Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


) Зерттеу бағдарламасының құрылымы



бет11/41
Дата30.01.2022
өлшемі61,07 Kb.
#130163
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
гылыми коллок (копия)

11) Зерттеу бағдарламасының құрылымы

Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет