“ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ (ФОНЕТИКА)” КУРСЫ БОЙЫНША Дәріс САБАҚТАРы Қазіргі қазақ тілінің фонетика саласы – тіл дыбыстарының жүйесін, жасалу ерекшеліктерін, әр қилы сипаты мен бір-бірі-мен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Дыбыстың сипаты әр түрлі. Тіл дыбыстарының өзге дыбыстар-дан ерекшелігі –біріншіден, сөйлеу мүшелері арқылы жасалады, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, үшіншіден, белгілі ұғым-ды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып санала-ды. Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипа-ты мен саны бірдей, біркелкі емес. Тіл білімінің фонетика сала-сы белгілі бір халықтың дыбыстық жүйесін қарастырады. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелерінің қатысы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Фонетика курсын оқып-үйрену нәтижесінде тіл дыбыста-рының жасалу, айтылу, тіркесу заңдылықтары туралы түсінік қалыптасады, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды иге-реді. Қазіргі қазақ тілінің лексика-фразеология, сөзжасам және морфология, синтаксис салаларын оқып-үйренуге негіз болады.
Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – тіл дыбыстарының жаса-лу ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыра отырып, олар-дың тілдің сөз құрайтын мағыналы бөлшектері екендігін таныту, дыбыстардың тіркесу заңдылықтары негізінде орфографиялық, орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыру.
Пәнді оқытудың негізгі мақсатына орай төмендегідей нақ-ты міндеттер қойылады:
– фонетиканың тіл білімінің бір саласы екендігі, оның са-лалары мен зерттеу әдістері туралы түсінік беру;
– дыбыс пен әріп, олардың айырмашылықтарын меңгерту;
– тіл дыбыстарының жіктелуі: дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру;
– дауысты дыбыстардың классификациясы мен емлесін меңгерту;
– дауыссыз дыбыстардың классификациясы мен емлесін меңгерту;
– буын және екпін туралы мағлұмат беру;
– үндестік заңы: буын үндестігі мен дыбыс үндестігі арқы-лы қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктерін байқату;
– орфография және орфоэпия туралы түсінік беру;
– сөзге толық фонетикалық талдау жасауға үйрету.
1.Фонетиканың ғылыми пән ретінде қалыптасу тарихы, зерттелуі