі: УТФ + Глюкоза-І- фосфат – УДФГ + Н4Р2О7.
УДФГ УДФ глюкоза – этемераза ферментінің әсерімен УДФ – галактозаға айналады.
УДФ – галактозадан лактозосинтетазаның қатысуымен лактоза түзіледі: УДФ – галактоза + Глюкоза-І- фосфат - Лактоза-І- фосфат +УДФ.
лактоза-І- фосфат – Лактоза + Н3РО4 УДФ + АТФ - АДФ + УТФ.
Cүт майы қаннан тікелей түспейді, болмаса азықпен келетін майдан пайда болмайды. Ондағы май қышқылдарынан, әсіресе, сірке қышқылы, β-гидрооксид майы, құмырсқа, пропион қышқылдарынан, майдағы глицерин, қандағы глюкозадан түзіледі.
Липидтердің түзілуі екі процестен тұрады:
май қышқылдарының және глицериннің пайда болуы.
триглицеридтің пайда болуы.
Лабораториялық жұмысы
1 Зертханалық жұмыс №1 тақырып. Ақуыздар қасиеті
1.1 Жұмыс мақсаты: ақуыздар қасиетін білу
Биурет реакциясы. Мыс тұздарымен, жеке сілтілермен ақуыз күлгін түске боялады. Бұл реакция пиптидтібайланысы бар заттарға тән.
Ксантопротеиндік реакциясы. Азот қышқылымен ақуыздар сары түске боялады, оған аммикпен әсер еткенде қызғылт сары түске өтеді.Бұл реакция кезінде ароматтыамин қышқылы белоктарда болатын ароматты сақинаны нитрлей жүреді.
Миллон реакциясы. Азот қышқылындағы сынап нитратының ерітіндісімен белоктар қызыл түске боялады. Бұл реакция фенол тобының барлығына байланысты:
күкіртке реакция;
Баллас пен Подобедов реакциясы;
ақуыздың тұнба түзу реакциясы;
бейтарап тұздармен ақуыздарды;
органкалық ерітінділерімен тұндыру;
ауыр металлдар тұздарымен ақуыздарды тұндыру.
1.2 Биурет реакциясы
Пробиркаға шамамен 1 мл ақуыз ерітіндісін, 2 мл 10% қышқыл ерітіндісін және 1% мыс купоросын құямыз. Көкшіл түмтің болуы ақуыздың барын көрсетеді.Бұл реакциясы ақуыздың тұнба түзуіне (трипептид және жоғары молекулалы қосылыстар) және Биуретте болады (H2 N-CO-NH-CO). Дипиптидтер бұл реакцияны бермейді. Себебі олар екі пиптидті топты –СО-NH қосылыстан тұрады.
1.3 Ксантопротеинді реакция
Шамамен 1 мл ақуыз ерітіндісіне бірнеше тамшы концнтрлі азот қышқылын қосамыз. Түзілген тұнба қыздыру кезінде сары түс береді.Бұл реакция ақуызға тән. Ақуыз молекуласында бензолды ядромен аминқышқылы болады: тирозин,фенилаланин, триптофан.
Азот қышқылының әсерінен бензолды ядроның нитраттануы жүреді, сары түсті беретін нитроқосылыстар түзіледі.
Ксантопротеинді реакциясы барлық ақуыздар мен ыдырау кезінде п.б. азық-түліктер береді. Протамин тобынан кейбір ақуыздардан басқа аталып өтілген аминқышқылдар кіреді.
1.4 Миллон реакциясы
Ақуыз ерітіндісі Миллон реактивінің бірнеше тамшысымен қыздырғанда, бастапқы кездегі түскен тұнба қызыл түске боялады.
Миллон реактивінің құрамында азотты және азотты сынап ашытқысы болады. Ол қызыл түсті фенолдар мен сфнапты қосындылар береді. Осыф реактив ақуызбен әрекеттеседі. Молекулада фенол ядросы бар ақуыз тирозины болса, реакция оң нәтиже береді. Осы реакцияны кейбір провитаминдердегі басқа барлық ақуыздар беруі мүмкін. Миллон реактивін дайындау үшін:
1.Бөлік металдық сынап пен екі бөліп концентрлі азот қышқылын сулы моншада қыздырады (тығыздығы 1,42). Оған 2 % KNO2 ерітіндісін қосады.
1.4.1 Күкіртке реакция
Ақуыз ерітіндісіне бірдей көлемде қорғасынды сірке қышқылын қосады да, оны қайнатады. Осы кезде ерітінді қараяды, кейде қара тұнба п.б.
Осы реакцияны аминқышқылдары береді. Олардың құрамында күкірт болады: цистин,цистеин,метионин қара тұнба немесе күкірт қоңыр түстің пайда болуы ақуыздағы күкіртті бөліп алғанда күкіртті қорғасынның бөлінуі.
Сірке қышқылды қорғасынның сілтісі ерітіндісін дайындау үшін пробиркадағы 5% сірке қышқылының қорғасынды ерітіндісіне 5% күйдіргіш натрдың ерітіндісін тұнба жоғалғанша қосамыз.
1.4.2 Баллас пен Подобедов реакциясы
1 мл ақуыз ерітіндісіне ақырын пробирка қабырғаларымен 15% 2-нафтол мен концентрлі күкірт қышқылының спирттік ерітіндісінен 2 тамшы құямыз. Сұйықтықтарда бір-біріне қоспауға тырысамыз. Екі қабаттың шекарасында пайда болған көкшіл сақина ақуыз молекуласында көмір тобының барын көрсетеді.
Бұл реакцияны түкірік (слюна) ерітіндісімен де жалауға болады. Себебі, оның құрамында гликопротеинді муцин бар
1.4.3 Ақуыздың тұнба түзу реакциясы. Нейтралды тұздармен тұздау
Ақуыздың тұнба түзуі оған нейтралды тұздарды қосумен түсіндіріледі.
Ақуыздардың тұнбаға түсуі-ерудің қарама-қарсы белгісі, сондықтан ақырын еритін ақуыздар тез тұнбаға түседі. Нейтралды тұздар арқылы әр түрлі тұнбаға түсу белгісінен глобулиннен альбуминді айыруға болады. Тұнбаға түсу салдарынан қанның плазмасындағы ақуыздарды оңай ажыратуға болады: фибриноген, альбумин сарысуы және глобумин сарысуы.
Ақуызды тұнбаға түсіру үшін нейтрал тұз қатарын көбінесе хлорлы магний, күкіртті қышқыл аммоний қолданылады.
Ақуыздардың нейтралды тұздармен тұздалуын-қайтымды процесс, белоктардағы тұздың концентрациясын азайқан кезде ақуыздағы тұнбалар қайтадан ерітіндіге айналады. Белоктарды нейтралды тұздар арқылы тұнбаға түсіргенде денатурация болады, яғни өзінің табиғи қасиеті айтарлықтай өзгермейді.
Белоктардың тұнбасы әр түрлі құрылысында болады.
Ақуыздың 5 мл ерітіндісіне дәл осындай көлемде күкіртті қышқыл аммониін қосамыз. Тұнбаға түскен глобуминді фильтрлейді. Фильтрде қалған альбуминді күкіртті қышқыл аммониймен ерітінді алынғанша қосады. Шыққан ерітіндіні жақсылап шайқаймыз. Осы ерітіндінің түбінде қалған тұнба альбумин болып табылады.
Ақуыздың 5 мл ерітіндісіне сол сияқты көлемде кристалды натрий қосамыз. Тұнбаға түскен қалдықты фильтлеп және ерітіндіге 1% сірке қышқылының бірнеше тамшысын тамызамыз. Әлсіз қышқыл ортада тұнбаға альбумин түседі. Альбуминнің тұнбаға түсуіне тұз салу жеткіліксіз, сонымен қатар электрлік разрядты алу керек.
Жұмыртқа ақуызының 1 көлеміне 5 көлемді су қосып, араластырамыз; бұның салдарынан глобумин тұнбаға түседі. Осы ерітіндіге аз-аздан күкіртті қышқыл аммонийін қоссақ, глобумин ерітіндіге айналады. Егер осы ерітіндіге күкірт қышқыл аммонийін қоса берсек ерітіндіде қайтадан глобумин тұнба болып түседі. Тұздардың концентрациясына байланысты глобумин ерітінді түрде немесе тұнба түрінде көрінеді.
Тауық жұмыртқасынан глобуминдер ерітінді ретінді болады, өйткені олардың ақуыздарында тұз бар.
1.4.4 Органикалық ерітіндідегі тұнба
Ақуыздар спирт, эфир, ацетон және т.б. заттармен тұнбаға түседі. Спирт ақуыздан суды өзіне тартып алады, соның салдарынан тұнба пайда болады. Аз мөлшердегі тұздың өзі ақуызды тұнбаға түсіреді.
Спирт арқылы жүрген реакция қайтымды болуы мүмкін, егер онда спирт біраз уақыттан соң ұшып кетеді. Сосын ақуыздар денатурацияланады да тұз ерітіндісінде ерімей қояды ол альбумин суда.
Тұзды ерітіндісінің ақуызының 1 мл-не, 5-6 мл этил спиртін қосып шайқаймыз. Түскен тұнбаға спиртті суды қоссақ қайтадан ыдырайды.
Тұзды ерітіндісінің ақуызының 3 мл-на 5-6 мл ацетон қосып жақсылап шайқаймыз. Ақуызда тұнба пайда болады.
1.4.5 Ауыр металл тұздарының ақуызының тұнбасы
Ақуыздың ерітіндісінің тұнбасы ауыр металл тұздары арқылы түседі. Мысалы: мыс, темір, қорғасын, күміс. Ақуыздың қасиеті ол улы металдарды ыдыратады (уланған кезде сүт, жұмыртқа береді).
Ақуыздардың ауыр металды тұзынан тұнба түсірсе ол қайтымсыз реакция болады.
Ақуыз ерітіндісінің 3 мл-не 1% күкіртті қышқыл ерітіндісін тамшылатамыз; түскен тұнба араластыру кезінде еріп кетеді.
Ақуыз ерітіндісіне 3 мл-не 10% күмістің азотты қышқыл ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызамыз, араластыру кезінде тұнбе ерітіндіге айналмайды.
Әдебиеттер
Негізгі
Алмашев Б.К. Физикалық және коллоидтық химия практикумы. ‑ Алматы «Мектеп», 1985. – 160 б.
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: «Ана тілі», 1993. – 27 б.
Крылова Н.Н., Лясковская Ю.Н. Биохимия мяса и мясопродуктов. ‑ М. : Пищевая промышленность, 1968. – 350 с.
Павловский П.Е., Пальмин В.В. Биохимия мяса и мясопродуктов. ‑ М. : Пищевая промышленность, 1963. – 320 с.
Қосымша
Збарский Б.И., Иванов, И.И., Мордашов С.Р. Биологическая химия. ‑ М. : Медгиз, 1972. – 230 с.
Кононский А.И. Биохимия животных. ‑ Киев: «Вища школа», 1984. – 320 с.
Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных животных. ‑ М. : «Колос», 1984. – 274 с.
Чечеткин А.В. Биохимия животных. ‑ М. : «Высшая школа», 1982. – 280 с.
Мазмұны
|
Кіріспе
|
3
|
1
|
Белоктар
|
5
|
2
|
Липидтердің биохимиясы
|
22
|
3
|
Нуклеин қышқылдарының биохимиясы
|
31
|
4
|
Ферменттер
|
39
|
5
|
Витаминдер
|
52
|
6
|
Сүт безі және сүттің биохимиясы
|
64
|
|
Лабораториялық жұмысы
|
69
|
|
Әдебиеттер
|
73
|
Достарыңызбен бөлісу: |