Development trends of modern education
62
шаңға батады. Егер атмосфералық шаң негізінен
ылғалды жерлерде шөгіп
жинақталуы мүмкін дегенін ескерсек, онда бұл процестен таулар да сырт қала
алмайды, себебі орта азиялық өзендер мен сулардың бастауы сол таулардан
алынады. Арал тұзы мен шаңы ауаға тым биікке көтеріле отырып, бұлттармен
араласып кетеді, үлкен ара қашықтыққа дейін ұшады, тұзды шөгінділер ретінде
шөгеді.
Арал катастрофасының зардаптары өңір аумағынан да шығып кетті.
Теңіздің кеуіп бара жатқан акваториясынан жыл сайын жанартау
атқылаған сияқты 100 мың тонна тұз бен әр түрлі
химикаттары мен улы
қоспалары бар ұсақ ұнтақты шаң ұшады, ұшқан тұз бен шаң дауылы барлық
тіршілікке келеңсіз әсерін тигізуде. Арал батыстан шығысқа қарай күшті
ағынды ауа ағысының жолында орналасқан, сондықтан атмосфераның жоғарғы
қабатына аэрозольдардың шығуына мүмкіндік береді, ластану әсері тым қатты
күшейеді.
Тұз ағындарының іздері барлық Еуропа бойынша, тіпті Солтүстік Мұзды
мұхитқа дейін ұшады.
Аралдың таяздау және соған шектес жатқан
өңірлердің шөл далаға
айналуын талдау 2010-2015 жылдарға қарай теңіздің толықтай жойылып кетуі
мүмкін деген қатерлі болжамға әкеледі. Нәтижесінде – жаңа Аралқұм шөлі
пайда болады, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінің жалғасына айналады. Тұз
бен әр түрлі улы заттардың үлкен мөлшері көптеген жылдар бойы бүкіл жер
шарына таралады, ауаны улайды және планетаның озон қабатын бұзады. Арал
маңында жаз неғұрлым құрғақ және қысқа, ал қысы тым қатты суық және ұзақ
болады. Ал мұндай жағдайдан ең бірінші, әрине, Арал маңының тұрғындары
зардап шегеді. Ол, бәрінен бұрын, суға деген өткір қажеттіліктен туындайды.
Демек, тұрғындар күніне 125
литр орташа норма орнына, тек 15-20 литр
су ғана алады. Бірақ тек суға деген қажеттілік ғана емес, сонымен қатар әр түрлі
проблемалар да туындайды. Бұл күні өңір аштықтан, жоқтықтан, сондай-ақ әр
түрлі эпидемиялар мен аурулардан зардап шегуде.
Арал әрдайым теңіз өнімдерін бай жеткізушілердің бірі болған еді. Енді
судың тұзды деңгейінің ащы болғаны соншалықты, көптеген балық түрлері
қырылып қалды. Сол кезде аулап жүрген балықтардың қабыршақтарында
пестицидтердің жоғары деңгейі жиі байқалды. Бұл әрине, Арал маңындағы
тұрғындардың денсаулығына
айтарлықтай әсерін тигізді, балық аулау
кәсіпшілігі және балықты қайта өңдеу өнеркәсібі жойылу үстінде, адамдар
жұмыссыз қалуда.
Бұрын топыраққа астық түсімін арттыру мақсатында көптеген улы
тыңайтқыштар себілді. Улы химикаттармен байытылған судың тазарту
құрылғыларының нашар болуының кесірінен өзен ағыстарының бойына да
таралды, яғни барлық жаңа жерлерді улады. Соның салдарынан – Арал
маңында өсетін қамыс, күріш, бидай құрамында әр түрлі канцерогендердің
жоғары деңгейі байқалады. Өңірде ТМД елдерінің ішінде ана мен балалар өлімі
жөнінен ең жоғары орында тұр (1 000 туған балаға 75). Туберкулез, астма, тиф,