1.4 Педагог - педагогикалық іс-әрекеттің субъекті - Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.
- Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.
- Педагогтың әлеуметтік позициясыжалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.
- Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияныда анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |