Азіргі заман тарихы


Нарықтық экономиканың әлеуметтік салдары



бет2/3
Дата28.11.2022
өлшемі103 Kb.
#160073
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
МЕК бағдарламасы. Айдарбаева Р.Қ. Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

Нарықтық экономиканың әлеуметтік салдары: Өмір сүру деңгейінің төмендеуі, әлеуметтік жіктелу, көптеген әлеуметтік кепілдіктердің жоғалуы және т.б. Кедейшіліктің пайда болуы. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері. Тұрмысы төмен топтардың, бюджеттік сала қызметкерлерінің жағдайы. ҚР әлеуметтік саясатының мәні мен мақсаттары. Кедейшілікті жою, халықты жұмыспен қамту, жастар мен студенттерге қолдау көрсету және т.б. Зейнетақы реформасы. Елдің еңбек потенциалын дамыту Стратегиясы. Коммуналды – тұрғын үй саласының жағдайы. Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт. Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жалпыға ортақ Еібек Қоғамын құруға жиырма қадам» бағдарламалық мақаласы (2012 ж.).

12 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР МЕН ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР


12.1 Қазақстан Республикасының демографиялық үрдістері, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Социально-демографические процессы и изменение демографической ситуации в Республике Казахстан. ҚР алғашқы бүкілреспуликалық халық санағы (1999 ж.), оның қорытындылары. Қазақстандағы 2009 ж. халық санағы. Халықтың санында, этникалық, әлеуметтік, жастық-жыныстық құрылымындағы өзгерістер. Туу, өлім-жітім, табиғи өсімнің жалпы көрсеткіштерінің динамикасы. Көші-қон үрдістерінің күшеюі (иммиграция и эмиграция), оның себептері. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты: мақсаты, факторлары, жүзеге асырылуы. «Нұрлы кош» бағдарламасы және отандастарымыздың (оралмандар) елге оралуы. Ішкі көші-қон.


12.2 Қазақстан Респбликасындағы ұлтаралық қатынастар. Қазақстан Республикасының ұлттық және тілдік саясаты, оның мақсаты, мңндеттері, принциптері. Қазақстан халықтарының алғашқы Форумы. Қазақстанда мемлекеттік тіл және этникалық топтар тілдерінің қолданыста болуы. Қазақстанда тілдердің қолданылуы және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы (1998 г.). Тілдерді қолдану және дамуының 2001-2010 ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Заңдары: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 ж. 11 шілдесі, «Мәдениет туралы» 2006 ж. 15 желтоқсаны, «Қазақстан халқының Ассамблеясы» 2008 ж. 20 қазаны, Қазақстанның ұлттық бірлігінің Доктринасы. «Қазақстандық біртектілік және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы» (2015 ж.): міндеттері және принциптері. Қазақстандағы қазіргі замандағы этникалық жағдай. ҚР ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері. Жалпыұлттыұ бірліктің қазақстандық моделі.
12.3 Қазақстан халқы Ассамблесяның құрылуы(1995 ж. 1 наурыз). Ассмблеяның негізгі міндеттері, оның құрамы және қызметі. ҚХА алғашқы сессиясы, оның шешімдері. Облыстар деңгейінде жергілікті қлттық-мәдени орталықтарды біріктірген Кіші Ассамблеялардың құрылуы. Қазақстан халқы Ассамблеясының Стратегиясы (2002 ж. 26 сәуір). Ассамблеяға конституциялық статустың берілуі, Мәжіліске 9 депутат сайлау құқығына ие болуы. ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы (2008 ж. 20 қазан).

13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТЫ


13.1 Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі. Қазақстан Республикасының саяси партиялары және саяси жүйесі. Закон РК «О политических партиях» 2002 жылдың 15 шілдесіндегі ҚР «Саяси партиялар туралы» Заңы. «Нұр Отан» партиясы негізгі көшбастаушы күш. «Қазақстан - 2015» стратегиясы мен «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина – «Нұр Отан партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы». Бірінші дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы. Үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар. Қазақстанның азаматтық форумдары. ҚР ақпараттық саясаты, БАҚ жағдайы. ҚР Ұлттық кеңесінің, Демократия мен мен азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның құрылуы. «Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңы (1998 жылдың 2 шілдесі). Құқықтық реформа. Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және қызметі. ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл (омбудсмен) институтттың енгізілуі. Өлім жазасына мораторийдің енгізілуі. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Саяси реформалар жөніндегі жалпыұлттық бағдарлама.


13.2 Қазақстан Республикасының конфессионалдық саясаты. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Қазіргі кезде Қазақстанда қалыптасқан конфессионалдық ахуал. Қазақстан Республикасында дін мен дінаралық қатынастардағы жағдайдың өзгеруі. Қазақстанда дін еркіндігі және дінаралық келісімді заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету. Қазақстан мұсылмандарының діні басқарамасы. Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Қазақстанның конфессионалды саясатының ұлттық қауіпсіздікпен байланысы.
13.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты, оның мақсаттары мен міндеттері. Жастар істері жөніндегі саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Концепциясы (1999 ж.). «Қазақстан -2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасының жастар саясаты жөнінде. ҚР «мемлекттік жастар саясаты туралы» 2015 жылдың 9 ақпанындағы Заңы. Жастардың патриоттық және интернационалдық тәрбиесі. Тарих арқылы тәрбиелеу шаралары. «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының құрылуы және оның қызметі. Қазақстанның басқа да жастар қозғалыстары мен ұйымдары.


14 ҚАЗАҚСТАН – ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЕЛ


14.1 Қазақстан Республикасының халыаралық жағдайы және сыртқы саясаты. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін мойындауы, шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы. Мемлекеттік шекараның белгіленуі. ҚР сыртқы саясаты стратегиясының қалыптасуы. Сыртқы саяси қарым-қатынастар саласындағы қазақстанның басымдықтары. Қазақстан жаңа жаһандану заманында. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы және егемендігі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы. Белсенді, сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясатты жүзеге асыру. Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан Республикасының бағыты - халықаралық қатынастарда қауіп-қатерді азайтуға ұмтылу. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері (2003 ж.). Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. ЕҚЫҰ позициясының нығаюы, ұлттардың әлемдік қауымдастығы тарапынан осы басты саяси ұйымға сенім мен құрметтің күшеюі. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит – дүниежүзілік маңызы бар оқиға. Еуразия идеясының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың заманауи түсінігінше дамуы, оның Еуразия халықтарының ортақ игілігі үшін өзара тиімді, тығыз өзара қатынастардың қажеттігін негіздеуі. Экономикалық одақ құру туралы келісім. Еуразиялық экономикалық одақ: теория және шындық. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру. БЭК-тің келешегі. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары. Әлемнің және ЕурАзЭҚ-тың ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуын құру проблемаларын іргелі теориялық және әдіснамалық зерттеулер топтамасының қорытындысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» кітабы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуі. Н.Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалар.

15 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР




15.1 Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті. Халықтық білім беру: тенденциялар мен қарама-қайшылықтар. Білім жүйесінің мемлекеттік емес секторы. Білім жүйесі мазмұнының өзгеруі. Кәсіптік және техникалық білім берудің құрылымын өзгерту. Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы. Мамандарды даярлаудың үш сатылы жүйесі: бакалавр – магистр – доктор PhD. Жоғары білім беру жүйесін инновациялық негізде дамыту Стратегиясы.
Жоғары оқу орнының инновациялық моделінің қалыптасуы. «Назарбаев-университет». «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы. «Серпін-2050» Мемлекеттік бағдарламасы. Тарихты зерттеудегі жаңаша тәсілдер. Тарихи зерттеулердің «Халық тарих толқынында» атты бағдарламасы. Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіру жылы (1997), халық бірлігі және ұлттық тарих жылы (1998), бірлік пен ұрпақ сабақтастығы жылы (1999), мәдениетті қолдау жылы (2000). «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру. Әдебиет. Театр өнері. Қазақстан кино өнері. Қазақстан композиторларының творчествосы. Ұлттық опера мен балет. Бейнелеу өнері.
5.2 «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2012 ж. 14 желтоқсаны), оның негізгі бағыттары: 1.Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. 2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; 4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары; 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; 6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 7. Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
15.3 Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIV сессиясында «Мәнгілік ел» ұлттық идеясының қабылдануы және оның мазмұны мен мәні.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет