ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН БӨЛІМШЕСІ
ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ТІЛІНІҢ СӨЙЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
(тіл секциясы, ағылшын тілі)
Орындаған: Ж.Ақылбаев атындағы
мектеп – гимназияның
7 - сынып оқушысы
Қадырбек Азиат
Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Есенова Айгерим Атишкызы
ҚАРАҒАНДЫ
2015
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................................3
І. Ауызекі сөйлеу стилі.................................................................................................4
1.1. «Сленг» сөзінің шығу тарихы.................................................................................5
1.2. Қазіргі жастардың «сленг» тілінде сөйлеуі...........................................................6
ІІ. Жаргон мен сленг сөздерінің айырмашылықтары...........................................7
2.1. 5-7 сынып аралығындағы оқушылардан алынған практикалық сауалнама.........................................................................................................................8
Қорытынды......................................................................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................................10
Кіріспе
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі – сөйлеудің алдын – ала дайындықсыз тікелей қарым – қытынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері – варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, сленг, диалектлер т.б. кездесуі әбден мүмкін.
«Сленг» сөзін күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылдап, мәнерлі сөздер. Сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері. Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым – қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді. Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сонымен қатар студенттер, оқушылар және де оның ішінде 25-45 жасқа дейінгі үлкен кісілер де сөйлейтін болған. Қазіргі таңда жаргон, сленг сөздері қолданыста өте жиі кездесетін болғандықтан, бұл мәселе біздің жұмысымыздың зерттеу аспектісіне айналды.
Ғылыми жобаның мақсаты: қазіргі жастар тілінің сөйлеу ерекшеліктеріне талдау жасау.
Мақсатымыздан туындайтын міндеттер:
Сленг тілінің мағыздылығын ашу;
Сленг тілінде сөйлеудің қажетін білу;
Сленг тілін қаншалықты пайдаланатынына көз жеткізу, кестемен көрсету;
Сленг және жаргон сөздерінің мағынасын ашу;
Өзіндік қорытынды жасау.
Өзектілігі: қазіргі жастар арасындағы сленг және жаргон сөздерінде көп сөйлеуі. Тілдік құндылықтың жойылуы және тілдің бір – бірімен байланысуы.
Зерттеу жұмысының барысында келесі әдіс – тәсілдерді пайдаландым: зерттеу, салыстыру, дәлелдеу, мысал келтіру, сауалнама жүргізу, талдау, тұжырымдау.
І. Ауызекі сөйлеу стилі
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу – адамдардың тіл арқылы қарым – қытынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі – сөйлеудің алдын – ала дайындықсыз тікелей қарым – қытынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді.
Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б. Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері – варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектлер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелмейді.
Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі – әнгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа – райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (лингвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдалануы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.).
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым –қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
Бейресмилік;
Сөйлеу еркінділігі;
Сөйлеу қарым – қатынасының экспрессивтілігі;
Тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
Сөйлеудің автоматтығы.
Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады. Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола).
Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретінде сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында кездеседі.
1.1. «Сленг» сөзінің шығу тарихы
«Америка сленг сөздігінің» авторларының бірі Стюард Б. Флекснер мынандай мәліметтер келтіреді. Оның айтуынша, әрбір американдықтың сөздік қорында шамамен 10000-20000 сөз бар. Оның 2000 сөзі сленг қатарына жатады. Яғни сленг жалпы лексика қорының 10-20 пайызын құрайды. Бірақ Стюарт Б. Флекснердің пайымдауынша, бұл лексика қоры әрбір американдыққа толығымен белгілі болса да, күнделікті сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолданылмайды. Ғалымдардың есептеуінше АҚШ-та ағылшын тілінің сөздік қорында 10000 сленг сөзі бар, ал оның басқа бір түрлеріне 35000 сөз жатады: олар – кәсіби сленг, жаргонизмдер, арго, қанатты сөздер.
Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сленг бойынша әйгілі ағылшын маманы Эрик Партридж ағылшын тіліндегі «боқмұрын» мағынасындағы сөздің бірнеше қолданылу қатарын келтіреді: blood (1550-1660); macaroni (1760); buck (1720-1840); dandy (1820-1870); swell (1811); toff (1851), бұл қатарға одан бергі spiv және қазіргі заманғы teddy-boy-ды қосуға болады. Жақша ішіндегі сандар сөздің ең бірінші рет тіркелген кезі мен қолданыстан шыққан уақытын көрсететінін айта кету керек. Осыдан сленг сөздері 16-шы ғасырдан бастап өмір сүреді деген қорытынды шығарамыз.
«Сленг» - күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылдап, мәнерлі сөздер. Сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері. Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым – қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді.
Студенттер, мектеп оқушылары ағылшын тілінде таза сөйлеуді қойды. Онын орнына сленг, жаргон сөздерді жиі қолданатың болды. Бұл ағылшын тілінің қоғам арасындағы деңгейінің төмендеуі деп айтсақ қателеспейміз. Алдымен «сленг» деген не? Ол жаргонның бір түрі, сөздерге жаңа мағына беру. Жалпы сленг сөздерді, жастар өзара ерекше сөйлеу үшін қолданады. Өздерін басқалардан бөлек, күшті сезіну себебімен де болуы мүмкін. Күнделікті естіп жүрген жаргон, орысша, қазақша сөздермен ғана емес шетел тілімен де кездеседі.
Сленг тілдің қызықты, сонымен бір уақытта күрделі құбылыстарының бірі. Көптеген зерттеушілер сленгті қоғамдық диалектіге жатқызады. Диалект, соның ішінде сленг үнемі тілдік нормаға, стандартқа қарсы қойылады. Ағылшын лексикографиясында "сленг" термины өткен ғасырдың басында кең тарала бастады. Үлкен Оксфорд Сөздігінде бұл сөздің шығуы «language of a low or vulgar type» мағынасын беретін сөз ретінде 1756 жылы тіркелген. Сленгты зерттеуші Эрик Партридждың айтуынша, slang сөзі to sling – to utter етістіктеріне қатысты. Қазіргі заманғы лексикографияда сленг сөзі "ауыз екі тіл", "диалектизм", "вульгаризм", "жаргонизм" сөздерімен бірқатар қолданылады.
Сленг жастар арасындағы қарым-қатынастың бір ерекше түрі. Жаргонмен сөйлеп олар бір-бірін жақсы түсінеді. Мұндай сөйлеу мәнерің түсіне алмайтың үлкен кісілерімізді мазазысдандырады. Қазақ жастарымыздың орысша сөйлеуі бір мәселе болса, түсініксіз жаргонда сөйлеу екінші мәселе. Оның шешімі бар ма? Осы сұрақтың жауабың табу өте қиын. Алдымен қазақ жастарың қалайша таза сөйлетуге болады? Дөрекі сөйлеп, блогтарына балағат сөздерді жазып, мәдениет және тәрбие дегенді білмейтіндігің нақты көрсеткен. Тек ұлдар ғана емес, қыздарда үнемі боқтанып жүретіні бәріне белгілі. Осыдан балалардың ішкі мәдениетін анық аңғаруға болады. Мәдениетті сөйлеу, қоғымның дамуына да байланысты. Мұның бәрені ғаламтор, технологиялық жетістіктер, батыстың киноларының әсері шығар.
1.2. Қазіргі жастардың «сленг» тілінде сөйлеуі
Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолданады:
әсер қалдыруы үшін,
елден ерекше болу,
өзгелер түсінбеу үшін,
белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін,
әзіл ретінде де қолданады.
Компьютерлік сленгтер
Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ұғымын білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болған. Жастардың күнделікті қолданып жүрген сленгтерінде орыс сөздернің көптеген компоненттері кездеседі. Мысалы: «тормозы ұстап қалды» — бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды» деген тіркес бар, «типаж болу», «болатной болу» — менменсу тіркесімен байланысты. «Құлаққа лапша ілу» — өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу. Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Оған өздерінше «жаргон ғой» — деп, айдар тағып әлде қандай болатынын көресіз.
Қазіргі жастардың сленг немесе жаргон сөздеріне мысал:
1. Жындыларский зат- ыңғайсыз зат
2. Ботан- зерделі адам
3. Тормозы ұстап қалу,зависать ету- бөгеліп қалу
4. Базар жоқ- сенімді болу
5. Талпамен келу- көпшілікпен келу
6. Типаж болу, блатной- өзңмшіл, өркөкірек
7. Косякқа кіру- ыңғайсыздыққа тап болу
8. Құлаққа лапша ілу- өтірік соғу
9. Маяк тастау, скидовать ету- қысқаша қоңырау шалу
10. Шпор жасау- жауап парағын дайындау
11. Капустағы қарау- материалдық жағдайын қарау
12. Жылауық -қызғаншақ, іші тар
13. Ауру- адамға маза бермейтін адам
14. Қуғынбай -артық сөйлеп кеткен, мылжың
15. Сасымашы- босқа сөйлемеу
16. Крышасы бар ,танкасы бар- қолдау көрсететін ағасы бар
17. Зубрить- жаттауды тақылдап айту
18. Миді шіріту- көп сөйлеу
19. Шеф - бастық
20. Читалка- оқу залы
21. Препод- мұғалім, ұстаз
22. Общяга - жатақхана
23. Инет- ғаламтор
24. Маршруткаға міну - қоғамдық көлікке міну
25. Аташка- ата, Ажека- әже
26. Потеря болу- қобалжу, әбіржу
27. ёё маё- мәссаған, таң қалу
28. Сущняк- сусын
ІІ. Жаргон мен сленг сөздерінің айырмашылықтары
Жаргон сөздер - белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі.
Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінеді. Осы бейәдеби тілге жастардың жаргондары мен сленгтерін жатқызуға болады.
Сленг деп – белгілі бір ортада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді атайды. Сленг пен жаргон сөздерінің мағынасы бір. Екеуі де бір мағына береді.
Жаргон (ағылш. slang; jargon;) - әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйемен ие болмайды.
Жаргондық лексикалық бөлiгi - сайман, бiр емес, (соның iшiнде және одан тарлау жоғалған) көп әлеуметтiк топ. Олардың ортақ қорының сөзi форманы және мән бiр жаргоннан басқасына өте өзгерте алады: «аргоға қараңғылатсын - олжаны қашыртсын, сонан соң - (жауап алуда) қулансын, қазiргi жастар жаргонында - жауаптан балдырлап, жалтару.
Жаргонның лексикасы қайта мағыналау, метафоризации, қайта ресiмдеу, дыбыстық қысқарту әдеби тiлдi базасында жолымен салады, тағы сол сияқтылар, сонымен бiрге басқа тiлдегi сөздер және морфемалардың белсендi меңгеруi. Мысалы: құламалы-сәндi, iскер, үй - пәтер, бакстер - долларлар, қол арба - автокөлiк, тартып қалсын - кетсiн, баскет - баскетбол, чувак - (сыған тiлден) жiгiт. Жаргон қазiргi тiлде кең таратуды алдын алды, (жастар сленгi) жастардың тiлiнде әсiресе.
Жаргон сөздеріне мысалдар:
«Дүкенге барсаң тіске басар немесе тамақ ала келші» деудің орнына «маганзиннен сущняк, хавчик ала салшы», «кешкісін қолың бос болса үйге қонақ болып кет» деудің орнына «кешке если че маған қарай тартыл», «ата-анаң білмей ме?» — деп сұрар болса, «мамка-батялар курста ма?» деген неше түрлі паразит сөздер бар.
2.1. 5-7 сынып аралығындағы оқушылардан алынған практикалық сауалнама
Сауалнаманың мақсаты: оқушылар сленг немесе жаргон сөздері қандай мағына беретінін сүрау. Сленг тілінде сөйлеу әуесқойлық па әлде әдепсіздік пе, оқушыларға түсіндіру мақсатында мен өзім қатарлас сыныптастарымнан сауалнама алдым.
Сауалнама сұрақтары:
1. Сленг және жаргон сөзінің мағынасы бір ма?
а) иә, ә) жоқ, б) білмеймін
2. Сіз жолдастарыңызбен сленг тілінде сөйлесесіз бе?
а) иә, ә) жоқ, б) білмеймін
3. Сленг және жаргон тілінде сөйлеу тіл байылық қорын бұзбай ма?
а) иә, ә) жоқ, б) білмеймін
4. Сленг немесе жаргон сөздерінде сөйлеу басқа елдерге еліктеу, ұлттық құндылықтарға әсер етпей ме?
а) иә, ә) жоқ, б) білмеймін
|
Иә
|
Жоқ
|
Білмеймін
|
1 сұрақ
|
4
|
13
|
12
|
2 сұрақ
|
3
|
25
|
1
|
3 сұрақ
|
15
|
8
|
6
|
4 сұрақ
|
20
|
4
|
5
|
Сауалнаманың қорытындысы бойынша, 5-7 сынып арасында 29 оқушыдан, сленг сөзіне байланысты жоғарыда көрсетілген 4 сұрақ алынды. Қорытынды бойынша, сленг және жаргон сөзінің мағынасы бірдей емес екен. Оқушылар сленг тілінде өз - ара сөйлеспейді. Оқушылардың ойынша сленг немесе жаргон сөздері сөздік қорды бұзбайды деп қорытындылады. Сленг және жаргон сөздері басқа елдерге еліктеу, ұлттық құндылықтарға әсер ететіндігін, оқушылар өз ойлары бойынша қорытындылады.
Қорытынды
Сленг және жаргон сөздері адамдар үшін пайдасы жоқ. Сленг сөздері біздің тілдік қорымызды молайтпайды. Сленг сөздері, жастар үшін еліктеу. Сол себепті біз жастарымызға дұрыс тәрбие мен сөйлеу мәнерін үйретуге тиістіміз. Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында «Үш тұғырлы тілде білу – баянды болашақтың кепілі» деген болатын. Соған байланысты ана тіліміздің, тек ғана ана тіліміз емес, басқа тілдердің де абыройын асырып, мәртебесін үш тілде дамыту мақсатында, сленг тіліде ғана емес, өз тілінде дұрыс сөйлеу мақсатында осы зерттеу жұмысын жаздым. Қортындылай келе төмендегідей ойға келдім:
Сленг тілінің мағыздылығын өз бетімше ашуға тырыстым. Сленг тілінде сөйлеу, тіл байлығын молайтпайтынына көз жеткіздім.
Сленг тілінде сөйлеу әуесқойлық па әлде әдепсіздік пе, оқушыларға түсіндіру мақсатында мен өзіммен бірге оқитын сыныптастарымнан сауалнама алып, қорытынды жасадым. Сленг және жаргон сөздерінің мағынасын аштым.
Өзіндік қорытынды жасай келе төмендегідей ұсыныс жаздым:
ҰСЫНЫС:
Тіл қадірін түсіну;
Тілдік нормаларды сақтау;
Жастар өз ортасында мәдениетті сөйлеуге үйренсе;
Ұлттық құндылықтарын ескере отырып, әдемі, сауатты сөйлеуге үйренсе;
Әрбір сынып сағаттарында, тілді меңгерту сабақтарында мұғалімдер оқушыларға сленг сөзі мен жаргон сөздердің айырмашылығын түсіндірсе, сауатты оқушылар саны артар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ тілі. Энциклопедия. А:. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.
2. //“Мектептегі шетел тілі” 2010-2011ж
3. Шестикрылов П. Аmerican slang. – М:.- 2006ж.
4. В.Н. Крупнов. В творческой лаборатории переводчика. Издательство:
«Международные отношения». – М:.-1976ж.
5. Қазақ ұлттық энциклопедиясынан Р.Әміров, Қазақ ауызекі тілінің синтаксистік
ерекшеліктері, 1972ж.
6. М.Серғалиев, Ш. Нұрғожина, Қазақ сөйлеу тілінің экспрессивті – эмоционалды
лексикасы, 1995ж.
Достарыңызбен бөлісу: |