Тәрбие процесінің үздіксіздігі бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетінің жүйесі.
Тәрбие процесінің кешенділігі - мазмұны, міндеттері, мақсаты,түрі, әдіс-тәсілдерінің бірлікте болуы.
Тәрбие процесі екі жақытылық сипатта болады:тәрбиешіден тәрбиеленушіге қарай (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиеленушіге қарай.
Тәрбие жұмысын жоспарлау
Жоспарлау –тәрбие жұмысы жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін анықтайды. Мақсатты және анық жоспар педагогтың көптеген қателер мен жағымсыз құбылыстардан шығуға көмектеседі. Негізделген жоспар қойылған тәрбиелік міндеттерді шешудің жалпы болашағы мен нақты жолдарын қарастырады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі
Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны оқушылардың белгілі топтарында педагогикалық үрдіске жетекшілік ету функциясымен анықталады.
Сынып жетекшісі оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады: танымдық, еңбек, эстетикалық, сонымен бірге оқушылардың еркін қарым-қатынасы оқушылардың дем алу бөлігі болып табылады.
Сынып жетекшісінің қызметінде бақылау және түзету қызметін жүйелі және сауатты жүзеге асыру тәрбиелік, ұйымдастырушылық және дамытушылық мәні зор, тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттырады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері
Тәрбиелік процестің тиімділігі педагогтың, оқушылардың және ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасына байланысты. Үлкендермен балалардың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру үшін педагог, ата-аналар, балалардың бірлескен қызметі ұйымдасқан болса, онда ұжым біртұтас үлкен отбасы ретінде қызықты өмір сүруі өте маңызды. Бұл отбасының ынтымақтастығының қалыптасуына ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсінушіліктерін белгілейді, отбасында жағымды жағдайларды құрайды.
Оқушылармен, ата-аналармен және педагогтадың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру ең алдымен, осы үрдісте үлкендермен өзара іс-әрекет қалай құралатына байланысты болады. Ата-аналар, сынып жетекшілері, балалардың педагог-тәрбиешілері және олардың тәрбиелік нәтижелері тиімді болады егер, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлесуі болуы мүмкін. Осы бірлестік негізінде – берілген нәтижеге жету жолдары мен жалпы мақсатына деген ұмтылыс бірлігі, тәрбиелік үрдіске деген көзқарас.