«Филология: қазақ тілі» мамандығы 1-курс студенттеріне арналған
1-межелік бақылау Модуль 1. Грамматикалық ұғымдар
Лексика-семантикалық тәсіл деген не? сөздердің жаңа мағына ауысуы не ие болуы
сөздердің қосымшалар арқылы жасалуы
сөздердің бірігуі, тіркесу арқыл жасалуы
сөздердің қосарлануы арқылы
сөздердің тіркесуі арқылы
Морфология тілдің қай саласымен байланысты? грамматика, лексика
фонетика, лексика
лексика, синтаксис
Сөзжасам, лексика
фонетика, морфология
Түбірлес сөзді табыңыз. ұш, ұшқыш, ұшқында
басқар, атқар
зергер, зер белбеу
мақта, мақпал
бал, балық, балта
Жіктік жалғауының І-жақ көпше түрінде тұрған зат есімді белгілеңіз. Біз баламыз
Біздің үйіміз
Біз келдік
Қаладанмын
Біз жақсымыз
Жалқы есімді белгілеңіз: Астана
шөп
түйе
Аудан
арман
Көмекші есімдерге тән негізгі белгілер қандай? мағыналарынан айрылған, түбір күйінде қолданылмайтын заттық мәндегі сөздер
мағынасынан толық айрылған, түбір күйінде жұмсалады
мағыналық дербестігі жоқ, түбір күйінде қолданылмайды
қимылды білдіреді
сындық мағынаны білдіретін сөздер
Көмекші есімдер қандай септіктегі сөздермен тіркеседі? ілік септіктегі
атау септіктегі
барыс септіктегі
табыс септіктегі
жатыс септіктегі
Дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін зат атаулары
жеке, дара заттарға берілген атаулар
сезім мүшелері арқылы арқылы білінетін зат атаулары
қосымша мағына үстейтін сөздер
сындық мағынаны үстейтін сөздер
Көптік жалғаулы сөз қандай мағынада қолданылған?
Кенекейлер маздатып от жақты. Жинақтау
Даралық
Меншіктік
Иелік
Болжалдық
Тәуелдік жалғаулы сөйлем қай жақта келген? Сілекейі сорғалап, өкпесін ентіге соғып, ырс-ырс дем алады.
ІІІ-жақ, жекеше
І-жақ, жекеше
І-жақ, көпше
ІІІ-жақ, көпше
ІІ-жақ, жекеше
Табыс септік жалғауы жасаран келген сөйлем қайсы? Мал жиғанша, шөп жина.
Қалмақ жүрген жерде салмақ бар.
Көп сөз өсекке жүк.
Кісі бұйымы кіршіл.
Көпке жүгірген адам құр қалады.
Негізгі грамматикалық ұғымдардың толық қатарын көрсетіңіз. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория
грамматикалық парадигма, грамматикалық тұлға, грамматикалық мағына
Грамматикалық көрсеткіш, грамматикалық мағына
Грамматикалық категория, грамматикалық мағына
Грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз қандай мағына? Сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде, түрлену нәтижесінде пайда болатын, сөздерді топтастырып тұратын мағына
Лексикалық мағынадан бұрын пайда болған жалпы мағына
Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына
Бір сөздің нақты ұғымдық мағынасы
Бір сөзді екінші сөзден айырып тұратын реестрлік мағына
Түркологияда грамматикалық мағынаның қандай түрлері ажыратылады? Жалпы категориялық және жеке грамматикалық мағына
Категориялық грамматикалық және грамматикалық мағына
Жалпы грамматикалық және жеке грамматикалық мағына
Жалпы грамматикалық және қатыстық грамматикалық мағына
Категориялық грамматикалық және жалпы грамматикалық мағына
Жалпы грамматикалық мағына қалай жасалады? Лексикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде
Категориялық грамматикалық мағына арқылы
Қатыстық грамматикалық мағына арқылы
Грамматикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде
Лексикалық мағынаның солғындауы нәтижесінде
Категориялық грамматикалық мағына қалай жасалады? Белгілі грамматикалық формалар (жалғау, сөз түрлендіруші жұрнақ) арқылы
Лексикалық мағынаның дерексізденуі арқылы
Көмекші сөздер арқылы
Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы
Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы
Қатыстық грамматикалық мағына қалай жасалады? Сөз түрлендіруші жұрнақтар мен жалғаулар арқылы
Лексикалық мағынаның абстракциялануы негізінде
Грамматикалық мағына арқылы
Белгілі бір түрлену жүйесі арқылы
Сөздің сөйлеу процесінде басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация арқылы
Мына сөздер қандай грамматикалық мағынаның негізінде топтастырылған? Адамға қатысты зат мағыналы сөздер: бала, әке, шеше, апа, ата. Жалпылық, жалқылық атаулар: қала, ауыл. Астана, Жамбыл. Жалпы грамматикалық мағына
Категориялық грамматикалық мағына
Лексикалық мағына
Грамматикалық мағына
Қатыстық грамматикалық мағына
Грамматикалық мағына беретін тәсілдер нешеу? 3
1
2
5
4
Грамматикалық мағына берілу жолының толық қатарын көрсетіңіз. Семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсіл
Синтетикалық, семантикалық тәсіл
Лексикалық, грамматикалық, аналитикалық тәсіл
Морфологиялық, синтаксистік тәсіл
Аналитикалық, синтетикалық тәсіл
Сөздің лексикалық мағынасының абстракциялануы, дерексізденуі, жалпылануы грамматикалық мағыны жасаудың қай тәсілі? Семантикалық тәсіл
Ситетикалық тәсіл
Аналитикалық тәсіл
Синтетика-аналитикалық тәсіл
Аналитика-синтетикалық тәсіл
Ішкі флексия, сөзге қосымша, префикс қосылу грамматикалық мағына тудырудың қай тәсілі? Грамматикалық тәсіл
Семантикалық тәсіл
Аналитикалық тәсіл
Синтетикалық тәсіл
Аналитика-ситетикалық тәсіл
Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын белгілеңіз. адамзат және ғаламзат есімдер, жалпы есім және жалқы есімдер
тәуелдік категориясы
көптік категориясы
септік категориясы
жіктік категориясы
Жалқы есім деген не? адам аттары, жануар, мекеме атаулары
жалпы есімдердің ерекше атаулары
айналаны қоршаған жеке зат атаулары
жалпы зат атауы
сындық мағынадағы сөздер
Грамматикалық тұлғаға жататындар - ... Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар
Сөз тудырушы жұрнақтар
Тілдегі жалғаулар ғана
Сын есімнің шырай жұрнақтары, есімше, көсемше, етіс, рай, шақ жұрнақтары
Тілдегі кез-келген қосымша
Грамматикалық категория болу үшін 8 түрлі шартты санамалап көрсеткен ғалым - ... Н.Оралбаева
А.Ысқақов
К.Аханов
С.Исаев
Ә.Хасенов
Грамматикалық категория қай сөз таптарына тән емес? Есімдік, сан есім, үстеу
Барлық сөз таптарына
Етістік
Сын есім
Зат есім
Сөз формасы... Сөзге тек грамматикалық мағына үстейтін формалар қосылу арқылы жасалады
Сөзге лексикалық мағына үстейтін формалар қосылу арқылы жасалады
Сөзге әрі лексикалық, әрі грамматикалық мән үстейтін қосымшалар қосылу арқылы жасалады
Сөзге кішірейту мәнін үстейтін қосымшалар арқылы жасалады
Сөзге реңк мәнін үстейтін қосымшалар арқылы жасалады
Өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады? Негізгі түбір
Туынды сөз
Туынды түбір
Жалаң сөз
Күрделі сөз
Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы не жасалады? Туынды түбір
Жалаң сөз
Негізгі түбір
Туынды сөз тіркесі
Күрделі сөз
Өз алдына дербес қолданылмайтын, мағынасы жойылған, тек қана көне сөздерде сақталып қалған түбірлер қалай аталады? Өлі түбір
Тірі түбір
Көне түбір
Күрделі түбір
Негізгі түбір
Жалпы есімдерге берілген анықтаманың дұрысы - бірыңғай заттар берілген атау
зат есімдерге берілген атау
жеке затқа берілген атау
жалқы заттарға берілген атау
есімдіктің түрі
Сыңарларының не біреуі, не екеуі де мағыналарынан айырылып, әрі дыбыстық өзгерістерге ұшырап, бір тұлға ретінде қалыптасқан сөздердің түрі қалай аталады? Тіркес сөз
Біріккен сөз
Қос сөз
Кіріккен сөз
Қысқарған сөз
Сыңарларының мағыналары жағынан да, тұлғалық жағынан да еш өзгеріске түспей, бір ұғымның атауы болып келген күрделі сөз қалай аталады? Біріккен сөз
Кіріккен сөз
Қос сөз
Тіркес сөз
Қысқарған сөз
Біріккен сөздер қайсы? Асқазан, ұлтабар
Көзбе-көз, сөйлей-сөйлей
Жаман-жәутік, кедей-кепшік
Қара ала, ұзын бойлы
Көгорай, қолғанат
Морфология тіл білімнің қай саласына жатады? грамматика
лексикология
дербес сала
Синтаксис
Морфонология
Синтаксистік тәсіл дегеніміз не? сөздердің бірігуі, тіркесу,і қосарлануы арқылы жасалуы
сөздердің жаңа мағынаға ауысуына ие болуы
сөздердің қосымшалар арқылы жасалынуы
жұрнақтар арқылы
қосымшалар арқылы жасалуы
Аналитикалық жолмен жасалған сөздерді табыңыз. желаяқ, сәлемхат
куәгер
жүйрік, айдар, айлық
оқушы, басшы
баспа
Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл дегеніміз не? сөздердің қосымшалар арқылы жасалуы
сөздердің жаңа мағынаға ауысуы
сөздердің бірігуі
сөздердің орын тәртібі арқылы жасалуы
сөздердің тіркесуі арқылы
Туынды сөзді морфология қай жағынан қарастырады? құрамы, тұлғасы
нәтижесі
тәсілі
мағынасы
дыбыстық құрамы
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзді табыңыз. қаламгер, оқырман
АҚШ, бірқазан, егеуқұйрық
өкілетті, елші, дөңгелек стол
бүгін, әкел, апар
баспана, желаяқ
Лексика-семантикалық тәсіл қайсы? сөз мағынасының жаңаруы
жұрнақ арқылы
қосарлану арқылы
басқа тілден сөз ену
бірігу арқылы
Аралас тәсіл қайсы? аналитика-синтетикалық
синтетикалық
аналитикалық
синтаксистік
семантикалық
Сөз түрлендіруші жұрнақтардың жіктелімі - модификациялық, грамматикалық
Субстантивтенген сын есiмдi белгiле. Бұл кәрiлер сұрау салмайды.
Сәукеле - биiк шың.
Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жiбектей жұмсақ.
Ақкөңiл өте қарапайым адамдар.
Саусақтары жұп-жұмсақ ,жып-жылы екен.
Етiстiктен жасалған туынды есiмдi белгiлеңіз. көтерiңкi, асыранды
батырлық, ақшыл
ойлы, салмақсыз
таудай, көкшiл
сезімтал, ақылды
Асырмалы шырайдың жасалу жолдарын көрсетiңiз
Шолпан қызыл шырайлы, дөңгелек беттi, өте сүйкiмдi. күшейткiш үстеулер тiркесу арқылы
қосарлану арқылы
күшейткiш буын арқылы
жұрнақтар арқылы
қайталау арқылы
Салыстырмалы шырай жұрнақтарын белгiле. -лау,-ырақ
-дай,-iңкi
-шы,-лық
-лы,-сыз
-дық,-ымпаз
Жинақтық сан есімнің саны: жетеу;
алтау;
он;
үшеу;
бесеу.
Сөз таптастырудың негізгі принциптері семантикалық, морфологиялық, синтаксистік
лексика-семантикалық;
функционалды-семантикалық;
семантикалық;
фонетикалық.
Тіркескен күрделі зат атауларын анықтаңыз. бесік бау, іс қағазы
өкпе-бауыр, мектеп-лицей
ар-ұят, ЖАК
ағайын, жарғанат
алтыбақан, Мұқтар-Мұқа
Сын есімнің семантикалық топтарын анықтаңыз. Сапалық сын есім, қатыстық сын есім
жалаң сын есім, күрделі сын есім
екі құрамды күрделі сын есім
үш құрамды күрделі сын есім
екі-үш құрамды күрделі сын есім
Күшейтпелі шырай сын есімді анықтаңыз. жап-жасыл, біп-биік
сұрғылт, қоңырқай, қызғылт
сарылау, кішілеу
сұрқай, көкшіл
ақшыл, қысқарақ
Сөйлемдегі сан есімнің синтаксистік қызметін анықтаңыз.
Қызыл шұбары - он үш, қарасы - тоғыз, құбақаны - бесеу. Баяндауыш
Бастауыш
Толықтауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Зат есімнің сөзжасамдық жұрнағы бар туынды сөздер сенім
алыңқыра
балам
қалам
келем
Қосарланған күрделі етістіктерді тап көре-көре, сұрай-сұрай
ата-ана, әке-шеше
қызыл-жасы, көк-сары
келе-келе, жеті-сегіз
үсті-үстіне
Біріккен сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Еламан түршігіп кетті.
Беті ашық шелекті қолына алып жөнеле берді.
Аяғымен кезек тепті.
Төргі бөлмеде қадірлі қонақтар жайғасыпты.
Қуаныш ұзағынан болсын
Кіріккен күрделі етістіктерді тап. әкел, апар, әкет
алып кел, апарып бер
келе-келе, жылап-сықтап
әкеле жатыр, апарып бер
жәрдем ет, жеткізіп бер
Жұрнақты тап. -ыс, -іс, -с
–қа, –ке
–лар, -лер
–мен, -бен
–ның, нің
Шылау сөзден қалыптасқан қай септік? Көмектес септік
Ілік септік
Шығыс септік
Жатыс септік
Табыс септік
Ерікті қалау мәнін тудыратын қосымша қайсы? Барғымыз келеді
Сатып алғайсыңдар
Айтса игі еді
Келіп кетсе
Сенерсің
Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді көрсетіңіз. Қарағым, кітабың сөреде тұр.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жанат бүгін келмекші
Перизат өлең айтты.
Дала гүлін көрді.
Қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, түбір құрамында лдыбысы болса, -ын, -іл, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістің қай түрі? Ырықсыз етіс
Ортақ етіс
Өзгелік етіс
Өздік етіс
Туынды түбір
Қимыл, іс-әрекеттің субъектіге қарай бағытталғандығын білдіріп, сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалатын етістің қай түрі? Өздік етіс
Өзгедлік етіс
Ырықсыз етіс
Ортақ етіс
Туынды түбір
Төменгі категориялардың қайсысы етістіктің лексика-грамматикалық категориясына жатады? Салт-сабақтылы категориясы
Рай категориясы
Шақ категориясы
Жақ категориясы
Есімше
Жіктік жалғауында тұрған есімшені белгілеңіз. Бармассың
Айтарым
Көрермен
Тұрамын
Келгенге
Жіктік жалғаулы көсемшені белгілеңіз. Сен айтыпсың
Менің оқушым
Мен оқушымын
Оның айтқаны болды
Ол жақсы орындады
Есім сөздерден жасалған сын есімдік қатарды көрсетіңіз. Сөйлемпаз, намысқой
Барғалы, оздыр
Қалашық, әуесқой
Жоғарғы, төменгі
Е) Оқыған, сағынған
Қосарлану арқылы жасалған сын есімді белгілеңіз. Үлкенді-кішілі үйлер
Жасыл орман, көк сай
Өрілген шашақ
Жып-жылмағай киінген
Қараңғы үңгір
Ауыспалы осы шақта төрған сөзді көрсетіңіз. Ол ерте тұрады.
Лагеръге бармақ.
Сен қайда бара жатырсың?
Әңгіме айтты.
Мен ертең келермін.
Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеу қайсы? Кешкісін, ертеңгісін
Қазақша, орысша
Бармайынша, келмейінше
Жөнімен, ретімен
Ілгері, кейін
Үстеуі бар сөйлемді белгілеңіз. Ертең бәрібір ор бойындағы шекарадан әрі қарай аяқ басты-ақ, бүгежектеуге тура келеді
Бұл кезде менің жасым он жетіде еді.
Бақыт арбадан түсті де, жұмыстан ала келген бір шана шөбін қораға апарып шашып тастады.
Көлдердің маңайы ащылы келеді.
Сабақ басталды.
Салт етістік қатысқан сөйлем қайсы? Әсем сылқ-сылқ күлді.
Дәкен қария шаршап-шалдығу дегенді білмейді екен.
Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма.
Ол кино көрді.
Малды бақсаң, қойды бақ, май кетпейді шарадан
Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Жақтық мағыналы сөздер
Шақтық мағыналы сөздер
Сілтеу мағыналы сөздер
Қимыл мәнді сөздер
Сұрау мәнді сөздер
Етістіктің қай түрі тікелей есім сөздерше түрленеді? Тұйық етістік
Етіс
Болымсыз етістік
Көсемше
Сабақты етістік
Мекен үстеулі сөйлемді анықтаңыз. Қыз ілгері қарай алмады.
Еламан өз бөлмесіне барып жатып қалды.
Кешегі төбелестен кейін оны көргісі келмеді.
Ақбала жаққа көз қиығын тастады.
Біздің ішіміздегі жалғыз қазақсың.
Сын есімнің орнына қолданылған белгісіздік есімдігі қайсы? Қайсыбір жігіттер ерте оянды.
Тәңірберген әркімге бір қарады.
Енді бұрынғыдай біреуді паналамайды.
Әлденеге мазасыздана берді.
Қалау әлдеқашан оянды.
Болжалды келер шақтағы етістіктің баяндауыш қызметін көрсетіңіз. Жастар өсер, заман түзелер
Барар жерің белгілі.
Келер заман жарқын болғай.
Өнеріңді ұшқырла
Ұмытылар кез келді.
Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз. Малды ауыл
Баспахана үйі
Биіктеу тау
Кішкене төбешік
Көкшіл мата
Тәуелді септеулі сөйлем қайсы? Жүрегіңнің жұмбағын шешіп береді.
Елдің іші - береке.
Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.
Өлімнен ұят күшті
Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Жіктік жалғауы нені білдіреді? Қимыл иесі мен оның орындалғанын
Қимылдың орындалмағанын
Меншіктілікті
Көптік ұғымды
Бағыт мағынасын
Сөз түрлендіруші жұрнаққа тән белгі. Сөзге грамматикалық мән үстейді
Сөзге лексикалық мән үстейді
Жаңа сөз тудырады
Ешқандай мән үстемейді
Сөзге әрі лексикалық, әрі грамматикалық мән үстейді
Есептік сан есімдер сан есімге қай қосымша қосылу арқылы жасалады? ешбір қосымшасыз
-ау, -еу
-ыншы, -інші
-дай, -дей
-даған, -деген
Ерікті қалау райлы тіркесті ажыратыңыз. Санағысы келеді
Санаса екен
Санаса игі еді
Санаса
Осылар санасын
Қатыстық сын есімді көрсетіңіз. Қысқы, басыңқы
Бермес, назар
Гүлге, ерге
Кеше, бүгін
Оның, маған
Баяндауыш қызметінде тұрған сан есімді белгілеңіз. Ол қырық бесте
Қызықты, өтімді
Ана, мына
Бағдаршам, зейнетақы
Жетінші алдымен келді
Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді көрсетіңіз. Сабақ сегіз жарымда басталады.
Оларға жәрдемақы беріледі.
Бүгін үйірме жұмысы болмайды.
Ертең жарыс басталады.
Шексіз жазық басталды.
"Тіл-құрал " еңбегінің авторы кім? А.Байтұрсынов
Қ.Жұбанов
Ы.Маманов
А.Ысқақов
А.Ибатов
Қосарлану тәсілінің қай түрі сын есімнің сөзжасамына қатыспайды? Қайталама қос сөз
Қосарлама қос сөз
Жұрнақ арқылы жасалған түрі
Қосарлаудың екі түрі де
Жалғау арқылы
Туынды үстеу сөйлемде қалай жасалған? Жөнімен сөйлеген сөз орнын табар Көмектес септіктің түбірге көнеленуімен
Жұрнақ арқылы
Бірігу арқылы
Қосарлану арқылы
Шығыс септік жалғауының көнеленген түрінен
Жалпы есім дегеніміз не? Бір түрлі көп заттың бір атауы