Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет31/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
24
өкілдері (9,9 %) РК қылмыстық кодексінің бабын 
дәл атап бере алады. 60 және одан жоғары 
жастағы адамдардың 6,7 % ондай жаза жоқ және 
бұл ешқандай да қылмыс емес деп санайды. 
Жоғары білімі бар респонденттер заңнан көбірек 
хабардар екендіктерін көрсетті. Орта және 
арнайы орта білімі бар респонденттердің 49,8 % 
ондай жаза түрінен бейхабар. Этникалық 
деңгейде «қалыңдық ұрлау» бойынша қылмыстық 
жаза туралы ең аз білетін топ – қазақ ұлтының 
өкілдері (47,2 %). Орыс ұлтының өкілдері 
арасында «қалыңдық ұрлау» үшін жаза бар 
екендігін білмейтіндердің үлесі көп - 45,6 %, ал 
16,5 % бұл мәселе жөнінде ойланбаған. Бұл 
деректі орыс ұлтында мұндай дәстүрдің жоқ 
екендігімен 
түсіндіруге 
болады. 
Ауыл 
тұрғындарының басым бөлігі (58,1 %) «қалыңдық 
ұрлау» үшін ҚР қылмыстық кодексінің 125 бабы 
бар 
екендігінен 
бейхабар 
екен. 
Қала 
тұрғындарының арасында заңнан хабардар 
адамдардың үлесі көбірек (9,6 %). 
D.29. Сіздің ойыңызша тұрмыс құрғысы 
келген бойжеткенге ата-анасы қарсы 
болса, оның некеге отыруына бола ма? 
 
Респонденттердің көпшілігі (45 %) «Білмеймін, 
жағдайға байланысты» деген жауапты көрсетті.
35,1 % «Жоқ, қажеті жоқ болу керек» деп санаса, 
тек 19,9 % ғана қыздың ата-анасының еркiне 
қарсы келуін қолдайды. Бұл сұраққа қатысты 
респонденттердің жауаптары әркелкі сипатта 
болды. Егер бұған дейінгі сұрақтар бойынша екі 
жыныс өкілдері пікір ұқсастығын көрсетіп
жауаптар арасындағы айырмашылық деңгейі 
төмен болса, аталмыш сұраққа қатысты пікір 
айырмашылықтары жоғары деңгейде. Ерлердің
52,1 % ата-ананың батасын алмай некелесу 
мүмкін емес деп есептейді. Әйелдердің 53,7 % 
өмірде бәрі болуы мүмкін деген оймен мәселені 
жағдайға қатысты шешу керек деп біледі.
Аға буын өкілдерінің көпшілігі «Жоқ, қажеті жоқ 
болу керек» деген жауапты таңдады (51,9 %). 31 -
45 
жас 
аралығындағы 
топ 
ата-ананың 
рұқсатынсыз некеге тұруға шешім қабылдарда 
жағдайға қатысты көру керек екендігіне көбірек 
назар аударды (47,7 %). Орта және арнайы орта 
білімді респонденттер ата-ананың батасын алмай 
некеге тұруды ең көп мінеген топ болды (43,9 %).
Жоғары білімді респонденттер некені қолдайтын 
жағдайларға үміт артады (49 %). Ал этникалық 
тиістілік жалпы алғанда ата-ананың батасын 
алмай некеге тұруға қатысты сұрақ бойынша 
пікірге көп әсер еткен жоқ. Аталмыш жайтты өз 
басына, балалары мен ағайын-туысына қатысты 
елестетіп көрген респонденттер тұрмыс құрғысы 
келген қыз сол сәттегі жағдайға қатысты шешім 
қабылдауы қажет деген пікірге көбірек тоқталды.
Ата-ана қарсы болса, тұрмыс құрудың қажеті жоқ 
деген ойдағы респонденттердің үлесі ауыл 
тұрғындарының арасында 6%-ға артық. Ал қала 
тұрғындарының көпшілігі (45,9 %) не істеу қажет 
екендігін білмейді немесе барлығы сол сәттегі 
жағдайға байланысты деген ойда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет