Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет36/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
28
ортақ міндет деген пікірде. Орыстардың да (80,13 
%), қазақтардың да (70 %) ең көп бөлігі үйдегі 
шаруаларды ана мен әйелге жүктейді. Өзге 
этностар өкілдерінің ішінде де көпшілік (36,1 %) 
үй шаруашылығын жүргізу міндетін анаға артады. 
Ауыл 
тұрғындарының 
арасында 
«Ерлі-
зайыптылардың екеуі де» деген көрсеткіш қалаға 
(22,6 %) қарағанда біршама жоғары (25,3 %). 
Ауылдық елді мекендерде көбінесе жеке үй 
болатындықтан, оның көп шаруасы еркектің 
иығына 
түседі. 
Қаламен 
салыстырғандағы 
жоғарырақ көрсеткіш осы жайтпен байланысты. 
Ал қала әйелдері үйден тыс қызметпен белсенді 
айналысатындықтан оларда «Әке, күйеу» деген 
жауап көбірек кездеседі (3,6 %).
ҚР гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясында
жетінші мақсат былай деп атап көрсетілген: 
«Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу; 
отбасын нығайту мен отбасындағы тәрбие рөлін 
жоғарлату». 
Бірақ 
ресми 
дискурс 
басты 
проблемалар қатарына ата-ананың бірі (оның 
көбі ана болып келеді) мен балалардан ғана 
тұратын толық емес отбасыларын; отбасынан 
тысқары тұратын адамдардың жоғары үлесін; 
отбасындағы бала тәрбиесіне деген әке 
ықпалының төмендігін; ажырасудың көптігін; 
отбасы мәртебесінің түсуін; отбасылық өмірдегі 
жанжалдардың 
көбеюін; 
отбасындағы 
қақтығыстар мен әйелге қатысты зорлық 
деректерін жатқызады. Ал қоғамдық дискурс үшін 
әйелдің үй шаруасы мен мамандық қызметін 
үйлестіре білуі, бала бақыты, әйел үшін декреттік 
демалысқа шығу мен экономикалық тәуелсіздік 
мүмкіншілігі, «қалыңдық ұрлау» салты, өмірлік 
серік таңдаудағы ата-ана ықпалы секілді 
мәселелер маңызды болып отыр.
 
Блок Е. БАҚ 
E.36. Сіздің ойыңызша қазақстандық
БАҚ (радио, газеттер, телевизия)
ер мен әйел бейнесін 
қалыптастыруға қатыса ма? 
 
Сауалнамаға 
қатысушылардың 
32,8 

қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары ер 
мен әйелдің бейнесін қалыптастыруға кейде ғана 
ат салысады деп ойлайды. 28,7 % БАҚ ықпалы
бар деген пікірді қолдайды. Сөйте тұра ешқандай 
ықпалы жоқ деп ойлайтындар (21,7 %) мен бұл 
мәселе туралы ойланбағандардың (16,8 %) 
қосындысы аталмыш сұраққа «Иә» деп жауап 
берушілердің үлесінен көп. Ерлердің 37,6 % 
қазақстандық БАҚ ерлер мен әйелдердің 
бейнесін қалыптастыруға кейде әсер етеді деген 
пікірді білдірсе, әйелдердің 32,4 % БАҚ ерлер мен 
әйелдердің қалай болуға тиіс екендіктеріне 
міндетті түрді әсер етеді деп ойлайды. 18 - 30 жас 
аралығындағы респонденттердің көпшілігі (30,8 
%) қазақстандық БАҚ кейде гендерлік бейнелерді 
қалыптастырады деген пікірде. Ер мен әйелдің 
бейнесін сомдауға БАҚ-тың әсер ететіндігіне ең 
көп сенетін топ – 46 - 59 жас аралығындағы 
респонденттер болса (31,1 %), ең аз сенетін топ –
60 және одан жоғары жастағы респонденттер 
(19,3 %). Қазақстандық БАҚ ер мен әйелдің 
бейнесін қалыптастырады дегенге орта және 
арнайы орта білімділердің 66,8 % сенімді болса, 
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі 
барлардың тек 32,1 % ғана сенеді. Жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 
респонденттердің басым бөлігі (33,6 %) олардың 
әсері тек кейде ғана тиеді деген пікірді қолдайды. 
Қала тұрғындарының 33,3 % және ауыл 
тұрғындарының 31,3 % БАҚ ерлер мен 
әйелдердің бейнесіне кейде ғана әсерін тигізеді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет