Қазіргі таңда Республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру – мемлекет назарындағы маңызды бағыттардың бірі. Салауатты өмір салты Қазақстандағы ұлттық өркениеттік құндылықтардың маңыздыларының қатарынан орын алатыны сөзсіз. «Бірінші байлық денсаулық» деген халық мəтелі тек сөз жүзінде ғана емес, жеке тұлғалық жəне қоғамдық əрекетте жүзеге асуы қажет. Бастысы өмір сапасының ажырамас атрибуты болып табылатын салауатты өмір салты əлеуметтік енжарлықты жеңуге, тұлғаның жасампаздық қасиеттерін ашып, өз өмірі мен отбасының игілігіне жауапкершілігін арттырады деп үміттенеміз. Жаһандану үдерісінің келеңсіз жақтарының бірі профессор А.Г. Косиченко атап өткендей, «дүниежүзілік ауқымда адам енжарлығының бой алуы. Оның басты келеңсіздігі де осында. Ол адам мəніне – оның өз өміріне жауапты болуына нұқсан келтіреді. Қазіргі үдерістердің адам дамуына қалдырған көкжиегі тым тар. Адам барған сайын тұлғалық қайталанбастығын жоғалтып, унификацияланып барады. Өзін алдаусыратып, адамды өз мəніне əкелетін терең болмыстық көптүрліліктен бас тартуда. Жаһандану осы кереғар үдерістер үшін жауапты» Жаһанданудың бұл кереғар сипаттары адам мен қоғамның күш-қуатын байлап-матайтын үрейлі құбылыс емес. Оның осы сипаттары туралы айтқанда, мəдени жəне керісінше, жаһандану үдерісінің артықшылықтарының ұлттық мəдениеттерді дамытуға үлкен мүмкіндіктер туғызатынын да атап өту керек. «Бұл жағдайларда еліміздің мемлекеттік мəдени саясаты ерекше маңыздылыққа ие болады.
Жаһандану нəтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық жəне мəдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір дəстүрлі мемлекеттерде аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үдерісі дами түседі деп есептеп отырмыз. Аймақтық қоғамдасу үдерісін бүкілəлемдік жаһанданудың зиянды əсерінен қорғанудың бірден-бір жолы деп қарайды. Мəдениеттің жаһандануы ол экономикалық жаһандануды да жалғастырады жəне толықтырады, бірақ өзіндік ерекшеліктерін иеленеді. Көптеген үдерістер мен тенденциялар көптеген формаларды қабылдайды. Мəдени жаһандану жоғары мəдениет пен толық бұқаралық мəдениеттің үстемдік етуімен де байланысты.