Қазыбек би қалыптасқан тарихи жағдайға өз бағасын дұрыс бере отырып, қазақ халқын ынтымақ пен бірлікке, руаралық дауларды тоқтатуға, жоңғар, орыс, өзбек халықтарымен достық қарым-қатынастарды орнатуға шақырып жүрген. Әділдік пен алғырлыр — оның би қызметіне тән болған белгілер. Ол өмір бойы өз халқының қамын ойлап жүрген. Әркезде әділ билігін айтып отырған. Халық ауыз әдебиетінде Қазыбек бидің нақыл сөздері өте көп сақталған.

Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан.Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген.
Қазыбек би шапаны.
Қазыбек би шапаны.
Тұрсынкүл шебер би бабамыздан жеткен құнды жәдігерді қалпына келтіру сәтінде орын алған тосын жайттар хақында тылсымнан суыртпақтап сыр тарқат
Қазыбек бидің шапаны Ұлттық музейдің Тарих залында тұр. Жәдігерді бидің жетінші ұрпағы Алтын Қожахметов 2008 жылы Президенттік мәдениет орталығына өткізген. Парша матадан тігілген шапанға алтын, күміс, мыс жіптерден «құмыра», «құс қанаты», жұлдызша, өсімдік тектес өрнектер жүргізіліпті. Шапанның жалпы ұзындығы – 135 см, жеңінің ұзындығы – 70 см. 1665-1765 жылдар аралығында өмір сүрген Қаздауысты Қазыбек бидің зерлі шапаны біз көрген шапандарға мүлде ұқсамайды. Түсі де ерекше. Үш ғасырға жуық сақталған