Қорытынды
Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі ересек топ балаларында экологиялық мәдениеттін қалыптастыру табиғатқа деген сыни көзқарасын қалыптастыру арқылы ғана жүзеге асады Табиғатқа шықсақ ішкен жеген тамағымыздың қалдығын сөмкемізге салып алап қайтамыз. Барлық адамдарды осылай тәрбиелеу керек. Табиғатқа бардың ба, сол орынды тазалап кет. Міне экологиялық мәдениеттің өзі осыдан шығады. Ол үшін алдымен санамызды түзеуіміз керек. Балаға кішкентайынан ағашты сындырма немесе бүлдірме десек, ол тәрбие санаға сіңеді. Сөйтіп біз ол тәрбиені балабақшада дамытып, мектепте және жоғары оқу оырдарында оқытып, ғылыммен байланыстырсақ, экологиялық мәдениеті бар адамды тәрбиелей аламыз.
Ересек топ балаларына экологиялық біліммен тәрбие беруде олардың бойында төмендегідей іскерліктер мен қағидаларды қалыптастыру қажет:
басты идеяларды, негізгі экологиялық ұғымдарды түсіну арқылы адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес ықпал етуі;
табиғатты ұтымды пайдалануға байланысты қолдабалы дағдыларды меңгеру, ортаның жағдайын бағалай білу, табиғатқа зиян келтірмейтін, залал тигізбейтін нормаларды сапалы түрде сақтау;
табиғи және жасанда ортаны жақсарту қызметін жандандыру, табиғи ортада тәртіп сақтау.
Аталған іскерліктерді қалыптастырғанда ғана адам экологиялық білімді, тәрбиелі, көргенді болып табылады..
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі – ересек топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту.Экологиялық мәдениеттілік – адам сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру көп сатылы үрдіс.
Баланың дүниеге келгенннен кейін алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі адамгершілігі бар, шығармашылық пен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылық пен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзі мен көріп, оны қабылдай білу керек.
Бала тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғұрлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – «Балаларды айнала мен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбе беру» болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз.
Біздің балабақшамызда тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып, табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |