Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен тест тапсырмалары «Филология: қазақ тілі»



Дата08.06.2018
өлшемі431,5 Kb.
#41632
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен тест тапсырмалары

«Филология: қазақ тілі» мамандығы 1-курс студенттеріне арналған

1-межелік бақылау
Модуль 1. Грамматикалық ұғымдар

Лексика-семантикалық тәсіл деген не?

  1. сөздердің жаңа мағына ауысуы не ие болуы

  2. сөздердің қосымшалар арқылы жасалуы

  3. сөздердің бірігуі, тіркесу арқыл жасалуы

  4. сөздердің қосарлануы арқылы

  5. сөздердің тіркесуі арқылы

Морфология тілдің қай саласымен байланысты?

  1. грамматика, лексика

  2. фонетика, лексика

  3. лексика, синтаксис

  4. Сөзжасам, лексика

  5. фонетика, морфология

Түбірлес сөзді табыңыз.

  1. ұш, ұшқыш, ұшқында

  2. басқар, атқар

  3. зергер, зер белбеу

  4. мақта, мақпал

  5. бал, балық, балта

Жіктік жалғауының І-жақ көпше түрінде тұрған зат есімді белгілеңіз.

  1. Біз баламыз

  2. Біздің үйіміз

  3. Біз келдік

  4. Қаладанмын

  5. Біз жақсымыз

Жалқы есімді белгілеңіз:

  1. Астана

  2. шөп

  3. түйе

  4. Аудан

  5. арман

Көмекші есімдерге тән негізгі белгілер қандай?

  1. мағыналарынан айрылған, түбір күйінде қолданылмайтын заттық мәндегі сөздер

  2. мағынасынан толық айрылған, түбір күйінде жұмсалады

  3. мағыналық дербестігі жоқ, түбір күйінде қолданылмайды

  4. қимылды білдіреді

  5. сындық мағынаны білдіретін сөздер

Көмекші есімдер қандай септіктегі сөздермен тіркеседі?

  1. ілік септіктегі

  2. атау септіктегі

  3. барыс септіктегі

  4. табыс септіктегі

  5. жатыс септіктегі

Дерексіз зат есімдер дегеніміз не?

  1. Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін зат атаулары

  2. жеке, дара заттарға берілген атаулар

  3. сезім мүшелері арқылы арқылы білінетін зат атаулары

  4. қосымша мағына үстейтін сөздер

  5. сындық мағынаны үстейтін сөздер

Көптік жалғаулы сөз қандай мағынада қолданылған?

Кенекейлер маздатып от жақты.

  1. Жинақтау

  2. Даралық

  3. Меншіктік

  4. Иелік

  5. Болжалдық

Тәуелдік жалғаулы сөйлем қай жақта келген? Сілекейі сорғалап, өкпесін ентіге соғып, ырс-ырс дем алады.

  1. ІІІ-жақ, жекеше

  2. І-жақ, жекеше

  3. І-жақ, көпше

  4. ІІІ-жақ, көпше

  5. ІІ-жақ, жекеше

Табыс септік жалғауы жасаран келген сөйлем қайсы?

  1. Мал жиғанша, шөп жина.

  2. Қалмақ жүрген жерде салмақ бар.

  3. Көп сөз өсекке жүк.

  4. Кісі бұйымы кіршіл.

  5. Көпке жүгірген адам құр қалады.

Негізгі грамматикалық ұғымдардың толық қатарын көрсетіңіз.

  1. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория

  2. грамматикалық парадигма, грамматикалық тұлға, грамматикалық мағына

  3. Грамматикалық көрсеткіш, грамматикалық мағына

  4. Грамматикалық категория, грамматикалық мағына

  5. Грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма

Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз қандай мағына?

  1. Сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде, түрлену нәтижесінде пайда болатын, сөздерді топтастырып тұратын мағына

  2. Лексикалық мағынадан бұрын пайда болған жалпы мағына

  3. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына

  4. Бір сөздің нақты ұғымдық мағынасы

  5. Бір сөзді екінші сөзден айырып тұратын реестрлік мағына

Түркологияда грамматикалық мағынаның қандай түрлері ажыратылады?

  1. Жалпы категориялық және жеке грамматикалық мағына

  2. Категориялық грамматикалық және грамматикалық мағына

  3. Жалпы грамматикалық және жеке грамматикалық мағына

  4. Жалпы грамматикалық және қатыстық грамматикалық мағына

  5. Категориялық грамматикалық және жалпы грамматикалық мағына

Жалпы грамматикалық мағына қалай жасалады?

  1. Лексикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде

  2. Категориялық грамматикалық мағына арқылы

  3. Қатыстық грамматикалық мағына арқылы

  4. Грамматикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде

  5. Лексикалық мағынаның солғындауы нәтижесінде

Категориялық грамматикалық мағына қалай жасалады?

  1. Белгілі грамматикалық формалар (жалғау, сөз түрлендіруші жұрнақ) арқылы

  2. Лексикалық мағынаның дерексізденуі арқылы

  3. Көмекші сөздер арқылы

  4. Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы

  5. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы

Қатыстық грамматикалық мағына қалай жасалады?

  1. Сөз түрлендіруші жұрнақтар мен жалғаулар арқылы

  2. Лексикалық мағынаның абстракциялануы негізінде

  3. Грамматикалық мағына арқылы

  4. Белгілі бір түрлену жүйесі арқылы

  5. Сөздің сөйлеу процесінде басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация арқылы

Мына сөздер қандай грамматикалық мағынаның негізінде топтастырылған? Адамға қатысты зат мағыналы сөздер: бала, әке, шеше, апа, ата. Жалпылық, жалқылық атаулар: қала, ауыл. Астана, Жамбыл.

  1. Жалпы грамматикалық мағына

  2. Категориялық грамматикалық мағына

  3. Лексикалық мағына

  4. Грамматикалық мағына

  5. Қатыстық грамматикалық мағына

Грамматикалық мағына беретін тәсілдер нешеу?

  1. 3

  2. 1

  3. 2

  4. 5

  5. 4

Грамматикалық мағына берілу жолының толық қатарын көрсетіңіз.

  1. Семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсіл

  2. Синтетикалық, семантикалық тәсіл

  3. Лексикалық, грамматикалық, аналитикалық тәсіл

  4. Морфологиялық, синтаксистік тәсіл

  5. Аналитикалық, синтетикалық тәсіл

Сөздің лексикалық мағынасының абстракциялануы, дерексізденуі, жалпылануы грамматикалық мағыны жасаудың қай тәсілі?

  1. Семантикалық тәсіл

  2. Ситетикалық тәсіл

  3. Аналитикалық тәсіл

  4. Синтетика-аналитикалық тәсіл

  5. Аналитика-синтетикалық тәсіл

Ішкі флексия, сөзге қосымша, префикс қосылу грамматикалық мағына тудырудың қай тәсілі?

  1. Грамматикалық тәсіл

  2. Семантикалық тәсіл

  3. Аналитикалық тәсіл

  4. Синтетикалық тәсіл

  5. Аналитика-ситетикалық тәсіл

Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын белгілеңіз.

  1. адамзат және ғаламзат есімдер, жалпы есім және жалқы есімдер

  2. тәуелдік категориясы

  3. көптік категориясы

  4. септік категориясы

  5. жіктік категориясы

Жалқы есім деген не?

  1. адам аттары, жануар, мекеме атаулары

  2. жалпы есімдердің ерекше атаулары

  3. айналаны қоршаған жеке зат атаулары

  4. жалпы зат атауы

  5. сындық мағынадағы сөздер

Грамматикалық тұлғаға жататындар - ...

  1. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар

  2. Сөз тудырушы жұрнақтар

  3. Тілдегі жалғаулар ғана

  4. Сын есімнің шырай жұрнақтары, есімше, көсемше, етіс, рай, шақ жұрнақтары

  5. Тілдегі кез-келген қосымша

Грамматикалық категория болу үшін 8 түрлі шартты санамалап көрсеткен ғалым - ...

  1. Н.Оралбаева

  2. А.Ысқақов

  3. К.Аханов

  4. С.Исаев

  5. Ә.Хасенов

Грамматикалық категория қай сөз таптарына тән емес?

  1. Есімдік, сан есім, үстеу

  2. Барлық сөз таптарына

  3. Етістік

  4. Сын есім

  5. Зат есім

Сөз формасы...

  1. Сөзге тек грамматикалық мағына үстейтін формалар қосылу арқылы жасалады

  2. Сөзге лексикалық мағына үстейтін формалар қосылу арқылы жасалады

  3. Сөзге әрі лексикалық, әрі грамматикалық мән үстейтін қосымшалар қосылу арқылы жасалады

  4. Сөзге кішірейту мәнін үстейтін қосымшалар арқылы жасалады

  5. Сөзге реңк мәнін үстейтін қосымшалар арқылы жасалады

Өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады?

  1. Негізгі түбір

  2. Туынды сөз

  3. Туынды түбір

  4. Жалаң сөз

  5. Күрделі сөз

Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы не жасалады?

  1. Туынды түбір

  2. Жалаң сөз

  3. Негізгі түбір

  4. Туынды сөз тіркесі

  5. Күрделі сөз

Өз алдына дербес қолданылмайтын, мағынасы жойылған, тек қана көне сөздерде сақталып қалған түбірлер қалай аталады?

  1. Өлі түбір

  2. Тірі түбір

  3. Көне түбір

  4. Күрделі түбір

  5. Негізгі түбір

Жалпы есімдерге берілген анықтаманың дұрысы -

  1. бірыңғай заттар берілген атау

  2. зат есімдерге берілген атау

  3. жеке затқа берілген атау

  4. жалқы заттарға берілген атау

  5. есімдіктің түрі

Сыңарларының не біреуі, не екеуі де мағыналарынан айырылып, әрі дыбыстық өзгерістерге ұшырап, бір тұлға ретінде қалыптасқан сөздердің түрі қалай аталады?

  1. Тіркес сөз

  2. Біріккен сөз

  3. Қос сөз

  4. Кіріккен сөз

  5. Қысқарған сөз

Сыңарларының мағыналары жағынан да, тұлғалық жағынан да еш өзгеріске түспей, бір ұғымның атауы болып келген күрделі сөз қалай аталады?

  1. Біріккен сөз

  2. Кіріккен сөз

  3. Қос сөз

  4. Тіркес сөз

  5. Қысқарған сөз

Біріккен сөздер қайсы?

  1. Асқазан, ұлтабар

  2. Көзбе-көз, сөйлей-сөйлей

  3. Жаман-жәутік, кедей-кепшік

  4. Қара ала, ұзын бойлы

  5. Көгорай, қолғанат

Морфология тіл білімнің қай саласына жатады?

  1. грамматика

  2. лексикология

  3. дербес сала

  4. Синтаксис

  5. Морфонология

Синтаксистік тәсіл дегеніміз не?

  1. сөздердің бірігуі, тіркесу,і қосарлануы арқылы жасалуы

  2. сөздердің жаңа мағынаға ауысуына ие болуы

  3. сөздердің қосымшалар арқылы жасалынуы

  4. жұрнақтар арқылы

  5. қосымшалар арқылы жасалуы

Аналитикалық жолмен жасалған сөздерді табыңыз.

  1. желаяқ, сәлемхат

  2. куәгер

  3. жүйрік, айдар, айлық

  4. оқушы, басшы

  5. баспа

Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл дегеніміз не?

  1. сөздердің қосымшалар арқылы жасалуы

  2. сөздердің жаңа мағынаға ауысуы

  3. сөздердің бірігуі

  4. сөздердің орын тәртібі арқылы жасалуы

  5. сөздердің тіркесуі арқылы

Туынды сөзді морфология қай жағынан қарастырады?

  1. құрамы, тұлғасы

  2. нәтижесі

  3. тәсілі

  4. мағынасы

  5. дыбыстық құрамы

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзді табыңыз.

  1. қаламгер, оқырман

  2. АҚШ, бірқазан, егеуқұйрық

  3. өкілетті, елші, дөңгелек стол

  4. бүгін, әкел, апар

  5. баспана, желаяқ

Лексика-семантикалық тәсіл қайсы?

  1. сөз мағынасының жаңаруы

  2. жұрнақ арқылы

  3. қосарлану арқылы

  4. басқа тілден сөз ену

  5. бірігу арқылы

Аралас тәсіл қайсы?

  1. аналитика-синтетикалық

  2. синтетикалық

  3. аналитикалық

  4. синтаксистік

  5. семантикалық

Сөз түрлендіруші жұрнақтардың жіктелімі -

  1. модификациялық, грамматикалық

  2. сөзжасам

  3. сөзбайлам

  4. грамматикалық мағына

  5. тәуелдік жалғау, предикаттық қосымша

Қосарлану қандай тәсілге жатады?

  1. аналитикалық

  2. сөзжасам

  3. синтетикалық

  4. грамматикалық

  5. семантикалық

Қосымшаларды жалғау-жұрнақ деп жіктеудегі ең негізгі фактор -

  1. қызметі

  2. мағынасы

  3. құрамы

  4. шығу тегі

  5. дыбысталуы

Таза грамматикалық қосымшалар

  1. жалғаулар

  2. жұрнақтар

  3. сөзтіркесім

  4. жұрнақша

  5. қайталану

Кіріккен сөз дегеніміз не?

  1. екі сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырап бірігуі арқылы жасалған сөздер

  2. екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер

  3. екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөздер

  4. сөздердің тіркесуі арқылы

  5. түбір мен қосымшаға ажыратылатын сөз

Төмендегі жұрнақтардың қайсысы өнімді?

  1. –шы, -ші, -ма,-ме

  2. –мақ,-мек,-пақ,-пек

  3. –дақ,-дек,--т,-қал

  4. –ын,-ін

  5. –шық, -шік, -й

Сөз тудырушы морфеманы табыңыз.

  1. келін, бөлім

  2. келші, жүрген

  3. келіпті, жүрген

  4. келді, жүрді

  5. отырғыз, кетпек

Бөлшектенбейтін, лексика-грамматикалық мағынаға ие морфологиялық бірлік?

  1. Түбір сөз

  2. Туынды сөз

  3. Дара сөз

  4. Жалаң сөз

  5. Күрделі сөз

Түркітануда септіктердің топтастырылуы-

  1. Грамматикалық және көлемдік

  2. Грамматикалық

  3. Субстанттық және грамматикалық

  4. Субстанттық және көлемдік

  5. Көлемдік

Қай септік меншіктілік грамматикалық мағынаны білдіреді?

  1. Ілік

  2. Атау

  3. Табыс

  4. Жатыс

  5. Көмектес

Нөлдік тұлғаға ие жалғауларды көрсетіңіз.

  1. Атау септік, бұйрық райдың жіктелуінің 2-жағы, жекеше, анайы түрі

  2. Атау, табыс, жатыс

  3. Жіктік жалғаудың 3-жағы, барыс, көмектес

  4. Тәуелдік, көптік, барыс

  5. Жіктік, ілік, көптік

Грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлу белгісін анықтаңыз.

  1. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай

  2. Лексикалық мағынасына қарай

  3. Лексикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай

  4. Грамматикалық мағынасы мен тіркесу қабілетіне қарай

  5. E) Тіркесу қабілеті мен орын тәртібіне қарай

Жұрнақ қызметіне қарай қалай бөлінеді?

  1. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

  2. Төл, кірме

  3. Өнімді, өнімсіз

  4. Жалаң, құранды

  5. Омоним қосымша

Сөз тудыру қабілетінің бар не жоқтығына қарай жұрнақ қалай бөлінеді?

  1. Өлі, тірі

  2. Өнімді, өнімсіз

  3. Төл, кірме

  4. Жалаң, құранды

  5. Полисемиялы

Тәуелдiк жалғаудың 3-шi жағында тұрған сөздi табыңыз.

  1. Талабы

  2. Талабың

  3. Талабымыз

  4. Талаптың

  5. Талапқа

Iлiк септiгi жалғауы жасырын тұрған сөздi табыңыз.

  1. Ауыл маңы

  2. Ауылға бару

  3. Ауыл араладым

  4. Ауылға кеттiм

  5. Ауылды сағындым.

Табыс септiгiндегi сөздi табыңыз.

  1. Отынды;

  2. Келдi;

  3. Отырды;

  4. Балалы;

  5. Кеттi.

Тәуелдiк жалғауынан соң жалғанған жатыс жалғауын табыңыз.

  1. Кiтабымда;

  2. Қалада;

  3. Көлiктi;

  4. Базарда;

  5. Үйден.

Грамматика нені зерттейді?

  1. Тілдің грамматикалық құрылысын

  2. Лексемаларды

  3. Тіл дыбыстарын

  4. Морфемаларды

  5. Сөз төркінін

Тәуелдік жалғаудың шығу тегі:

  1. жіктеу есімдігі;

  2. жіктік жалғаулары;

  3. сілтеу есімдігі;

  4. септік тұлғалары;

  5. көптік жалғауы.

«Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» - деген еңбектің авторы:

  1. Н.Оралбаева;

  2. Ы.Маманов;

  3. М.Балақаев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

Ә.Хасеновтың еңбегін көрсетіңіз.

  1. «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер»;

  2. «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдер»;

  3. «Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер»;

  4. «Тіл біліміне кіріспе»;

  5. «Тарихи грамматика».

Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістігі еңбегінің авторы

  1. М.Оразов;

  2. Н.Оралбаева;

  3. К.Аханов;

  4. Т.Қордабаев;

  5. А.Ысқақов

Қосымшалардың жіктелуі (проф. С.Исаевтың көзқарасы бойынша)

  1. сөз тудырушы, сөз түрлендіруші;

  2. жұрнақ, жалғау;

  3. сөзбайлам, сөзтүрлем;

  4. морфема, аффикс;

  5. сөзжасам жұрнақтары, жалғау.

Тұлғасына қарай сөзді түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқы сөз деп жіктеген ғалым -

  1. Қ.Жұбанов;

  2. Н.Сауранбаев;

  3. С.Аманжолов;

  4. А.Байтұрсынұлы;

  5. А.Ысқақов.

Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты (А.Хасенова) еңбегінің жарық көрген жылы -

  1. 1971;

  2. 1931;

  3. 1991;

  4. 2000;

  5. 2001.

Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар атты еңбектің авторы -

  1. С.Исаев;

  2. Қ.Жұбанов;

  3. С.Аманжолов;

  4. А.Байтұрсынұлы;

  5. А.Ысқақов.

Морфеманың анықтамасы:

  1. әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единица;

  2. әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші дыбыстық единица;

  3. әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші тілдік единица;

  4. көмекші сөз;

  5. аффиксті сөз.

