«Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі»



Дата03.01.2022
өлшемі16,54 Kb.
#108191
Байланысты:
Философия, Шакенова Жансая, шет тілі-2 шет тілі, 2-курс, Семинар 3, эссе


Эссе

«Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі»

Рухани жаңғыру – адамның санасының, ішкі дүниесінің жаңаруы, болашақтағы өзгерістерді қабылдай отырып оны үйренуі және санасына бекітуі деп түсінемін. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы айтатын болсақ Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында жаңғыруды қазіргі ғаламдық қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа жол ашатын және соған жетелейтін сенімді көпір деген болатын. Үшінші жаңғыруда Қазақстанды 30 озық елдің қатарына кіргізуге арналған негізгі бес басымдық қарастырылған болатын. Менің ойымша осы жаңғыруды іске асыру барысында философияның алатын орны өте үлкен.

Үшінші жаңғырудың 5 негізгі басымдылықтары бар. Бірінші басымдық - экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту. Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту. Үшінші басымдық - қаржы секторын «қайта жаңғырту». Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бесінші басымдық - қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Осы басымдылықтарды іске асыру кезінде философияның алатын орны өте маңызды. Философияның негізі мағынасы «даналыққа құштарлық». Бұл өмір даналығы туралы ғылым. Философия білім беру ғылымынан бастап, экономика, қаржы секторы, адами қарым-қатынас сияқты барлық саланы қамтиды. Ол адам тіршілік етуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Философия өмірді тануға бағытталған. Бұл біздің еліміздің үшінші жаңғыруының негізгі сипаттамаларымен және басымдылықтарымен тұспа-тұс келеді. Сыбайлас жемқорлық философиялық тұрғыдан антикалық дәуірде Платон мен Аристотель кезінде пайда бола бастаған. Платон идеалды мемлекет бейнесін құрып, билеуші адамдар өз қамын ойлап кедей халықтың қолындағыларын тартып алатын болса бұл идеалды мемлекет болмайды және жақсылыққа апармайды деп тұжырымдаған болатын. Философия әрбір адамды жеке тұлға деп қабылдайды және тұлға өзінің барлық мүмкіншіліктерін пайдалану керек. Яғни өзінің барлық адами капиталын меңгеріп жақсарта білу керек. Марксизм негізінен экономикалық және әлеуметтік-саяси, философиялық көзқарастар жүйесі. Марксизмнің негізгі мақсаты қоғамның жылжытушы күшін жұмысшылардың маңыздылығын теориялық тұрғыдан негіздеу болды. Яғни экономиканы көтеру. Және де қаржы жайлы келетін болсақ, қаржының көптеген негізгі қызметтері бар. Қаржылық сауаттылықты меңгере білсек біздің ақшамен тығыз байланысты екенімізді және оны қалай дұрыс қолдану керектігін үйрене аламыз.

Дүниетаным және ақиқатты дүниетанымның соңғы және жоғарғы философиясы деп айтсақ та болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың арқасында еліміздегі «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы арқасында ұлттық рухани құндылықтар мен мұраларымызды игеріп, дамытуда философия өте үлкен рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет