1.4 ҚКМ қызметін ұқсас компаниялармен салыстырмалы түрде талдау ҚКМ үшін олардың сәйкестігінің негізінде жеті ұқсас компания іріктелді: SIFEM (Дамушы
нарықтарға арналған швейцариялық инвестициялар қоры), Norfund (Норвегиялық
инвестициялық қоры), BNDES (Бразилиялық Даму Банкі), DEG (Неміс Инвестициялар және
даму қоғамы), FMO (Голландтық Даму Қоры), "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі - ҚДБ)
және IDBI (Үндістанның индустриялық даму банкі). Осы ұйымдардың көпшілігі экономикалық
даму мандатын ескере отырып, әртүрлі құралдарды қолданады және сонымен қатар тиімді және
тәуелсіз болуға тырысады.
5-кесте: Ұқсас компаниялар қызметінің сипаттамасы Ел Географиялық фокус Активтердің көлемі (млрд АҚШ долл.) ҚКМ үшін сәйкестігі SIFEM Швейцария ТМД-ны қоса
алғанда,
дамушы
нарықтар
0,6
• Мемлекет меншігінде
• Экономикалық даму мен қаржылық кірістіліктің ұқсас
мандаты
• ТИҚ-ға ұқсас тәсіл
Norfund Норвегия
Аз
дамыған
елдерге
басымдығы бар
дамушы
нарықтар
2,5
• Мемлекет меншігінде
• Экономикалық даму мен қаржылық кірістіліктің ұқсас
мандаты
• ТИҚ-ға ұқсас тәсіл
BNDES Бразилия
Бразилия
145
• Мемлекет меншігінде
• Экономикалық даму мен қаржылық кірістіліктің ұқсас
мандаты
•
Субсидияланатын
несиелендіруге
және
инфрақұрылымға да осындай көңіл бөлінеді
DEG Германия
ТМД-ны қоса
алғанда,
дамушы
нарықтар
6,4
• Миноритарлық қатысу үлесімен ұзақ мерзімді
инвестициялар
FMO Нидерланды Дамушы
нарықтар
10,2
• Мемлекет меншігінде
• Экономикалық даму мен қаржылық кірістіліктің ұқсас
мандаты
• Миноритарлық инвестициялар саласындағы ұзақ
мерзімді саясат
ҚДБ Қазақстан
Қазақстан
5,9
• Мемлекет меншігінде
• Экономикалық даму мен қаржылық кірістіліктің ұқсас
мандаты
•
Ұзақ
мерзімді
несиелер
мен
субсидиялау
бағдарламаларына назар аудару
IDBI Үндістан
Үндістан
42
• Мемлекет меншігінде
• Экономикалық даму мен қаржылық кірістіліктің ұқсас
мандаты
•
Субсидияланатын
несиелендіруге
және
инфрақұрылымға да осындай көңіл бөлінеді
Дереккөзі: Жылдық есептер, аудиттелген қаржылық есептілігі, жария дереккөздері (2018-2019) Әдетте, жоғарыда аталған ұйымдардың инвестициялық және географиялық мандаттарының
кең спектрі бар. Осы ұйымдардың инвестициялық бағыты нарықтық теңгерімсіздіктерді жою
және өсу үшін қосымша мүмкіндіктерді іздеу мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.