Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары



Дата17.12.2023
өлшемі21,35 Kb.
#197419
Байланысты:
2023. ККТЛД. Емт. сурактары


Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы
Емтихан сұрақтары
1. Лексикологияның зерттелуі, ол туралы пікірлерді салыстырып, өз тұжырымыңызды жасаңыз.
2. Лексикологияның мақсаты мен зерттеу нысаны туралы түсінік, зерттеулерді кестеге салыңыз.
3. Лексикологияның өзімен шектес салаларын салыстырып, олардың байланысын мысалмен дәлелдеңіз.
4. Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысын мысалдармен дәлелдеңіз.
5. Тіл білімінің лексикологиямен шектес салаларын салыстырып, байланысын кестеге салып, мысалдармен дәлелдеңіз.
6.Топонимика және антропонимика айырмашылығы мен ұқсастығын мысалдармен дәлелдеңіз. Басқа онимдар жайында не білесіз?
7.Этимология туралы түсінік беріңіз, зерттелуі бойынша хронологиялық карта жасаңыз.
8.Семасиология, оның мақсаты, зерттеу нысаны, зерттелуі бойынша хронологиялық карта жасаңыз. 
9.Сөз – лексикалық бірлік ұғымын кеңінен ашып, мысалмен дәйектеңіз.Сөзге тән басты белгілер.
10.Ұғым және сөздің өзара байланысын салыстырып (ғалымдардың пікірлерін қосып), өз тұжырымыңызды жасаңыз. Мысалдармен дәлелдеңіз.
11.Сөз және мағына туралы түсінік, олардың байланысы, қалай қалыптасады? Мысалдармен дәлелдеңіз.
12.Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері, олар қандай белгілер арқылы ажыратылады, түрлерін атап ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз.
13.Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары, түрлері, ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз.
14.Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары, түрлері, жасалу жолдарын мысалдармен дәйектеңіз.
15.Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары, ерекшеліктері мен жасалу жолдары, мысалдармен дәйектеңіз.
16.Сөз мағынасының дамуы, ерекшеліктері, оған әсер етуші факторлар, қалай қалыптасады? Мысалдармен дәйектеңіз.
17.Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, жасалу жолдарын, ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз.
18.Метафора, оның түрлері мен жасалу жолдары. Мысалдармен дәйектеңіз.
19. Метонимия түрлері, жасалу жолдары, мысалдармен дәлелдеңіз.
20. Синекдоха, түрлері, жасалу жолдары, мысалдармен дәлелдеңіз.
21. Сөздің көп мағыналылығы мен омонимге сипаттама беріңіз, ұқсастығы мен айырмашылығын мысалдармен дәйектеңіз.
22. Омоним, жасалу жолдары, ықпал етуші факторлар. Мысалмен дәлелдеңіз.
23. Синоним, жасалу жолдары. Синонимдік қатардың толығу жолдары, мысалдармен дәйектеңіз.
24. Антоним туралы түсінік, жасалу жолдары, зерттелуіне хронологиялық шолу жасаңыз. 
25. Сөз варианттары туралы түсінік, зерттелуі, түрлері мен жасалу жолдарын мысалдармен дәйектеңіз.
26 Табу, эвфемизм, дисфемизм, ерекшеліктері, жасалу жолдары, мысалдармен салыстырыңыз.
27. Сөздік қор мен сөздік құрам, олардың арақатынасы. Арақатынасын мысалдармен дәйектеңіз.
28. Түркі тілдеріне ортақ сөздер, ол туралы пікірлерді салыстырып, өз тұжырымыңызды жасаңыз. Мысалдармен дәйектеңіз.
29. Қазақтың байырғы төл сөздері, толығу жолдарын негіздеп, мысалдармен дәйектеңіз.
30. Қазақ лексикасындағы кірме сөздердің тілімізге ену жолдары, кезеңдері, ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз.

31. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер, олардың ену жолдары, зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз.


32. Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасын мысалдармен дәйектеңіз, зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз.
33. Орыс тілінен енген сөздер, ену кезеңдері, зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз.
34. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне сипаттама жасаңыз, ерекшеліктерін концептуалды кестеге түсіріңіз.
35. Жалпылама лексиканың басты ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз, мысалмен дәйектеңіз.
36. Диалектілік лексиканың зерттелуіне хронологиялық шолу жасаңыз. Аймақтық ерекшеліктерін концептуалдық кестеге салыңыз.
37. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдарын түсіндіріңіз, мысалдармен негіздеңіз.
38. Термин сөздер, пайда болу жолдары мен принциптері, концептуалды кестеге түсіріңіз.
39. Кәсіби сөздердің ерекшеліктері, түрлері мен принциптерін концептуалды кестеге түсіріңіз.
40. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері, жасалу ерекшеліктері, кестеге түсіріңіз.
41. Қазақ диалектологиясының зерттелуіне хронологиялық шолу жасаңыз.
42. Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулер, Қазан төңкерісінен кейінгі зерттеулерді талдап, салыстырып, ерекшеліктерін концептуалдық кестеге түсіріңіз.
43. Сөйлеу тілінің лексикасы, түрлері мен ерекшеліктерін концептуалды кестеге түсіріңіз.
44. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің диалектілік, говорлық сипатына тоқталыңыз, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын кестеге түсіріңіз.
45. Диалектология туралы жалпы түсінікке сипаттама жасаңыз. Диалектілік, говорлық ерекшеліктерді саралап, кестеге түсіріңіз, мысалдармен дәйектеңіз
46. Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлеріне сипаттама беріп, олардың байланысы мен айырмашылығын мысалмен көрсетіңіз.
47. Көнерген сөздер, түрлеріне сипаттама беріп, ерекшеліктері мен сөздік құрамға қосар үлесін мысалдармен дәйектеңіз.
48. Неологизмдер. Жаңа атаулардың қалыптасу, жасалу ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеп, сипаттама беріңіз.
49. Қазақ фразеологиясы туралы түсінік, зерттелуіне хронологиялық шолу жасаңыз, мысалдармен дәйектеңіз.
50. Фразеологизмдердің басты белгілері мен түрлеріне сипаттама жасаңыз, концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз.
51. Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз.
52. Фразеологизмдердің көп мағыналылығы, жасалу жолдарын көрсете отырып, мысалдармен дәлелдеңіз.
53. Фразеологиялық синонимдердің қалыптасу жолдарын көрсетіңіз. мысалдармен дәлелдеңіз
54. Фразеологиялық антонимдерге сипаттама беріңіз, құрылымдық ерекшеліктеріне бөліп, мысалдармен дәлелдеңіз.
55. Фразеологизмдердің пайда болу негіздері мен уәжін мысалдармен дәйектеңіз.
56. Фразеологизмге ұйытқы болатын сөздерге сипаттама беріңіз, оларды топтастырып, мысалдармен дәйектеңіз.
57. Қазақ ғалымдарының зерттеулеріндегі оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс диалектілерінің бөлінісін мысалдармен дәлелдеңіз. Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, дәйектеңіз.
58. С.Аманжоловтың, Ж.Досқараевтың зерттеулеріне шолу жасаңыз қазақ тіліндегі диалектілер туралы пікірлерін салыстырыңыз.
59. Қазақ лексикографиясының зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз.
60. Сөздік, оның түрлері, лингвистикалық сөздіктердің ерекшеліктерін концептуалды кестеге салып көрсетіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет