«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»


Сөздердің байланысу түрлері (формалары)



бет25/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

1.Сөздердің байланысу түрлері (формалары)
Қазақ тілінде өзара байланысқан сөздер мағынасы мен байланысу тәсілдеріне қарай: 1. қиысу, 2. меңгеру, 3. матасу, 4. қабысу 5. жанасу болып бес түрге бөлінеді:
1. Қиысу. Сөздердіи өзара жіктік жалғауыне жақтық, көптік жалғауы арқылы байланысуы қиысу деп аталады. Мысалы: 1. Мен жаза-мын, біз жа-мыз, сен жазасың, сендер жаза-сыңдар, сіз жаза-сыз, сіздер жаза-сыз-дар, ол жазады, мен сауыншы-мын, біз сауыншы-мыз, сен сауынш-сың, сендер сауыншы-сыңдар, сіз сауыншы-сыз, сіздер сауыншы-сыздар. Мұнда екі сөз (ба­стауыш пен баяндауыш) бір-бірімен жекеше және көпше жіктік жалғаулары арқылы байланысқан. 2. Сен —жұмысшы. Мен — колхозшы. Ол оқыды. Мұнда екі сөз өзара жақтық мағына арқылы байланысқан. Қазақ тілінде есім сөздер мен етістік сөздер де, етістік сөздер мен есім сөздер де қиыса береді. III жақта есім мен етістік арасында көптік қиысу (жіктік жалғауының көпше түрің қабылдау): болмайды. Мысалы: Ол оқиды. Олар жазады. (Олар оқиды — лар, Олар жазады — лар деп көптік жалғауын қосып айтуға болмайды).
2. Меңгеру. Бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен атау, ілік септіктерінен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы меңгеру деп аталады.
Меңгеріле байланысқан екі сөздін менгеруші сыңар көбінесе етістік болады. Мысалы, малды күту, фермаға бару, сырттан оқу, жұмыста болу, мақта теру. жолмен жүру.
Меңгеруде есім сөздер де басынқы сөздің барыс, шығыс, көмектес септіктерінде келуін керек етеді. Мысалы: жақсы — ісімен жақсы, іске мықты, орындауға міндетті, бәріне бірдей, бізге жақсы, естімеген елде көп, сенімен сырлас, жерге бай, еңбекке ортақ.
Табыс, барыс септіктеріңде келіп меңгерілген сөздердің жалғаулары кейде айтылмайды. Мысалы: шөп шабу, трактор айдау; Мәскеу бару т. б. Меңгерудің жай және күрделі түрі бар; Дара сөздердің өзара менгеріле байланысуы жай менгеруге жатады. Мы­салы: уәдеге берік, қалаға кетті, суыққа төзімді, заводта істейді т. б.
Меңгеріле байланысқан сөздердің бір сынары не екі сыңары да дара сөзден емес, бірнеше сөзден (кемінде екі сөзден) жасалуы мүмкін. Мұны күрделі меңгеру дейміз, Меңгерудегі күрделі сыңарлар көбінесе өзара іштей матаса, қабыса, меңгеріле байланыскан күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінен де жасалады. Мысалы: Үйге дейін бардық, Көпірдің үстінен өте бастадық. Оқып отырғанда көңілді басқа жаққа бұрмау керек. Қас пен көздің арасында жоқ болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет