«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет53/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
Түйін сөздер:
 
радиация, ионданған сәулелер, жасуша, ғарыштық 
сәулелену, лейкоз, қатерлі ісік, ұрықтық зақымдану, стресстік өзгерістер. 
Жер бетінде өмір сүру барысында барлық тірі ағзалар радиацияға 
ұшырайды. Тірі ағзаға әсер етуші радиацияны екі топқа бөлуге болады: табиғи 
және жасанды. Табиғи радиация көздеріне ғарыштық сәулелену және күн 
радиациясы, жер қыртысынан шығатын сәулелену және радон жатады. Бұл 
радиация әсерінен біз құтыла алмаймыз, тек сақтық шараларын сақтап қана, 
ағзамызға сәулеленудің әсерін шекті дозасынан асырмауға ұмтылуымыз қажет. 
Жасанды радиоактивтілік тек адам күшімен жасалынып, дамып жатыр, оған 
мысал: ядролық қару, атом электр станциялары, медициналық аппараттар, 
өнеркәсіптік қалдықтар. Радиация қазіргі таңда ғылым салаларында үлкен орын 
алғанымен, тіршілік иелеріне тигізітін зардабы айтарлықтай зор. Ең жаманы 
ионды сәулемен жарақаттанған жасушаның соңғы әрекеті – жасушаның өлуі. 
Ешкім радиациядан қорғалмаған. Біздің кез келгеніміз иондаушы сәулелену 
аймағында бола аламыз, ал кейбіреулері қауіпті жерлерде жылдар бойы өмір 
сүреді. Егер организміңізде фонның жоғарылауы немесе радиоактивті заттар 
табылса, не істеу керек? Денеден радиацияны қалай алып тастауға болады және 
бұл қаншалықты мүмкін? Иондаушы сәулелену көздерінен алатын сәулелену 
дозасы: техногендік апаттар, АЭС, ядролық сынақтар – шамамен 1 %, тамақ пен 
сусын – 4 %, радионуклидтер шығаратын табиғи сәуле 5 % ғарыштық радиация 
– 5 %, медициналық тексерулер – 25 %, радиоактивті радон газының 


Development trends of modern education 
104 
ингаляциясы – 60 %. Демек, бізді қоршаған ортаның өзі ионданған сәулелерден 
тұрады. Егер сіз сыртқы радиацияға ұшыраған болсаңыз, дереу әрекет етуіңіз 
керек. Үйге қайтыңыз, душ қабылдап, киіміңді ауыстырыңыз. Мұны күніне 
бірнеше рет жасаңыз. Йод бөтелкесінің артынан жүгірудің қажеті жоқ, өйткені 
бұл элементті қамтитын препараттар йод изотоптарын шығаратын сәулелену 
көзіне тиген кезде ғана пайдалы. Егер сәулеленуден кейін бірнеше уақыт өтсе, 
мұны істеу мағынасыз және тіпті зиянды. Сонымен қатар, тамақтану болмаған 
жағдайда ағза биосинтездің жаңа көздерін табуға мәжбүр болады, олар ондағы 
радиоактивті заттарға айналады. Өз жұмысынан демалған асқазан -ішек 
жолдарының жасушалары бөлінуді тоқтатады, ал бөлінген энергия ДНҚ 
зақымдалған 
тізбектерін 
қалпына 
келтіруге 
жұмсалады. 
Сондықтан, 
радиациядан қорғанудың бір жолы – дұрыс тамақтану. 
Адам ағзасы радиациямен уланған соң, жасушалар зақымдануы мүмкін 
бе? Әрине, бірақ жасушалардың зақымдануы радиацияның дозасына 
байланысты. Әуелі жасуша зақымдануы дегеніміз не, соған тоқтала кетсек: 
Жасушаның зақымдануы – бұл сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне 
байланысты бола отырып жасуша әртүрлі стресстік өзгерістерге ұшырайды. 
Жасушаның зардап шегуі физикалық, химиялық, инфекциялық, биологиялық, 
тамақтану немесе иммунологиялық факторларға байланысты болып келеді. 
Сонымен қатар жасушаның маңызды функцияларын тежейтін салдарының бірі: 
токсиндердің жағымсыз әсері, оттегінің және қоректік заттардың жетіспеушілігі 
болып табылады. Жалпы радиация дегеніміз – энергияның толқын түрде ауаға 
немесе денеге таралуы. XXI ғасырда радиация көптеген салаларда көрініс 
тауып отыр, солардың ішінде физика, химия және медицина. Жыл өткен сайын 
адамдардың радиоактивті сәулемен зақымдануы көбеюде. Көптеген атом электр 
станциялары салынып, түрлі атом бомбалары жарылып, зерттеулер жүргізілуде. 
Бөлінген радиоактивті сәуле салдарынан адамзат баласы зардап шегіп жатыр. 
Қазіргі таңда бұл ионды сәулелер ғылымға қызмет еткенімен зияны да, 
тудыратын аурулары да жетерлік. Осы тақырыпқа толығырақ тоқталып өтсек: 
радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэта, сияқты 
радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адамдар мен тіршілік иелеріндегі 
ақуыздардың, ферменттердің және басқа заттардың өзгеруіне, яғни 
радиациялық аурудың дамуына әкеледі. Радиация әсерінен соматикалық 
жасушалардың өзгеруінен болатын ісік ауруларына әкеледі. Рентгенологтар 
мен радиологтарда басқа дәрігерлерге қарағанда түрлі ісік ауруларына әкелуі 
жоғары. Мысалы: зерттеуші Мария Кюри мен оның көмекшісі лейкоздан 
қайтыс болған, ал Колорадодағы уран шахтасының жұмысшылары өкпе
ісіктерінен қайтыс болуы жиеленіп кетті. Радиацияға ұшырағын Жапониядағы 
Хиросима мен Нагасаки, Қазақстандағы Семей, Украинадағы Чернобыльдегі 
жарылыс әсерінен ісік және тағы да басқа аурулар әлі күнге дейін ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп келе жатыр. 
Радиацияның әсерінен ұрпақтарға әсер беретін генетикалық мутациялар 
пайда болуы мүмкін. Егерде сперматозоид пен аналық жасушаларында 
сәулелену нәтижесінде мутациялар пайда болса, осы жасушалардан дамыған 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
105 
зарадаптар келесі ұрпақтарға да әсер ете алады. Мысалы, АҚШ-тың Окриджа 
деген қаласындағы ұлттық лабораториясында 7 млн тышқанға тәжірибе 
жасалған. Соның нәтижесінде, мутация жиілігінің радиация әсерінен 
жоғарылауы көрсетілген. Сонымен қатар, бірінші ұрпақта радиациялық 
ауытқулардың 37 түрі пайда болды. Тағы да айта кетерлік жайт радиацияға 
ұшырағын Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки, Қазақстандағы Семей, 
Украинадағы Чернобыльдегі жарылыс әсерінен ісік және тағы да басқа аурулар 
әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Демек, рентген 
зерттеулердің және радиацияның әсерлері байқалса, әйелдерге 6 айдан кейін 
ғана бала көтеруге болады. Демек, әйелдер рентген сәулелері мен сәулеленудің 
әсері байқалған жағдайда 6 айдан кейін ғана бала көтере алады. Жүктілік 
кезінде ананың сәулеленуі ұрықтың дұрыс дамуына кедергі болады. Мұны екі 
жолмен жасауға болады: генетикалық бұзылулар немесе қауіпті аурулардың 
тұқым қуалайтын және тератогенді әсері. Мысалы, доктор Стюарттың 
айтуынша, қатерлі ісіктер мен лейкемия жүктілік кезінде рентгенге түсетін 
әйелдердің туылған нәрестелерінде жиі кездеседі. Ұрықтың зақымдану 
дәрежесі сәулелену кезіндегі даму кезеңімен тығыз байланысты: өлгенге дейінгі 
сәуле өлімге әкеледі, органогенез кезінде – ақаулар пайда болады, жатырішілік 
даму кезінде – сәулелік аурулармен ауруының қауіпі зор. 
Тірі организм – өте күрделі өзін-өзі реттейтін жүйе. Ағзаның ауруларға 
төзімділігі көптеген факторларға байланысты: тұқымқуалаушылық, физикалық 
және психикалық жағдай, иммунитеттің жұмысы. Сол себепті бірдей сәулелену 
дозалары әр түрлі адамдарға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сәулеленудің әсерін 
емдеу өте қиын екендігі дәлелденді, бірақ сіз өзіңізді және отбасыңызды 
осыдан қорғау үшін бар күшіңізді сала аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет