Семинар мазмұны:
Қазір сөйлем мүшелерінің жасалуында сөйлемнің де сөйлем мүшесі болудың
негізін А.Байтұрсынов бір мысал арқылы бергені таңқаларлық білімділіктің
көрінісі деу керек. Ғалымның синтаксистегі жай, құрмалас сөйлемдер туралы
ойлары 1917 жылдан бұрын қалыптасқанына дəлел. Ол мақтануға боларлық
жайт. Сол сияқты С.Аманжоловтың сөйлем мүшелерін жаңаша, ескіше
топтаудағы əртүрлі пікірлерін енді ғана түсінудеміз. Міне, тарихта 1900-1939
жылдар аралығындағы кейбір синтаксист ғалымдар танылды. Мəселен, 1929
жылғы латын алфавитіне көшу туралы жиында 17 тілші сөйлеген екен.
Соның 12-сі А.Байтұрсынов еншісінде. Басқа ғалымдар мен олардың
еңбектері қайда? Ол еңбектердің жан-жақтылығы, зерттеу тақырыптарының
молдығы, осынша еңбектердің тілші қауымға жетпеуі аз тарихымыз үшін көп
жоғалған мұра іспетті саналуы қажет. Армян, грузин сияқты ерте дамыған
тілдерде əр ғасырдағы синтаксис жаңа авторымен белгілі, ал біз бір ғасырға
жетпейтін уақытымыздағы жетістіктеріміздің бəрін талан-таражға салып
отырғандаймыз.
Əдебиеттер:
1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.
2. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994
3. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971.
4. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992.
5. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.
6. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.
7. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997.
8. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
9. Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы, 1981.
10. М.Серғалиев.А.Айғабылов.О.Күлкенова. Қазіргі қазақ əдеби тілі.А.,1991.
11.Ə.Аблақов.С.Исаев.Е.Ағманов. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен
лексикалану процесі. Алматы, 1997.
12.К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1972.
13.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967.
14.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
ОСӨЖ:
Предикаттық емес қатынастар.
Анықтауыштық
қатынас
сын-сапалық,
сан-мөлшерлік,
меншіктік
мағыналарды білдіреді. Мысалы: Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде
қызғылт, күңгірт сəулесі бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов). Сөйлемнің
ішіндегі анықтауыштық қатынасқа дөңгелек, қызғылт, күңгірт сөздерінің
жұмсалуын жатқызар едік.
Толықтауыштық қатынас – қимылдық немесе сапалық күйдің затқа тікелей
немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура объектілік
қатынастарды білдіреді. Мысалы: – Не əкелгенімді білемісің саған?
Ойыншық машинаны алып бердім (Ш.Айтматов). Мұндағы не əкелгенімді,
саған, машинаны сынды сөзтұлғалар толықтауыштық қатынастың көрінісі.
Пысықтауыштық қатынас – мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық,
амалдық, сын-мөлшерлік мағыналарды білдіреді. Əсіресе, Ұйғыр көшесі
сияқты сырт аймақтарда ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш үйлер
тіпті көп болатын (Ə.Нұршайықов). Сөйлемдегі қос сөздер мен сырт
аймақтарда сөзтұлғаларын осындай қатынасқа жинақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |