Қазына Капитал Менеджмент


Диаграмма 24: Секторлар бойынша венчурлік қаржыландыру үрдістері (2013-2021 жж.)



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк

Диаграмма 24: Секторлар бойынша венчурлік қаржыландыру үрдістері (2013-2021 жж.)
 
Дереккөзі: Venture Pulse, Q1'21 KPMG 
Бүгінгі таңда жобаларға венчурлік қаржыландыруды дамыту және жоғары технологиялық 
компанияларды инкубациялау Қазақстандағы технологиялық кәсіпкерліктің тиімділігін 
арттыру үшін өзекті міндеттердің бірі болып қалуда. Мемлекеттің барлық күш-жігеріне 
қарамастан, Қазақстанда технологиялық кәсіпкерлікті дамыту бастапқы кезеңде тұр.
Бүгінгі таңда инновациялық кәсіпорындарды дамытуға бағытталған Қазақстандағы 
инвестициялардың негізгі көлемі (бұдан әрі – венчурлік қаржыландыру) негізінен жеке қаражат 
есебінен жүргізіледі. Осылайша, технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындардағы 
даму институттарын қоса алғанда, мемлекеттік қаржыландыру көздерінің үлесі 2017 жылы 
6,7%-ды немесе 60,2 млрд теңгені құрады.
Жалпы, Қазақстанда венчурлік инвестициялар нарығын дамыту бойынша бірқатар 
мемлекеттік бастамалар қолға алынды. Осылайша, 2004-2015 жылдар аралығында 
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікпен (қазіргі уақытта "QazTech Ventures" АҚ) 
жергілікті және шетелдік инвесторлармен әріптестікте 13 венчурлік инвестициялық қор 
құрылды. Алайда, барлық қорлар табысты болған жоқ: олардың алтауы 2009 жылдың 
қорытындысы бойынша жиынтығы шамамен 7,5 млрд теңге көлемінде шығын әкелді. 
Сондықтан, 2015 жылы компанияның инвестициялық қызметі тоқтатылып, жобалардан 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Тенденции венчурного финансирования по секторам за период с 2013 по 
2021 годы
Коммерческие услуги
Потребительские товары
Электроэнергетика
Устройства HC
HC сервис и системы
IT оборудование
Медиа
Разное
Медицина и биотехнологии
Програмное обеспечение


25 
шығуды және инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы 
шараларды іске асыру басталды.
Технологиялық бизнес үшін венчурлік инвестициялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету 
мақсатында "QazTech Ventures" АҚ венчурлік нарықты дамыту жөніндегі жұмысына венчурлік 
қорларды құруға және дамытуға бағытталды. 
2019 жылы "QazTech Ventures" АҚ V-ші Жаһандық Қорға қатысу туралы 500 Startups-пен 
10 млн АҚШ доллары көлеміндегі Шартқа қол қойды. Осы 10 млн АҚШ долларынан кем 
дегенде 2 млн АҚШ доллары қазақстандық стартап жобаларына 150 000-нан 250 000 АҚШ 
долларына дейін инвестицияланады.
2020 жылы "QazTech Ventures" АҚ-мен сингапурлық "Quest Ventures Asia Fund II L.P.» 
венчурлік қорымен жалпы мақсатты көлемі 50 млн АҚШ долларын құрайтын келісімге қол 
қойылды. "QazTech Ventures" АҚ 10 млн АҚШ долларын құрайтын капиталымен осы қорға ірі 
инвестор ретінде кірді. Келісім шарттың талаптарына сәйкес бірлесіп құрылған қор алдағы үш 
жылда Қазақстан мен Орталық Азияның болашағы бар стартап-жобаларын қарайды және 
қаржыландырады. Осы 10 млн АҚШ долларынан қор акселерациялық бағдарлама аясында 
Қазақстан мен Орталық Азияға 1,5 млн АҚШ долларын және Қордың жалпы көлемінің 10%-ын 
(5 млн АҚШ долларынан артық емес) инвестициялайды.
9
Бүгінгі таңда Қазақстандағы венчурлік инвестициялар нарығы іске асырылу сатысында. 
Нарықта ерте сатыдағы мәмілелер басым, ал кеш сатыдағы мәмілелер сирек кездеседі, себебі 
бұл кезеңге бірнеше жоба ғана жетеді. Сондай-ақ, венчурлік қорлар санының жеткіліксіз 
болуына байланысты, жеке венчурлік инвесторлар мәміленің қаржыландырудың бастапқы 
кезеңі және жеке инвестициялардан инвестициялық қорларға көшу кезіндегі негізгі 
ойыншылардың бірі болып табылады.
Электрондық коммерция және қаржылық технологиялар интернеттің дамуына және елдің 
салыстырмалы түрдегі жас тұрғындарына байланысты венчурлік инвестициялар үшін 
нарықтың негізгі секторлары болып табылады. Сондай-ақ, көптеген стартаптар бастапқыда 
жергілікті нарыққа назар аудара отырып құрылады, бұл масштабын және жаңа нарықтарға 
шығу мүмкіндігін шектейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет