Қазына Капитал Менеджмент



Pdf көрінісі
бет2/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк
қыз сыны (2), Қазақстанның индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы, Химия пәнінен тест тапсырмалары жинағы (1)
 



Кіріспе
"Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚКМ, Қоғам) "Қазына 
Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға арналған даму 
стратегиясын (бұдан әрі - Даму стратегиясы) жаңа редакцияда ұсынады. 
ҚКМ - бұл ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу, Қазақстанда тікелей 
инвестициялар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, экономиканың басым 
секторларына шетелдік инвестицияларды тарту, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалану, 
тікелей инвестициялар нарығында инновациялық білім мен технологиялар трансферті үшін 
2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры (private equity). ҚКМ 
халықаралық институционалдық инвесторлармен бірлесіп тікелей инвестициялар қорларын 
тиімді басқарады. ҚКМ қатысатын қорлар әрі қарай өсу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру 
мақсатында экономиканың түрлі секторларындағы компанияларға капитал береді. 
ҚКМ Даму стратегиясы жаңа редакцияда 2020 жылы Қоғамның Директорлар кеңесінің 
2017 жылғы 8 қыркүйектегі шешімімен (№120 хаттама) бекітілген "Қазына Капитал 
Менеджмент" акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға арналған қолданыстағы даму 
стратегиясының негізінде, сондай-ақ халықаралық кеңістіктегі және ел ішіндегі экономикалық 
және нарықтық конъюнктураның соңғы өзгерістерімен негізделген Қоғам қызметінің 
бағыттарын, қоғам ұсынатын қолдау бағдарламалары мен қаржы құралдарын қайта 
қарау/нақтылау қажеттілігіне байланысты әзірленді. 
Жаңа редакциядағы ҚКМ Даму стратегиясы әлемдік және қазақстандық тікелей 
инвестициялар нарықтарында, сондай-ақ венчурлік қаржыландыру нарықтарында, стресті 
активтер мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (бұдан әрі - МЖӘ) инфрақұрылымдық 
жобаларында қалыптасқан трендтерді ескере отырып әзірленді. 
Бұл ретте, төменде көрсетілген өзгерістерге байланысты, ҚКМ қызметінің стратегиялық 
бағыттарын өзектілендіру және қызметтің стратегиялық түйінді көрсеткіштерін (бұдан әрі – 
ҚТК) өзектілендіру қажеттілігі туындады: 
1) экономиканың басым секторларының тізімін кеңейту, атап айтқанда "ҚазАгро" Ұлттық 
басқарушы холдингі" АҚ-ның "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға (бұдан әрі - 
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Холдинг) қосылуына байланысты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - 
АӨК) салаларымен толықтыру; 
2) 
"Kazakhstan 
Project 
Preparation 
Fund" 
ЖШС 
қатысу 
үлесін 
және
"QazTech Ventures" АҚ акциялар пакетін Қоғамға беру; 
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 849 қаулысымен 
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға 
арналған өзектілендірілген даму стратегиясын бекіту. 
Осыған байланысты, ҚКМ Даму стратегиясын өзектендіру/қайта қарау қорытындысы 
бойынша 7 стратегиялық ҚТК-дан 3 стратегиялық бағыт бойынша тізбе жасалды: 
1) Қазақстанда ТИ нарығы және ұлттық экономиканы ілгерілету және дамыту
2) ҚКМ инвестициялық портфелін ұлғайту; 
3) ұйымның өнімділігін арттыру. 
Даму стратегиясында айқындалған Қоғамның стратегиялық ҚТК-ні орындау 2023 жылға 
жоспарланған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет