Түйін сөздер:
тілдік кемістік, тілдік қарым-қатынас, түзету, дамыту,
қалыпқа келтіру.
Болашақ мамандардың дайындығын жетілдіру мен оқыту сапасын
арттыру жоғары оқу орны үшін тек педагогикалық-психологиялық қана емес,
сонымен бірге саяси-әлеуметтік мәселе. «Alikhan Bokeihan University» – індегі
психологиялық-педагогикалық (түзеу) коррекция кабинетінің студенттер мен
магистранттардың
ғылыми-теориялық
білімдерін
жетілдіріп,
кәсіптік
қызығушылықтарын қалыптастырып, іскерлік пен дағдыларын дамытуда орны
мен ықпалы ерекше. Әсіресе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып шығармашылық дағдыларын жетілдіреді және
қалыптастырып, емін-еркін өзбетімен қолдана алады.
«Психология», «Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
23
мамандықтарында оқитын студенттер мен магистранттардың психологиялық-
педагогикалық ғылыми пәндерінен алған ғылыми-теориялық білімдерінің
өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді
жасаудың жолдары сан алуан [1]:
– оқытудың мазмұны мен әдістемесін студенттің тұлғалық сипатына
(тұлғалық жетістіктеріне) негіздеп қайта кұру арқылы әр студенттің
қайталанбас тұлға екендігіне көз жеткізу;
– студенттің өзіне-өзінің сенімділігін арттыру;
– болашақ мамандығына қажетті сапаларды меңгерту.
«Alikhan
Bokeihan
University»-дегі
психологиялық-педагогикалық
коррекция кабинеті арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік
қағидаларын басшылыққа алып, 2020 жылдың желтоқсан айында салтанатты
түрде ашылды. Психологиялық-педагогикалық (түзеу) коррекция кабинеті
жайлы Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27 шілдедегі «Білім туралы» [2],
ҚР-ның 2002 ж. 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-
педагогикалық түзету арқылы қолдау» Заңы [3] және ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2017 ж. 14 ақпан айындағы № 66 бұйрығымен бекітілген.
Қазіргі кезде балалардың тілдік дамуындағы кемістіктер жиі кездесетіні
байқалуда: сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалау, бір дыбысты
екінші дыбыспен алмастыру, ойын жеткізе алмау, тілдік қарым-қатынастан бас
тарту, өзінің тілдік кемістігін жасыру мақсатында, түрлі амал жасау және т.б.
Тілдік кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесуге деген қызығушылықты
төмендетеді және сөздік қарым-қатынас барысында қиындықтар тудырады.
Аталған себептер баланың дұрыс жетілуін күрт тежейді, ақыл ойы дамуының
біртіндеп кешеуілдеуіне және басқа да жағдайларға әкеп соғады.
Сондықтан
«Alikhan
Bokeihan
University»-дегі
психологиялық-
педагогикалық коррекция кабинеті оқытушыларының коррекциялық –
дамытушы технологияларға ерекше көңіл бөлуі кездейсоқ емес. Жалпы
балалардың өзіндік белсенділігі мен өз бетінше әрекет ету қабілетіне көңіл бөле
отырып, белсенділіктері мен тәуелсіздігін шектемейтін жағымды орта жасауды
мақсат еттік.
Психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетінде тілдік кемістігі
бар балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының мақсаты: балалардың
әлеуметтік мәртебесін арттыру; қалыптастыру; сөйлеуін жан-жақты дамыту
және түзету, балалардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке
тұлғалық позитивті қасиеттерін дамыту.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмысының негізгі
бағыттары:
Психодиагностикалық,
Консультациялық,
Ағартушылық-профилактикалық,
Түзету-дамытушылық,
Әлеуметтік бейімделу.
|