Жалғаулардың жалғану тәртібі:

  1. көптік, тәуелдік, септік, жіктік

  2. тәуелдік, жіктік, көптік, септік

  3. тәуелдік , септік, жіктік, көптік

  4. септік, жіктік, тәуелдік, көптік

  5. жіктік, септік, көптік, тәуелдік

Біріккен сөздің анықтамасын көрсетіңіз:

  1. дыбыстық өзгеріске ұшырап және ұшырамай, бірігуі нәтижесінде жасалған;

  2. екі сөздің жұптасуы арқылы;

  3. екі сөздің ықшамдалуы арқылы;

  4. екі сөздің қысқаруы арқылы;

  5. екі сөздің тіркесуі арқылы.

Барыс септігінде тұрған сөзді табыңыз.

  1. Кеше үйіне барып келді

  2. Кеше ол ауылдан келді

  3. Кеше мен оны кітапханадан кездестірдім

  4. Баласының кітабы

  5. Студенттермен кездесті

Атау тұлғалы сөзді табыңыз.

  1. борасын;

  2. атасын;

  3. қайсысын;

  4. шықсын;

  5. басын.

Сөз тудырушы морфеманы табыңыз.

  1. келін, жүргінші;

  2. келші, келген;

  3. келер, жүрмек;

  4. келіпті, жүрген;

  5. келген, кеткен.

«Өлең - сөздің патшасы»- деген сөйлемдегі өлең сөзінің грамматикалық тұлғасы:

  1. Атау тұлғадағы зат есім

  2. қос сөз

  3. табыс септік

  4. есімдік

  5. туынды тұлға

Есігін сөзіне жасалған морфологиялық талдаудың дұрысын көрсетіңіз.

  1. есік-түб., і-тәу.ж.ІІІ ж., н-таб.септ.;

  2. ес-түб., іг-з.е.туд.жұрн., ін-өзд.етіс;

  3. есі-түб. гі-сын ес.туд.жұрн., н-сөз туд.жұрн.;

  4. есік-түб. ін-таб.септ.;

  5. е-көм.ет. сі-тәу.ж. гін-жұрн.

Грамматикалық форманың ережесін белгілеңіз.

  1. грамматикалық мағыналарды білдіретін амал-тәсілдер;

  2. белгілі топтағы сөздердің парадигма бойынша түрленуі;

  3. лексикалық және грамматикалық мағыналардың жиынтығы;

  4. лексикалық мағына;

  5. грамматикалық категория

Көптік жалғаудың қызметін анықтаңыз.

  1. сөз бен сөзді байланыстырып, көптік мағына үстейді;

  2. сөзге көптік мағына үстеп, сөз тудырады;

  3. лексикалық мағына;

  4. жаңа сөз жасайды;

  5. сөз мағынасын тарылтады.

«Абайлар келді»- дегендегі –лар қосымшасы қандай мағынаны білдіреді?

  1. топтау;

  2. көптік;

  3. бөлшектеу;

  4. реңктік мағына;

  5. даралау;

Септік жалғаулары дегеніміз не?

  1. зат есімдердің мағынасын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымша;

  2. сөзге үстеме мағына қосатын қосымша;

  3. сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұратын қосымша;

  4. көптік мағына білдіреді;

  5. сөз тудыратын қосымша.

Тәуелдік категориясының беретін мағынасы -

  1. меншіктілікті білдіру,

  2. шақты білдіру;

  3. қажеттікті білдіру;

  4. сандық мағынаны;

  5. көптік мағынаны.

Табыс септігіндегі сөздің тіркесетін етістігі -

  1. сабақты;

  2. болымды;

  3. тұйық етістік;

  4. салт етістік;

  5. көмекші етістік

Өзге түркі тілдерінде жоқ септік -

  1. көмектес;

  2. атау;

  3. шығыс;

  4. барыс;

  5. ілік.

Көптік жалғау қайсысында өзінің мәнінде көрінген?

  1. сендер оқисыңдар;

  2. апамдар келді;

  3. жасы елулерде;

  4. көмектес септік;

  5. табыс септік.

«Ағасы кетті бел асып»- деген сөйлемдегі бел сөзінің грамматикалық тұлғасы:

  1. шығыс септік;

  2. түбір тұлға;

  3. жіктік жалғау;

  4. көмектес септік;

  5. табыс септік.

Тура обьектіні білдіретін септік -

  1. табыс;

  2. барыс;

  3. жатыс;

  4. шығыс;

  5. ілік.

Жіктік жалғаулары етістік түбіріне тікелей жалғана ма?

  1. жалғанбайды;

  2. жалғанады;

  3. үнемі жалғанады;

  4. қалп етістіктеріне жалғанады;

  5. анда-санда жалғанады.

Тәуелдік жалғауын табыңыз.

  1. үйім алыста орналасқан;

  2. оған қарап Асқар күлім-күлім етеді;

  3. ешқашанда сенімді жоғалтпау керек;

  4. жиналыс ертең болады;

  5. сабаққа ертерек бар.

Тәуелдік категорияның белгісі -

  1. бір заттың екінші затқа меншікті, тәуелді болуы;

  2. грамматикалық категорияның берілу жолы;

  3. грамматиканың берілу жолы;

  4. арнайы тұлғалар арқылы көрінуі;

  5. грамматикалық мағынаның көрінуі.

Күрделі сөздің анықтамасы -

  1. семантикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да тұтас бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан тіркес;

  2. туынды сөз жасауға негіз болатын сөзжасам процесіндегі тірек сөз;

  3. түбір мен қосымшаға ажыратылатын сөзжасам проблемасының

зерттеу обьектісі;

  1. кіріккен, туынды сөздер;

  2. қысқарған және қос сөздер.

Аналитикалық тәсілдің негізгі белгісі -

  1. сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жасалуы;

  2. сөздердің жаңа мағынаға ауысуы не ие болуы;

  3. сөздердің қосымшалар арқылы жасаулы;

  4. сөздердің семантикалық тәсілі арқылы жасалуы;

  5. сөздердің интонация арқылы жасалуы

Қысқарған сөз дегеніміз не?

  1. ұзақ сөздердің ықшамдалуы;

  2. екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер;

  3. екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөздер;

  4. екі сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырап, бірігуі арқылы жасалған сөздер;

  5. шырай жұрнақтарын қабылдайтын сөздер.

Нольдік форма (нольдік қосымша) қандай қосымша ?

  1. Нольдік форма –тіл жүйесінен әрі қолданыстан көп орын алатын қосымша

  2. Тілдің жүйесінен орын алмайды

  3. Нольдік форма грамматикалық құрылыста жоқ

  4. Парадигмаларды нольдік қосымшаның орны жоқ

  5. Нольдік қосымшаның мағынасы жоқ.

Сөздердің синтетикалық формаларының берілу тәсілі -

  1. қосымшалар арқылы;

  2. грамматикалық мағына және грамматикалық форма арқылы;

  3. аффиксация және ішкі флекция арқылы;

  4. сөздердің тіркесуі арқылы,

  5. сөз мағынасы.

Жалғау қай сөзге жалғанған?

  1. әдемісің

  2. балапан

  3. сазгер

  4. қалашық

  5. емхана

Жалғаудың қызметі:

  1. Сөз бен сөзді байланыстыру

  2. сөзге қосымша мағына үстеу;

  3. сөз тудыру;

  4. сөзге жаңа лексикалық мағына үстеу,

  5. мағынаны кеңейту.

Нольдік тұлғаның басты белгісі -

  1. грамматикалық мағынаның беріліп, арнайы грамматикалық форманың болмауы;

  2. арнайы грамматикалық мағынаның берілуі;

  3. грамматикалық форманың белгілі бір көрінісі;

  4. сөз бен сөзді байланыстыру қасиеті;

  5. сөздердің түрленуі.

Жатыс септік тұлғасындағы сөзді көрсетіңіз.

  1. әжесінде;

  2. сенің;

  3. інісін;

  4. тамаша;

  5. үйіне.


Модуль 2. Сөз таптастыру.

Жалпы зат есiмдi белгiлеңiз.

  1. тас, ағаш

  2. Ақан сері

  3. Айгүл, Ботагөз

  4. Павлодар, ПМУ

  5. Астана, Кентау

Етiстiктен жасалған зат есiмдi көрсетiңiз.

  1. Бұрғы

  2. Ойнақы

  3. Тасты

  4. сазды

  5. Сазгер

Зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Мен көпшіліктен емес, ең алдымен Мұраттан жасқанатынмын.

  1. толықтауыш

  2. анықтауыш

  3. бастауыш

  4. баяндауыш

  5. пысықтауыш

Қайсысы тiркестi зат есiм ?

  1. балалар бақшасы

  2. қарақат

  3. шәкiрт

  4. бала-шаға

  5. тиын-тебен

Туынды зат есiмдi табыңыз.

  1. орманшы

  2. орманға

  3. орманды

  4. орманда

  5. орман iшi

Зат есiмнiң пысықтауыш қызметiндегi сөйлемдi белгiлi.

  1. Мұқанды күрес алаңына алып жүрді.

  2. Бетiнде қайғы да жоқ, қасiрет те жоқ.

  3. Абайлар кешігіп келдi.

  4. Бүгін тағы да күн шықты.

  5. Мен сол қайғымның жайын айтайын.

Сапалық сын есiмдi табыңыз.

  1. Ақшыл;

  2. Балалы;

  3. Малсыз;

  4. Сәңқой;

  5. Өнерпаз.

Қазақ тіліндегі сөздердің топтарын белгілеңіз.

  1. Атаушы, көмекші, одағай сөздер

  2. Есім, етістік, одағай сөздер

  3. Есім, етістік, көмекші сөздер

  4. Атаушы, есім, етістік

  5. Атау, есім, одағай

Атаушы сөздер тобына неше сөз табы енеді?

  1. 7

  2. 9

  3. 5

  4. 6

  5. 10

Қатыстық сын есiм қатысқан сөйлемдi табыңыз.

  1. Әйелi - көрiктi қазақ қызы.

  2. Жалғыз сұр емес,сары ала қып асқан екен.

  3. Ұзындау мұрны ендi анық көрiндi.

  4. Қап-қараңғы, көгiлдiр үңгiр.

  5. Үлкен, көкшiл көзi мөлдiреп, күлiмдеп тұр.

Субстантивтенген сын есiмдi белгiле.

  1. Бұл кәрiлер сұрау салмайды.

  2. Сәукеле - биiк шың.

  3. Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жiбектей жұмсақ.

  4. Ақкөңiл өте қарапайым адамдар.

  5. Саусақтары жұп-жұмсақ ,жып-жылы екен.

Етiстiктен жасалған туынды есiмдi белгiлеңіз.

  1. көтерiңкi, асыранды

  2. батырлық, ақшыл

  3. ойлы, салмақсыз

  4. таудай, көкшiл

  5. сезімтал, ақылды

Асырмалы шырайдың жасалу жолдарын көрсетiңiз

Шолпан қызыл шырайлы, дөңгелек беттi, өте сүйкiмдi.

  1. күшейткiш үстеулер тiркесу арқылы

  2. қосарлану арқылы

  3. күшейткiш буын арқылы

  4. жұрнақтар арқылы

  5. қайталау арқылы

Салыстырмалы шырай жұрнақтарын белгiле.

  1. -лау,-ырақ

  2. -дай,-iңкi

  3. -шы,-лық

  4. -лы,-сыз

  5. -дық,-ымпаз

Жинақтық сан есімнің саны:

  1. жетеу;

  2. алтау;

  3. он;

  4. үшеу;

  5. бесеу.

Сөз таптастырудың негізгі принциптері

  1. семантикалық, морфологиялық, синтаксистік

  2. лексика-семантикалық;

  3. функционалды-семантикалық;

  4. семантикалық;

  5. фонетикалық.

Тіркескен күрделі зат атауларын анықтаңыз.

  1. бесік бау, іс қағазы

  2. өкпе-бауыр, мектеп-лицей

  3. ар-ұят, ЖАК

  4. ағайын, жарғанат

  5. алтыбақан, Мұқтар-Мұқа

Сын есімнің семантикалық топтарын анықтаңыз.

  1. Сапалық сын есім, қатыстық сын есім

  2. жалаң сын есім, күрделі сын есім

  3. екі құрамды күрделі сын есім

  4. үш құрамды күрделі сын есім

  5. екі-үш құрамды күрделі сын есім

Күшейтпелі шырай сын есімді анықтаңыз.

  1. жап-жасыл, біп-биік

  2. сұрғылт, қоңырқай, қызғылт

  3. сарылау, кішілеу

  4. сұрқай, көкшіл

  5. ақшыл, қысқарақ

Сөйлемдегі сан есімнің синтаксистік қызметін анықтаңыз.

Қызыл шұбары - он үш, қарасы - тоғыз, құбақаны - бесеу.

  1. Баяндауыш

  2. Бастауыш

  3. Толықтауыш

  4. Анықтауыш

  5. Пысықтауыш

Зат есімнің сөзжасамдық жұрнағы бар туынды сөздер

  1. сенім

  2. алыңқыра

  3. балам

  4. қалам

  5. келем

Қосарланған күрделі етістіктерді тап

  1. көре-көре, сұрай-сұрай

  2. ата-ана, әке-шеше

  3. қызыл-жасы, көк-сары

  4. келе-келе, жеті-сегіз

  5. үсті-үстіне

Біріккен сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Еламан түршігіп кетті.

  2. Беті ашық шелекті қолына алып жөнеле берді.

  3. Аяғымен кезек тепті.

  4. Төргі бөлмеде қадірлі қонақтар жайғасыпты.

  5. Қуаныш ұзағынан болсын

Кіріккен күрделі етістіктерді тап.

  1. әкел, апар, әкет

  2. алып кел, апарып бер

  3. келе-келе, жылап-сықтап

  4. әкеле жатыр, апарып бер

  5. жәрдем ет, жеткізіп бер

Жұрнақты тап.

  1. -ыс, -іс, -с

  2. –қа, –ке

  3. –лар, -лер

  4. –мен, -бен

  5. –ның, нің

Шылау сөзден қалыптасқан қай септік?

  1. Көмектес септік

  2. Ілік септік

  3. Шығыс септік

  4. Жатыс септік

  5. Табыс септік

Ерікті қалау мәнін тудыратын қосымша қайсы?

  1. Барғымыз келеді

  2. Сатып алғайсыңдар

  3. Айтса игі еді

  4. Келіп кетсе

  5. Сенерсің

Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді көрсетіңіз.

  1. Қарағым, кітабың сөреде тұр.

  2. Еріншектің ертеңі бітпес.

  3. Жанат бүгін келмекші

  4. Перизат өлең айтты.

  5. Дала гүлін көрді.

Қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -іл, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістің қай түрі?

  1. Ырықсыз етіс

  2. Ортақ етіс

  3. Өзгелік етіс

  4. Өздік етіс

  5. Туынды түбір

Қимыл, іс-әрекеттің субъектіге қарай бағытталғандығын білдіріп, сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалатын етістің қай түрі?

  1. Өздік етіс

  2. Өзгедлік етіс

  3. Ырықсыз етіс

  4. Ортақ етіс

  5. Туынды түбір

Төменгі категориялардың қайсысы етістіктің лексика-грамматикалық категориясына жатады?

  1. Салт-сабақтылы категориясы

  2. Рай категориясы

  3. Шақ категориясы

  4. Жақ категориясы

  5. Есімше

Жіктік жалғауында тұрған есімшені белгілеңіз.

  1. Бармассың

  2. Айтарым

  3. Көрермен

  4. Тұрамын

  5. Келгенге

Жіктік жалғаулы көсемшені белгілеңіз.

  1. Сен айтыпсың

  2. Менің оқушым

  3. Мен оқушымын

  4. Оның айтқаны болды

  5. Ол жақсы орындады

Есім сөздерден жасалған сын есімдік қатарды көрсетіңіз.

  1. Сөйлемпаз, намысқой

  2. Барғалы, оздыр

  3. Қалашық, әуесқой

  4. Жоғарғы, төменгі

  5. Е) Оқыған, сағынған

Қосарлану арқылы жасалған сын есімді белгілеңіз.

  1. Үлкенді-кішілі үйлер

  2. Жасыл орман, көк сай

  3. Өрілген шашақ

  4. Жып-жылмағай киінген

  5. Қараңғы үңгір

Ауыспалы осы шақта төрған сөзді көрсетіңіз.

  1. Ол ерте тұрады.

  2. Лагеръге бармақ.

  3. Сен қайда бара жатырсың?

  4. Әңгіме айтты.

  5. Мен ертең келермін.

Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеу қайсы?

  1. Кешкісін, ертеңгісін

  2. Қазақша, орысша

  3. Бармайынша, келмейінше

  4. Жөнімен, ретімен

  5. Ілгері, кейін

Үстеуі бар сөйлемді белгілеңіз.

  1. Ертең бәрібір ор бойындағы шекарадан әрі қарай аяқ басты-ақ, бүгежектеуге тура келеді

  2. Бұл кезде менің жасым он жетіде еді.

  3. Бақыт арбадан түсті де, жұмыстан ала келген бір шана шөбін қораға апарып шашып тастады.

  4. Көлдердің маңайы ащылы келеді.

  5. Сабақ басталды.

Салт етістік қатысқан сөйлем қайсы?

  1. Әсем сылқ-сылқ күлді.

  2. Дәкен қария шаршап-шалдығу дегенді білмейді екен.

  3. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма.

  4. Ол кино көрді.

  5. Малды бақсаң, қойды бақ, май кетпейді шарадан

Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

  1. Жақтық мағыналы сөздер

  2. Шақтық мағыналы сөздер

  3. Сілтеу мағыналы сөздер

  4. Қимыл мәнді сөздер

  5. Сұрау мәнді сөздер

Етістіктің қай түрі тікелей есім сөздерше түрленеді?

  1. Тұйық етістік

  2. Етіс

  3. Болымсыз етістік

  4. Көсемше

  5. Сабақты етістік

Мекен үстеулі сөйлемді анықтаңыз.

  1. Қыз ілгері қарай алмады.

  2. Еламан өз бөлмесіне барып жатып қалды.

  3. Кешегі төбелестен кейін оны көргісі келмеді.

  4. Ақбала жаққа көз қиығын тастады.

  5. Біздің ішіміздегі жалғыз қазақсың.

Сын есімнің орнына қолданылған белгісіздік есімдігі қайсы?

  1. Қайсыбір жігіттер ерте оянды.

  2. Тәңірберген әркімге бір қарады.

  3. Енді бұрынғыдай біреуді паналамайды.

  4. Әлденеге мазасыздана берді.

  5. Қалау әлдеқашан оянды.

Болжалды келер шақтағы етістіктің баяндауыш қызметін көрсетіңіз.

  1. Жастар өсер, заман түзелер

  2. Барар жерің белгілі.

  3. Келер заман жарқын болғай.

  4. Өнеріңді ұшқырла

  5. Ұмытылар кез келді.

Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.

  1. Малды ауыл

  2. Баспахана үйі

  3. Биіктеу тау

  4. Кішкене төбешік

  5. Көкшіл мата

Тәуелді септеулі сөйлем қайсы?

  1. Жүрегіңнің жұмбағын шешіп береді.

  2. Елдің іші - береке.

  3. Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.

  4. Өлімнен ұят күшті

  5. Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Жіктік жалғауы нені білдіреді?

  1. Қимыл иесі мен оның орындалғанын

  2. Қимылдың орындалмағанын

  3. Меншіктілікті

  4. Көптік ұғымды

  5. Бағыт мағынасын

Сөз түрлендіруші жұрнаққа тән белгі.

  1. Сөзге грамматикалық мән үстейді

  2. Сөзге лексикалық мән үстейді

  3. Жаңа сөз тудырады

  4. Ешқандай мән үстемейді

  5. Сөзге әрі лексикалық, әрі грамматикалық мән үстейді

Есептік сан есімдер сан есімге қай қосымша қосылу арқылы жасалады?

  1. ешбір қосымшасыз

  2. -ау, -еу

  3. -ыншы, -інші

  4. -дай, -дей

  5. -даған, -деген

Ерікті қалау райлы тіркесті ажыратыңыз.

  1. Санағысы келеді

  2. Санаса екен

  3. Санаса игі еді

  4. Санаса

  5. Осылар санасын

Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.

  1. Қысқы, басыңқы

  2. Бермес, назар

  3. Гүлге, ерге

  4. Кеше, бүгін

  5. Оның, маған

Баяндауыш қызметінде тұрған сан есімді белгілеңіз.

  1. Ол қырық бесте

  2. Қызықты, өтімді

  3. Ана, мына

  4. Бағдаршам, зейнетақы

  5. Жетінші алдымен келді

Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді көрсетіңіз.

  1. Сабақ сегіз жарымда басталады.

  2. Оларға жәрдемақы беріледі.

  3. Бүгін үйірме жұмысы болмайды.

  4. Ертең жарыс басталады.

  5. Шексіз жазық басталды.

"Тіл-құрал " еңбегінің авторы кім?

  1. А.Байтұрсынов

  2. Қ.Жұбанов

  3. Ы.Маманов

  4. А.Ысқақов

  5. А.Ибатов

Қосарлану тәсілінің қай түрі сын есімнің сөзжасамына қатыспайды?

  1. Қайталама қос сөз

  2. Қосарлама қос сөз

  3. Жұрнақ арқылы жасалған түрі

  4. Қосарлаудың екі түрі де

  5. Жалғау арқылы

Туынды үстеу сөйлемде қалай жасалған? Жөнімен сөйлеген сөз орнын табар

  1. Көмектес септіктің түбірге көнеленуімен

  2. Жұрнақ арқылы

  3. Бірігу арқылы

  4. Қосарлану арқылы

  5. Шығыс септік жалғауының көнеленген түрінен

Жалпы есім дегеніміз не?

  1. Бір түрлі көп заттың бір атауы

  2. Бір түрлі көп заттың жеке аты

  3. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім

  4. Оймен танылатын зат есім атауы

  5. Жер-су атаулары

Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?

  1. -ғалы, -гелі

  2. -ып, -іп, -п

  3. -а, -е, -й

  4. -ған, -ген

  5. -атын, -етін

Етістіктің қайсысы сабақты етістік жасайды?

  1. Жар

  2. Дем ал

  3. Қаш

  4. Отыр

  5. Шарша

Мақсат үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

  1. Қасақана тиісті

  2. Зорға қозғалады

  3. Үдей соқты

  4. Тез қимылдады

  5. Әрқашан біргеміз

Қай сөзді көптік жалғауы заттандырып тұр?

  1. Ақылдылар

  2. Бұлар

  3. Кеншілер

  4. Маңдайлар

  5. Жауаптар

Болжалдық сан есім қайсы?

  1. 10 шақты

  2. Бес, алты, жеті

  3. Оныншы

  4. Онның бірі

  5. Бесеу, алты

Сапалық белгіні білдіретін етістікті көрсетіңіз.

  1. Сарғаю, ұзару, азаю

  2. Бұртию, қиралаңдау, шолтаңдау

  3. Жүгіру, секіру, жылжу

  4. Күлу, қуану, ренжу

  5. Азсыну, білгішсіну

Заттың жалпы атауын білдіретін жалпы есімдерді белгілеңіз.

  1. Орман, бала, мал

  2. "Ақ кеме", колхоз

  3. Қасым, трактор

  4. Адам, "Қан мен тер"

  5. Алматы, Алатау

Сапалық сын есімді белгілеңіз.

  1. Көркем

  2. Шоқпардай

  3. Алпамсадай

  4. Еріншек

  5. Көрікті

Көмекші есімдерге тән негізгі белгілер қандай?

  1. мағыналық дербестігі жоқ, түбір күйінде қолданылмайды;

  2. мағыналарынан толық айырылған, түбір күйінде жұмсалады;

  3. мағыналарынан толық айрылған, түбір күйінде қолданылмайды, заттық мағынадағы сөздер;

  4. қимылды білдіреді;

  5. сындық мағынаны білдіретін сөздер.

Көмекші есімдер қандай формадағы сөздермен тіркеседі?

  1. ілік септіктегі;

  2. атау септіктегі;

  3. барыс септіктегі;

  4. табыс септіктегі;

  5. жатыс септіктегі.

Білезік, қарлығаш, биыл қандай сөздер?

  1. біріккен сөз;

  2. түбір сөз;

  3. қосымшалы сөз;

  4. қос сөз;

  5. сөз тіркесі.

Жасырын тұрған септік жалғаулы сөзді белгілеңіз.

  1. хат оқыды;

  2. хат келді;

  3. хат жазылды;

  4. хатқа салды;

  5. хаттар жіберілді.

Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.

  1. қызылырақ;

  2. ақылды;

  3. саналы;

  4. білім;

  5. орысша.

Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз

  1. менен;

  2. өзіңді;

  3. сонда;

  4. оған;

  5. добымды.

Үйде болыңдар деген сөйлемде –ыңдар қандай тұлға?

  1. жіктік жалғау;

  2. көптік тұлға;

  3. тәуелдік жалғау;

  4. септік жалғау;

  5. есімше.

Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

  1. балықшы;

  2. баламыз;

  3. әдемісің;

  4. қалада;

  5. оның.

Сөз түрлендіруші жұрнақты сөзді белгілеңіз.

  1. жазды

  2. оқулық

  3. білім

  4. ойыншық

  5. санасыз

Түбірлердің түрін анықтаңыз.

  1. негізгі, туынды, біріккен, қос сөз;

  2. сөз қосу, сөз байлам, сөз жасам;

  3. дара, күрделі, негізгі, туынды;

  4. жалпы, жалқы, деректі, дерексіз;

  5. болымды, салт, сабақты, тұйық.

Меншіктілікті білдіретін қосымшаны табыңыз.

  1. -нікі/-дікі;

  2. -ды/-ді;

  3. -сың/-сің;

  4. -ма/-ме;

  5. -қыз/-кіз.

Ілік септігі қай жалғаумен матаса байланысады?

  1. тәуелдік;

  2. көптік;

  3. септік;

  4. жіктік;

  5. есімше.

Көптік жалғау сөз бен сөзді байланыстыра ма?

  1. ІІ жақ жіктік жалғаумен (көпше) келгенде;

  2. байланыстырады;

  3. байланыстырмайды;

  4. І жақта байланыстырады;

  5. Кейде ғана байланыстырады

Жіктік жалғаулы сөз тіркесін анықтаңыз.

  1. үйге барады;

  2. ақылды бала;

  3. аязды түн;

  4. кітапты оқы;

  5. дабылды қақты.

« Бардық» сөзіне қандай жалғау жалғанған?

  1. көптік;

  2. жіктік;

  3. тәуелдік;

  4. есімше;

  5. септік;

«Сенімен» сөзіндегі –ні қандай қосымша?

  1. табыс;

  2. ілік септік;

  3. тәуелдік жалғау;

  4. жіктік жалғау;

  5. көптік жалғау.

«Менің оқығым келеді» сөйлеміндегі оқығым сөзінің соңындағы м қандай тұлға?

  1. тәуелдік жалғау;

  2. септік жалғау;

  3. жіктік жалғау;

  4. қалау рай жұрнағы;

  5. бұйрық рай жұрнағы.

Ұштас мәнді қосарлама қос сөздерді көрсетіңіз.

  1. Аты-жөні, апалы-сіңілі, ән-күй, шай-су

  2. У-шу, сәлем-сауқат, аңырап-боздап, аман-есен

  3. Оңды-солды, іші-сырты, жүріс-тұрыс, әрі-бері

  4. Ет-мет, шай-пай

  5. Сатыр-сұтыр, жарқ-жұрқ

Субстантивтену қандай құбылыс?

  1. зат есімге айналу;

  2. етістікке айналу;

  3. сын есімге айналу;

  4. сан есімге айналу;

  5. есімдікке айналу.

Қандай зат есімдер жіктеледі?

  1. адамдарға қатысты;

  2. жануарларға қатысты;

  3. деректі, дерексіз;

  4. жалпы зат есім;

  5. жансыздарға қатысты.

Жалқы есім деген не?

  1. адам аттары, жер, су, мекеме атаулары;

  2. жалпы есімдердің ерекше атаулары;

  3. айналадағы қоршаған жеке зат атаулары;

  4. жалпы зат атауы;

  5. сындық мағынадағы сөздер.

Жалпылау есімдігі қай сөйлемде қолданылған?

  1. бәрі келді;

  2. біз жүрміз;

  3. бірнешеуі барады;

  4. кім келді;

  5. өзің кел.

Жалпы есімдерге берілген түсініктің дұрысы:

  1. жалпы затқа берілген атау;

  2. зат есімдерге берілген атау;

  3. жеке затқа берілген атау;

  4. жалқы заттарға берілген атау;

  5. есімдіктің түрі.

Қандай зат есімдер жіктеледі?

  1. Адамзат есімдері (кімдік есімдер)

  2. Күрделі зат есімдер

  3. Ғаламзат есімдері (нелік есімдер);

  4. Жалпылау есімдігіне;

  5. есімдіктерге

Шоқпардай сөзі сын есімнің қай түрі?

  1. қатыстық;

  2. сапалық;

  3. күрделі;

  4. жалаң;

  5. негізгі.

Морфологияның зерттеу объектісі:

  1. сөз тұлғасын, сөздердің түрленуі мен сөз таптарын

  2. сөз байлығын, сөздік қор мен сөз құрамын

  3. сөздік қор мен сөз құрамын;

  4. сөз тіркесін, сөйлем түрлерін

  5. сөз мағынасын.

Сөз таптары дегеніміз не?

  1. сөздің лексика-грамматикалық категориясы

  2. сөздің лексикалық категориясы

  3. сөздің грамматикалық категориясы

  4. морфемалар жүйесі

  5. Сөздердің функционалды-грамматикалық жүйесі

Түркологияда етістікті аналитикалық формасының теориялық негізін салған кім?

  1. А.Юлдашев;

  2. А.Мещанинов;

  3. Н.Дмитриев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

Қазіргі қазақ тілі (етістік) оқу құралыны авторы:

  1. Ы.Маманов;

  2. Н.Оралбаева;

  3. М.Балақаев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

Сөз таптарын таптастыру принципіне толық сай келетінін белгілеңіз.

  1. Етістік, зат есім

  2. Сан есім, есімдік

  3. Зат есім, сан есім

  4. Еліктеу сөз, одағай

  5. Шылау, модаль сөз

Ы.Мамановтың қосымшаларды жіктеуі -

  1. функциялы, модификациялы;

  2. сөзжасам, сөзбайлам, сөз түрленім;

  3. сөз түрлендіруші;

  4. сөз тудырушы;

  5. жалғау, жұрнақ;

Қазіргі қазақ тілі (морфология) оқулығының авторы-

  1. А.Ысқақов;

  2. С.Исаев;

  3. Т.Қордабаев;

  4. К.Аханов;

  5. М.Оразов.

Негізгі грамматикалық ұғымдарды атаңыз.

  1. грамматикалық категория, грамматикалық форма, грамматикалық мағына;

  2. морфология, синтаксис;

  3. грамматикалық абстракция;

  4. антоним;

  5. морфема.

Жіктік жалғауларының қалыптасуы:

  1. жіктеу есімдіктерінің түбір түрінің өзгерген түрі;

  2. жіктік жалғаулары септелген есімдіктердің энклитикасы;

  3. жіктік және тәуелдік жалғауларының қосылған түрі;

  4. тәуелдік жалғауларының өзгерген түрі;

  5. көне жұрнақтар.

Көне түркі тіліндегі -ғару, -геру тұлғалары қай септіктің қосымшалары-

  1. барыс;

  2. жатыс;

  3. шығыс;

  4. көмектес;

  5. табыс.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет