Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады



бет2/2
Дата12.09.2020
өлшемі49 Kb.
#63666
1   2
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып, жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады.

Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс табады.

Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуға бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда бұл жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.

Бұл жаста балалар судың қажеттілігін, бастау, бұлақ, қайнардың қайдан пайда болатыны туралы түсініктерді тәрбиешілердің көмегімен түсініп, суды үнемдеп жұмсау дағдылары пайда бола бастайды.

Қыс айларында топ бөлмесіндегі ауладан әкеліп қойған бұтақтарды бақылау барысында жасанды түрмен бүршіктер, жапырақтардың пайда болғанын еске түсіріп, табиғи құбылыстардың нәтижесінде барлық ағаштар бүршіктеніп, жапырақ жайып, кейбіреулерінің гүл жаратындығы жөнінде түсінік қалыптасады. Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат беріліп, олардың пайда, зиянына тоқталып, өсіп тұрған жерін қоршап қою сияқты іс-әрекет түрлерін атқара алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыруда олардың жас кезеңдерінің, ыңғайлы кезең екендігін, нақты компоненттерді тірек ете отырып (мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік) шешімін іздестіруге болатынын дәлелдейміз.

Балабақшада балалар табиғатпен жан – жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс – әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс –әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет.

Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты.

Мен өз жұмыс істейтін «Қоңырау» тобында Экология және Қоршаған орта сабақтандыра көп ізденіп жұрнал және әдістемелік құралдар арқылы өз сабақтарымды жандандырып өтуге тырысамын. Сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамын.

Мысалы Экология немесе Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:

Сәлеметсіз бе балақайлар!

Қайырлы таң, балалар!

Бүгін күн қандай тамаша!

деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп көңіл- күйін бір сергітіп тастайды. Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан бастаймын. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргіземін. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелеймін. Кейбір балаларға мысалы: Санжар, Айдана, Жанель, Маржандардың қолдарына су құйғыш беріп гүлдерге су құя білуді тапсырамын. Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт-құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамын. Мысалы: ағаштардағы құрт –құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Топта кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Көзді ала бере олар суды ағызып, қол-бастарын жуып, бір –біріне шашып тұрғаны. Өз бетінше жуына білген жақсы әрине. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамын.



Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айтамыз. Ауа таза болмаса біздің ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез –келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез- келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтып ескеріп отырамын. Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала-алатынымызды, мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсетемін. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды. Ата – аналармен жұмыста баларға табиғат туралы кітаптар, суреттер, қызықты бағдарламалар көрсетуі туралы кеңес берем.

Халқымның нақыл сөзін ескере отырып «Жақсы ұстаз айтады,көрнекті ұстаз көрсетеді, ұлы ұстаз шабыттандырады» дейді сөз соңында балаларға стандарт талабына сай етіп, күнделікті жаңашаландыру әр тәрбиешінің өз жұмысындағы кәсіби шеберлігіне байланысты деймін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет