«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет4/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

 
 
 3.
«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі жəне жай сөйлем синтаксисі»
курсының жұмыс программасы 

(SILLABUS) 
 

1-дəріс 
Дəріс тақырыбы: 
Синтаксис ғылымы туралы түсінік жəне оның зерттеу 
объектілері мен салалары. 
Дəріс мазмұны: 
Қазақ тіл білімінің ұлт лингвистерімен зерттеле бастауы 
Қазан революциясына дейін қозғалып, əсіресе одан кейін түбегейлі қолға 
алынғаны белгілі. Біз көп уақытқа дейін қазақ тіл білімінің зерттелуін Қазақ 
революциясынан кейінгі уақытпен есептеп келдік. 1990 жылдарға дейінгі 
тұжырымдар осындай бағытта өрбігендігі рас. Мұның өзі қазақ 
ғалымдарының 1932-1937 жылдар аясындағы тарихи қыспағының көрінісі 
деп білу керек. А.Байтұрсыновтың бір ғана «Тіл – құрал» еңбегі қазақ тіл 
білімі зерттелуінің (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) Қазан 
революциясынан бұрын екендігін көрсетті. Осы кез өкілдері Н.С.Жетпісбаев, 
М.Бегімов, 
М.Н.Бектеміров, 
Т.Шонанов, 
М.Жұмабаев, 
Т.Ахметов, 
Ж.Барықұлы, 
Н.Төреқұлов, 
К.Төлебаев, 
Д.Арыстанұлы, 
Н.Залиұлы, 
К.Əлімұлы, 
Қ.Кемеңгеров 
сынды 
ғалымдардың 
ақталуы 
олардың 
еңбектерінің жарық көруіне себеп болды. Бұл зерттеушілер еңбектерінің 
қазақ тіл білімі үшін белгісіз жылдар мерзімін нақты толықтыратын жəне 
қазіргі зерттеушілерімізге басшылық болатыны айқын.
1930 жылдар шамасында қазақ тіл білімінің əрбір саласының дербес 
зерттелуіне Ж.Досқараев, Г.Б.Бегалиев, Х.Басымов, Ə.Ермеков, Ш.Сарыбаев, 
І.Кеңесбаев, 
Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев, 
С.Аманжолов, 
Ғ.Мұсабаев, 
А.Ысқақов, Т.Қордабаев, И.Маманов сынды ғалымдар үлкен еңбек етті. 
Аталған ғалымдар есімі қазақ тілінің əр саласынан оқулықтар жазылуына 
мүмкіншіліктер туғызды. Осы негізде жоғары оқу орындарының ғылыми-
шығармашылық деңгейі өсті. Осы ғалымдардың бағыты арқасында тілімізге 
жаңа буын өкілдері енді. Атап айтқанда, Ə.Қайдари, Р.Сыздық, 
В.А.Исенғалиева, К.Аханов, Ш.Сарыбаев, Ə.Əбдірахманов, Ə.Құрышжанов, 
А.Қалыбаева, Ж.Аралбаев, Ə.Нұрмаханова, Р.Əмір, Қ.Есенов, К.Мұсаев, 
Н.Оралбаева, 
А.Жанұзақов, 
М.Томанов, 
Ə.Болғанбаев, 
Ə.Хасенов, 
А.Төлеуов, О.Төлегенов, А.Əбілқаев. Онан кейінгі уақытта Ө.Айтбаев, 
М.Серғалиев, Н.Демесінова, Ə.Ибатов, Б.Хасанов, Ə.Əбілақов, М.Оразов, 
Б.Сағындықов, Ə.Нұрмағанбетов, С.Омарбеков, Б.Қалиев, Е.Жанпейісов, 
Т.Қоңыров, 
Ш.Бектұров, 
Б.Əбілқасымов, 
Т.Сайрамбаев, 
С.Исаев, 
А.Аманжолов, Х.Арғынов, Ғ.Айдаров т.б. ғалымдарымыз өз үлестерін қосты. 
Əлі де қосып келеді. Қазақ тіл білімі өкілдері қатарында Н.Сауранбаев, 


І.Кеңесбаев, Ə.Қайдари, Р.Сыздық, Ө.Айтбаев, Ш.Сарыбаев, М.Серғалиев 
сияқты академиктер, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов 
сияқты мүше-корреспондент бар. Соңғы кезде қазақ тілінде 50-ге тарта 
ғылым докторы мен 300-ден астам ғылым кандидаттары қорғалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет