30
30 диаграмма: Қорлардың жұмыс істеу мерзімінің хронологиясы (2019 жылдың
соңындағы жағдай бойынша)
Дереккөзі: ҚКМ басқарушылық есептілігі
2020 жылдың соңында ҚКМ жалпы міндеттемелерінің 45% құрайтын 6 қор инвестициялық
кезеңді аяқтады, 4 қор белсенді инвестициялық қызмет сатысында болды (BVF, КСМ SDF,
DBKEF және KIF), 4 қордың жұмыс істеу мерзімі аяқталды (ACAF, KCRF, WCP, MRIF). ТИ
циклындағы ең қауіпті кезеңдердің бірі - қорлардың жабылуы мен ашылуы арасындағы уақыт
аралығы болып табылады. Бұл тәуекел тек ықтимал жоғалған пайдаға ғана емес, сонымен қатар
болашақ ақша ағындарының үзілуіне де байланысты. Осыған байланысты, инвестициялық
портфель тәуекелдерді азайту үшін қорларды жабу және ашу хронологиясы тұрғысынан
оңтайландырылуы керек. Жалпы, портфель бойынша активтерді жою сатысына ауыстыру
тренді байқалады, бұл қысқа мерзімді болашақта жаңа қорларды ашу үшін әлеует жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: