Қазіргі заман талабына сай мектептерде көптеген өзгерістер болып жатыр. Сол ағыннан біздің білім ордасы да артта қалып жатқан жоқ



Дата28.11.2019
өлшемі15,13 Kb.
#52703
Байланысты:
реф.эссе.

Қазіргі заман талабына сай мектептерде көптеген өзгерістер болып жатыр. Сол ағыннан біздің білім ордасы да артта қалып жатқан жоқ. Мен деңгейлік оқуға бармағандықтан, жас та болса әріптесім маған тәлімгерлік үдерісін жүргізіп, көптеген тың ойларымен бөлісті. Тәлімгер сабағымды бақылап, кері байланысты қалай жүргізетінімді бақылады. Сабақты талдау барысында оқушылар берген кері байланыстың дұрыстығын талқыладық. Тәлімгер содан кейін кері байланыс туралы теориялық материалдарды түсіндіріп, оқуға тапсырды. Келесі кездесуімізде тәлімгер екеуміз менің сабағыма танымдық кері байланыс жасадық. Кейін тәлімгер екеуміз бірлесіп жасаған кері байланыстың тиімділігін көрдім. Тәлімгер маған тиімді танымдық кері байланыстар жаздыруға үйретті. Себебі оқушылардың берген кері байланыстары өте қарапайым, өздеріне түсініксіздеу болды.

Тәлімгермен қарым қатынасымыз өте жағымды болды. Себебі келесі кездесу болғанша дейін алдыңғы берілген ақпарат негізінде сұрақтар шешіліп, қосымша ақпараттар қарастырылды. Өзара түсіністікпен тиімді жұмыстар атқарылды. Мен осы тәлімгерлік үдерісінен өзіме көптеген мәліметтер алдым. Менің оқушыларым кері байланысты дұрыс беріп, мұғалімнің айтқанын жылдам түсініп отырды. Алдағы уақытта осы тақырып бойынша жұмыс жалғаса береді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет