Қазіргі оқыту технологияларының негіздері



бет2/2
Дата03.11.2022
өлшемі17,39 Kb.
#156435
1   2
Байланысты:
касиби

Білім беру технологиясы- білім беру стандартында және мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылған білім беру әрекетін жүйелі ұйымдастырудың тәсілін, оның жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттарын, ұйымдастыру құрылымы мен формасын түсіндіреді, ортақ білім беру кеңістігіндегі дамудың жалпы стратегиясы. Білім беру технологиясының мақсаты-педагогикалық жүйені жетілдіру болып табылады.
Оқыту технологиясы- педагогикалық технология түсінігіне жақын, яғни ол белгілі бір пән шеңберінде педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, нақты оқу материалын меңгеру жолын бейнелейді. Сонымен қатар оқыту технологиясы қойылған мақсатты қамтамасыз етуде оқыту әдістерін, құралдарын, формалар жүйесін қарастырады.Оқыту технологиялары аумағын зерттеп, оның нәтижелерін талдай келе педагогика ғылымдарының докторы В.В.Гузеев негізгі тӛрт идеяны белгіледі: дидактикалық бірліктерін бекіту; оқыту қорытындысын жоспарлау және білімді саралау; білім беру процесінің психологиясы; компьютерлендіру.
Педагогикалық технология- білім беру технологиясын жүзеге асырумен түсіндіріледі, оған нақты пәнге байланысты емес,оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын заңдылықтар тән. Педагогикалық технология ғылым мен практиканың басқа да салаларында кеңінен таралған, әр түрлі арнайы технологияларды, жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық және т.б. біріктіреді. Педагогикалық технология педагогтар жеке басының шығармашылық күш-қуатын ӛрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты рухани жоғарлатудағы, кәсіби еңбекте адамгершілік жүйе болып табылады.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім саласын кең түрде игеруде, оларды іс жүзінде пайдаланғанда аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы.
Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса кӛңіл аудару аса маңызды:
Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;
 Оқытудың кез-келген уақыт аралығында берілген пәннен студенттің кепілдідайындығының болу принципі;
Оқу процесінің модульдік жобалау принципі;
 Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағымәліметтердің дұрыстығы, шындыққа сәйкестілік принципі;
 Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялықжақтарының бірлігі принципі. Бақылау сұрақтары: 1. Оқытудың жаңа технологияларын зерттеген қандай қазақстандық ғалымдарды білесіңдер? 2. Қазіргі оқыту технологияларының мақсаты және олардың дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылығы неде? 3. Оқытуды технологияландыру бағыттары мен негізгі белгілері қандай? 4. Педагогикалық технологияларды оқып-білуде оқушылар неге үйренеді? 5. Жаңа білім беру технологияларын іске асыруда қандай принциптерге назар аударылады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет