Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Дәрістің мақсаты



бет124/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   137
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері.
Дәрістің мақсаты: сөйлемнің бірыңғай және айқындауыш мүшелері, ерекшеліктері, жасалу жолдары, түрлері бойынша мәлімет беру.
Дәрістің мазмұны:

  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, қызметі.

  2. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері, түрлері.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы ұғым мектеп грамматикасынан белгілі. Жай сөйлемде сөйлем мүшелері үнемі бір-бірден келе бермейді. Кейде сөйлемнің бір мүшесі екеу я бірнешеу де болып келеді. Мыс: сөйлемде бір бастауыш бірнеше баяндауыш болуы да, керісінше бірнеше бастауыш бір баяндауыш болуы да мүмкін. Сол сияқты бір сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің әрқайсысы да бірнеше болып келеді. Мыс: Жаулықты биік салынатын, сәнді киінетін Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен деұнайтын еді.
Бірыңғай мүше болу үшін бір сөйлемде бір мүшенің екеу не бірнешеу болуы шарт емес. Олар: 1-ден, ыңғайлас бір сұраққа жауап беруі шарт. 2-ден, сол сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысты болуы шарт.
Сонда, бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып, көбінесе өзара тұлғалас болып келетін сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады. Б. М. бір-біріне бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады.
Ғалым Р. Әміров: - Бірыңғай мүшелі сөйлемдер- күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сыйыстырып берудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға болады. Көп жағдайда сөйлемді бірыңғай мүшелі етіп құрау немесе құрмалас етіп тарату сөйлеушінің сөйлеу мақсатына бағынышты болады. Мысалы: Рас айтасыз,бұл дүниеде бабадан не қалған, атадан не қалған. Рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан, атадан не қалған,- деп те бірыңғай мүшелі жай сөйлем етіп құруға да болады. Ойды құрмалас сөйлем етіп айту сөзге ритмикалық сипат беру үшін қызмет атқарып тұр.
Сөйлемде кәдімгі толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштан басқа да белгілі бір сөздің мағынасын дәлдеп түсіндіріп тұратын өз алды ерекшелігі бар сөздер кездеседі. Бұл сөздер өзінен бұрын айтылған сөзді айқындап, басқа сөзбен түсіндіреді. Олар тілімізге айқындауыш сөздер деген атпен енді.
Сұрақтар:

  1. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен қалай байланысады?

  2. Бірыңғай мүшелерді жинақтап, ортақ атау ретінде жұмсалынатын сөз.

  3. Айқындауыш мүшелердің түрлері. Олардың ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:
1.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы, 1986.
2.Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі, Алматы,1983.
3.Жұбанов Қ.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Алматы, 1986.
4.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі үйірлі мүше туралы. «Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары» журналы. Алматы, 1954.
5. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. Алматы,1959.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет