Л. И. Мандельштам(57-сурет). Леонид Исаакович Мандельштам 1879 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Балалық шағы Одессада өтеді, сол жерде университетке түседі. Алайда университетте көп болмай, студенттер арасындағы «тәртіпсіздікке» қатысқаны үшін 1 курстан шығып қалады. Сол 1899 жылы университеттен шығып қалып, Страсбургке кетіп қалып, Карл фердинанд Браундтың (1850-1918) қол астында оқиды.
57 сурет. -Л.И.Мандельштам
Л. И. Мандельштамның Страсбургте болған уақыты – жас радиотехниканың даму жылдары болатын. Л.И. Мандельштам радиотехниканың мәселелеріне белсенді қатысады.
Л. И. Мандельштам антенна мен тербеліс контуры арасындағы байланыстың әлсіз қасиеттері туралы ашылу жасайды. Ол уақытта бұл байланысты күшейту қажет болды, ал Мандельштам қабылдауды күшейту және селективтілікті жоғарылату үшін, керісінше, осы байланысты әлсірету керектігін көрсетті. 1902 жылы Мандельштам «Конденсатордың тербелмелі разрядының периодын анықтау» деген еңбегімен докторлық диссертациясын қорғайды. Ол Браунмен бірге
«Сименс және Гальске» фирмасы дайындайтын Браунның сызбасы бойынша радиоқұрылғылардың зертханалық және техникалық зерттеулеріне қатысады. 1903 жылы Страсбургтегі физикалық институттың ассистенті болып қызмет атқарып, Страсбургке келген бастаушы оқымыстылар мен докторанттардың зерттеулеріне жетекшілік етеді.
Радиотехника мен радиофизикамен қатар, оның оптикаға да көңілі ауады. Жарықтың шашырау теориясы Мандельштамның келесі зерттеуіне айналып, жаңа шашыраудың рэлеевтік емес формасын ашуға әкелді.
Келе жатқан соғыстың әсерінен Л. И. Мандельштам Германияны тастап, Россияға қайтуына тура келеді. Ол Одессада, Петроградта, тағы да Одессада жұмыс істеп 1922 жылы Мәскеуге Орталық радиозертханасына консультант ретінде қабылданып көшіп келеді. 1925 жылы Мәскеу университетінің теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болады. Осында ол үлкен жаңа тербелістердің бейсызық теориясы бойынша жаңа ғылыми облысын бастайды. Осы облысты зерттейтін мектеп құрады. А. А. Андронов, А. А. Витт, С. Э. Хайкин, М. А. Леонтович және т.б. осы облысқа зор үлестерін қосты.
1929 жылы Мандельштам КСРО ғылым Академиясына мүше болып қабылданады.
Мандельштам 1944 жылдың 27 қарашасында қаза болады.
Петроградта кеңес физикасын құрғандар, физика-техникалық институтты ұйымдастырушы А. ф. Иоффе және Оптикалық институтты ұйымдастырушы Д. С. Рождественский болды.