Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
Жай мектеп Алгебра 4 kz, ZAEEPIQFYNBQ21112023062036
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
12
жөнінде дұрыс қалыптасқан пікір жоқ деген 
тұжырым жасауға итермелейді. Сонымен қатар 
әйелдердің басым бөлігі (43 %) «Әйелдер саясатта 
қажет, 
өйткені 
олар 
ерлерге 
қарағанда
айлалырақ әрі икемдірек» деп санайтынын баса 
атап өту керек. Сондай-ақ ер адамдардың 38,2 %
әйелдер 
саясатқа 
араласса, 
мемлекеттің 
әлеуметтік саясатының тиімдірек болатындығына 
сенімді. Әйелдердің саны көп болғандықтан олар 
саясатқа араласу керек деп санайтын әйелдердің 
үлесі 36,8 % құрайды. Жоғары білімді 
информанттардың тек 11,8 %, орта және арнайы 
орта білімі барлардың 12,9 % әйелдер қоғамның 
өзекті 
мәселелерінен 
көбірек 
хабардар 
болғандықтан оларды саясатқа араластыру қажет 
деп есептейді.
B.15. Егер олай санамасаңыз,
не себептен? 
 
Респонденттердің көпшілігі (14,4 %) әйелдердің 
саясатқа араласуының мүмкін еместігін аталмыш 
кәсіпке отбасы мен ананың міндетін қосып 
атқарудың үйлеспейтіндігімен байланыстырады.
Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 9,4 
% саясат әйелдер үшін күрделі іс деп санайды.
Респонденттердің аз бөлігі (6 %) «Саясат – ерлер 
патшалығы» 
деген 
көзқарасты 
ұстанады. 
Пікірлердің аймақтар бойынша бөлісі де 
информанттарда саясат пен ана болу бір-біріне 
үйлеспейді деген ойдың басым екендігін 
көрсетеді. Мұнда әсіресе, саясатты «Лас іс, онда 
әйелдерге орын жоқ» деп санайтын Шымкент (26 
%) пен Астана (16 %) тұрғындарының пікірі 
ерекше көзге түсетінін айта кету қажет. Саясат 
әйелдерге жар және ана болуға мүмкіншілік 
бермейді деп санайтын ерлердің үлесі (16,6 %) 
әйелдерге (13,1 %) қарағанда көбірек. Сонымен 
қатар саясат – әйелдер үшін тым күрделі іс деп 
білетін ерлердің үлесі де (11 %) әйелдерге (8,4 %) 
қарағанда жоғары. Жас санаты бойынша 
нәтижелер де саясат әйелдерге арналған іс емес, 
өйткені олардың аналық және отбасылық 
міндетіне кедергі келтіреді деген пікірдің 
басымдылығын көрсетеді. Бұл көзқарас әсіресе, 
18 - 30 жас аралығындағылар (15,9 %) мен 60 
және одан жоғары жастағы топ өкілдеріне (14,8 
%) тән. Жауаптарды респонденттердің білім 
деңгейіне қарай саралау жоғары білімі барлар 
(11,7 %) мен орта және арнайы орта білімі 
барлардың (18,6 %) ана міндеті мен саясатты 
қалай ұштастыруға болатынын түсінбейтіндіктерін 
көрсетеді. Саясат әйелдің отбасылық және 
аналық қызметіне бөгет болады деген пікір орыс 
ұлтына (7,3 %) қарағанда қазақ ұлты (15,6 %) мен 
басқа ұлттар өкілдерінде (15 %) басымырақ. Ауыл 
тұрғындарына (4,8 %) қарағанда қалалықтар (9,6 
%) «Саясат – лас іс, онда әйелдерге орын жоқ» 
екеніне сенімдірек. Ауыл тұрғындары әсіресе, 
саясат әйелдің отбасылық және аналық қызметіне 
бөгет болады деген пікірді көбірек қолдайды 
(19,6 
%). 
Әйелдердің 
саясатқа 
араласу 
мүмкіншілігіне 
қатысты 
қазақстандықтардың 
ұстанған 
мұндай 
дәстүршіл 
көзқарастары 
түңілдіреді және қауіп шақырады. Әсіресе, 18 - 30 
жас аралығындағы топ өкілдерінің пікірі ерекше 
алаңдаушылық тудырады. Cондай-ақ ҚР гендерлік 
теңдік стратегиясында екінші мақсат ретінде 
қоғамдық-саяси өмірде және әйелдерді саясатқа 
белсенді түрде араластыруда гендерлік теңдікке 
қол жеткізу (әйелдер істері және отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 
бастамасы 
бойынша 
әйелдердің 
саяси 
көшбасшылық клубтарының желісін құру) атап 
көрсетілсе 
де, 
қазақстандық 
саясаттағы 
әйелдердің орнына қатысты жағдайда сапалы 
өзгерістер байқалмайды.
B.16. Қазақстандық әйелдерді саясатқа 
белсенді араластыру үшін қандай 
шаралар ұсынар едіңіз? 
 
Жауап нұсқаларын жалпы талдап қарастыру 
респонденттердің басым бөлігінің (45,9 %) 
әйелдерді саясатқа белсенді түрде тарту үшін 
оларға саясат пен отбасын қатар алып жүруге 
мүмкіндік беретін жеңілдіктер ұсынылуы қажет 
және әйелдерге саяси басшылықты үйрету керек 
(40,2 %) деген пікірде екендігін көрсетті. Келесі
біршама бөлігі әйелдердің саяси партиясын құру 
қажет деп есептейді (33,8 %). 23,7 % жауап 
ретінде 
мәслихаттағы 
және 
Парламент 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет