6. Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми- тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С. Мерлиннің пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б.
Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады:
- Индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды ұйымдастыру принципін, іс әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу;
- Индивидуалдылық құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін анықтау;
- Индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төмен деңгейінің өзара әрекеті;
- Индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру;
Ересектер психологиясы адамдар арасындағы мінез- құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нәсілдік, гендерлік айырмашылықтарды, іс әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез -құлылықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады.
Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды моделі әлі жоқ. Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.
Ересектер психологиясы - бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі. Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.