«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана



Дата04.11.2016
өлшемі0,91 Mb.
#313

«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана






Сіздердің жаңалықтарды білуге деген

ынталараңызды қолдаймыз

және көмектесеміз!


Шығыс Қазақстан облысының

Семей аймағында 2015 жылы

аталып өтілетін және еске алынатын

күндер тізбегі







Семей -2014 ж.



Құрастырушылардан:
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мен Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электрондқ нұсқада дайындап шығарады.

Өлкетану әдебиеттерін насихаттауда және еліміздегі көрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы елеулі оқиғалар, еңбегі сіңген белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілген.

Көрсеткіш үш бөлімнен тұрады:

Негізгі бөлімдегі көрсеткіште жұлдызшамен белгіленген айтулы күндер тізбегіне анықтама жазылып, әдебиеттер тізімі берілген.

«Айы, күні белгісіз күндер» бөлімінде анықтамалар мен әдебиеттер хронология ретімен берілген. «Анықтамалар мен әдебиеттері берілмеген, еске алынып өтілетін оқиғалар» және семейлік Кеңестер Одағының батырларының мерейтойлық тізбегі енгізілді.

«Әдебиеттері мен анықтамалары берілмеген, аталып өтілетін күндер» тізбегінде аталып өтілетін оқиғалар хронология тәртібімен берілген.

Күнтізбек соңында аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткішімен жабдықталған. Құралды құрастыру жұмысы 2014 жылдың маусымында аяқталды.

Күнтізбе мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға, өлкесін танып білгісі келетін пайдаланушыларға көмекші құрал ретінде арналған. Құралдың мазмұны бойынша айтпақ пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады:


Мекен-жайымыз:

Семей қаласы Абай көшесі, 84

071400


Тел: 56-07-08; 52-22-63

веб-сайт: http://www.cdni-arhiv.vko.gov.kz

е-mail: kgu-cdni@rambler.ru


Семей қаласы Абай көшесі , 86

071400

Тел.: 56-10-76; 52-04-44



веб-сайт: http://www.semeylib.kz.

е-mail:semeybib@yandex.ru



Негізгі бөлім

*2 қаңтар Уәли Айдаболовтың туғанына 85 жыл (1930-2000),

Сазгер, Халық ағарту саласының озық қызметкері, ұстаз

*27 қаңтар Төлеген Жанғалиевтің туғанына 65 жыл (1950),

Абай ауданының ақиық ақыны, Жамбыл атындағы халықаралық

сыйлықтың иегері, ШҚО жазба ақындар мүшәйрасының бас

жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
*2 ақпан Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің туғанына 75 жыл (1940).

Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы

Мемлекеттік сыйлықтың және Түркияның

«Түрік дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының

лауреаты, халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі.

*6 ақпан Михаил Семенович Паниннің туғанына 75 жыл (1940),

Ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері, «Достық» орденінің иегері.

*12 ақпан Нұритдин Атахановтың туғанына 110 жыл (1905-1975),

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, сахнагер

*15 ақпан Күләш Сырымбетқызы Сәкиеваның туғанына 95 жыл (1920 ж.)

Қазақстан Республикасының халық әртісі, сахна өнерінің

Тарланы.
*1 наурыз Шәкір Әбеновтің туғанына 115 жыл (1900-1994),

"Халықтар достығы" орденінің иегері, тұңғыш Президентіміз

Н.Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген

ақсақал, артына мол шығармашылық мұралар калдырған

арқалы ақын, сазгер, көнеден қалған мұраны қастерлеп өткен

суырып салма ақын.

*3 наурыз Әзімхан Сәдуақасұлының туғанына 85 жыл(1930)- өлкетанушы.

*4 наурыз Арап Сләмұлы Еспенбетовтің туғанына 70 жыл (1945),

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология

ғылымының докторы, профессор.

*5 наурыз Олег Жанияровтың туғанына 70 жыл (1945-2012) -сазгер, ұстаз.


*5 наурыз Кентау Назарбектің туғанына 50 жыл (1965) - әнші, сазгер.

*13 наурыз Теміржан Базарбаевтың туғанына 80 жыл (1935-2006),

талантты сазгер, ұстаз, Қазақстан Республикасының

Еңбек сіңірген қайраткері.


*14 наурыз Баян Сағымбаеваның туғанына 65 жыл (1950) –әнші,

Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері,

Бүкілодақтық комсомол сыйлығының лауреаты.
*15 наурыз БақытҮдербаеваның туғанына 65 жыл (1950) –дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.

*21 наурыз Айгүл Кемелбаеваның туғанына 50 жыл (1965)-жазушы,

Қазақстан Журналистер Одағы мен Қазақстан Жастар

Одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының және Дарын

Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері.

*29 наурыз ШҚО-ның қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының

ұйымдастырылғанына 95 жыл (1920)
*27 наурыз Дәмеш Омарбаеваның туғанына 65 жыл (1950) –айтыскер ақын,

Мәдениет қайраткері.


*8 сәуір Хасен Байырмановтың туғанына 110 жыл (1905-1986),

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, сахнагер,


*9 мамыр Мұсатай Ақынжановтың туғанына 110 жыл (1905-1986),

тарихшы, драматург, әдебиет зерттеуші.

*1 маусым Рымғали Нұрғалиұлының туғанына 75 жыл (1940-2010),

әдебиетші, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.



*16 маусым Кәмен Оразалиннің туғанына 95 жыл (1920-2008)

Майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы, «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі», Октябрь

революциясы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат»

орденінің және көптеген медальдардың иегері.


*27 маусым Оразғали Сейітқазының туғанына 60 жыл (1955) -өнер шебері,

қобызшы, сазгер.

8 шілде «Сервис» колледжінің ашылғанына 70 жыл (1945)
*11 шілде Мағауия Абайұлының туғанына 145 жыл (1870-1904) -

Абайдың ақын шәкірті.


*17 тамыз М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің құрылғанына 60

жыл (1955)


*23 тамыз Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл (1845-1904) Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби

тілінің негізін салушы.

*1 қыркүйек Жұмабек Қамбаровтың туғанына 65 жыл (1950) –журналист,

Қаламгер.


*15 қыркүйек Семей қаласындағы Шығыс әскери округының құрылғанына

15 жыл (2000)


*16 қазан Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық

қорық мұражайының ұйымдастырылғанына 75 жыл (1940)


*16 қазан Аспалы көпірдің іске қосылғанына 15 жыл (2000)
*19 қазан Мыңбай Рәштің туғанына 85 жыл (1930)– ақын, сатирик.
*21 қараша Ахмеди Ысқақовтың туғанына 105 жыл (1910-1996) Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі,

филология ғылымының докторы, профессор,

Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
*24 қараша Сапарғали Бегалиннің туғанына 120 жыл (1895-1983)

Ақын, жазушы, аудармашы.

*5 желтоқсан Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы

Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының

ашылғанына 30 жыл (1985)
*22 желтоқсан «Еураз-шоу» ән-би театрына 20 жыл (1995)
*Желтоқсан Ілияс Молдажановтың туғанына 115 жыл (1900-1938)

Ақын, қоғам қайраткері




Айы, күні белгісіз күндер:
*Ақын, ұстаз Ахат Құдайбердіұлының туғанына 115 жыл (1900-1984)

Исраил Ақылбайұлына 120 жыл (1895-1959) (Абайдың немересі, педагог, күйші)

*Ақын Есенсары Құнанбаевтың туғанына 125 жыл (1890-1960)
Уәсила Мағауияқызына 125 жыл (1890-1954) (Абайдың өз қолында өскен немересі)

Мүрсейіт Бікеұлына 155 жыл (1860-1917) (Абай өлеңдерін қағазға түсірген)

*** ***

*Жүн өңдеу фабрикасына 80 жыл (1935)


*«Мұрагер» тігін фабрикасына 75 жыл (1940)
*Семей аймағындағы баспасөз және кітап шығару мұражайына 15 жыл (2000)


Кеңес Одағының батырлары


1 қаңтар Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың

туғанына 90 жыл (1925-1996)


1 мамыр Кеңес Одағының батыры И.И.Варепаның

Туғанына 105 жыл (1910-1981)


24 шілде Кеңес Одағының батыры С.Батинковтың

туғанына 95 жыл (1920)


11 тамыз Кеңес Одағының батыры А.Крониттің туғанына

90 жыл (1925-1983)


21 қыркүйек Кеңес Одағының батыры Серікқазы Бекбосыновтың

туғанына 90 жыл (1925)


18 қараша Кеңес Одағының батыры И.М.Ландышевтың

туғанына 90 жыл (1925-1945)


Кеңес Одағының батыры И.И.Корневтің

Туғанына 115 жыл (1900-1945)




Әдебиеттері мен анықтамалары берілмеген, аталып өтілетін күндер:
Ерікті өрт сөндіру қоғамының қалалық ұйымдастыру бюросының құрылғанына

75 жыл (1940)


Медициналық колледждің ашылғанына 60 жыл (1955)
Семей облыстық телестудиясының ашылғанына 50 жыл (1965)

Орыс драма театрына Ф.М.Достоевскийдің аты берілгеніне 40 жыл (1975)


Семей қаласындағы неке сарайының ашылғанына 35 жыл (1980)
Абай ауданының Жидебай селосында «Абай – Шәкәрім» мемориалдық кешенінің ашылғанына 20 жыл (1995)
«Жас ұлан» ерлер лицейіне Шоқан Уәлиханов есімінің берілгеніне 10 жыл (2005)


2 қаңтар Сазгер, Халық ағарту саласының озық қызметкері, ұстаз

Уәли Айдаболовтың туғанына 85 жыл (1930-2000)
Сазгер Жарма ауданы, сұлу табиғатты Мариновка селосында дүниеге келген. Жасынан ауыр жұмыстарды басынан кешірген Уәли соғыс жылдары үзген оқуын 1947 жылы қайта жалғайды. Семей қаласындағы темір жол училищесіне оқуға жіберіліп, слесарьлық оқуда оқиды. Жыл өткенде Аягөздегі жаттығу тәжірибе жұмысына жіберіледі. Сонда жүріп көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады. Орта әсері өнерге құштарлығын қозғап, табиғатына біткен музыкалық дарынының көзін ашуға ықпалын тигізеді. Сырттай М.Төлебаев атындағы музыкалық училищені оқып бітіреді.

Жарма ауданында автоклубта қызмет істей жүріп, домбыра мен баян тартуды үйренеді. «Скотоводта» мұғалімдік қызметпен қатар музыкалық дарыны да жарыққа шыға бастайды. Олардың төл басы Қ.Алтынбаевтың өлеңіне жазылған «Туған жер», Қ.Шалқаров, Т.Әбдірахманованың өлеңдеріне жазылған «Алыстадың арманым», «Дос қандай» әндері дүниеге келді.

1973 жылы Семей қаласындағы №16 мектепке орналасып, ән сабағынан 20 жылдан астам дәріс береді. Өнер адамдары Т.Базарбаевпен, Д.Хайрулиин тағы басқалармен шығармашылық қатынаста болды.

Уәли Иманғалиұлы Айдаболов көп жылдық халық ағартудағы еңбегі үшін «Халық ағартудың озық қызметкері» атағына ие болды. Мәдениет, оқу-ағарту министрліктерінінң құрмет грамоталарымен марапатталды. 2000 жылы дүние салды.


Әдебиеттер:
Шыңғысұлы Б. Жан өнерпаздар ұстазы // Семей таңы.-1982.-12 мамыр.

Шыңғысұлы Б. Өмірін өнерге арнаған // Семей таңы.-1993.-26 қаңтар.

Кәрібжанов О. Әуез ордасы.-Семей, 2005.-21 б.


27 қаңтар Ақын Төлеген Жанғалиевтің туғанына 65 жыл

Абай топырағында 1950 жылдың 27 қаңтарында туып өскен Төлеген Жанғалиев алып бабаларының атына сай азамат болуды талабымен ғана емес, тартымды туындыларымен таныта бастаған талантты лирик ақын. Төлеген Жанғалиевтың ақындық арынын, айта білу шеберлігін, өсіресе балладалары айғақтап береді. «Ақ арба», « Апамның әңгімесі», «Намыс», «Ақ бантик», «Көрші кемпір», «Иіс су» балладалары үлкен шеберлікпен жазылған. «Шыңғыстау шындығы» - жинақтың алтын қазығы іспетті. Бұл шығарма Шәкәрім қажыға арналған.

1998 жылы «Ата мұра» баспасынан жарық көрген «Біз жұмаққа бармаймыз» кітабында қамтымаған тақырыбы, қозғамаған мәселесі кемде-кем. Оны ел мен жер тағдыры толғантады. Әлемде жасалып жатқан іс те, қиянат пен қасірет те - бәрі де осы жинақтан орын алған. 1999 жылы мерейтой қарсаңында полигон тақырыбына арналған «Атом мен ақын» деген жаңа жинағы баспадан шықты. Ұлылар бастаған кешті жалғастырып келе жатқан Төлеген Жанғалиев қазақ поэзиясында өзіндік үні бар, үнемі үлкен ізденіс үстіндегі өсумен келе жатқан ақын. Ақын өзінің шығармаларында бүгінгі өмірдің шындығын дөп басып айтады. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық Жамбыл корының лауреаты.
Әдебиеттер:

Жанғалиев Т Нұрлы ту.-Семей, 2011. - 302 б.

Жанғалиев Т. Ақындар жүр Ертістің жағасында... //Арна.-2000.-12 мамыр.

Жанғалиев Т. Жел мінез. Қалтақбасқа хат. Элегия: Өлеңдер) //Дидар.-1999.-2 наурыз.

Жанғалиев Т. Үшінші нәубет. Атом мен ақын: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1999.-15 шілде.

Жанғалиев Т. Күдік. Біз. Ағайынға арыз: (Өлеңдер) //Семей таңы.-1999.-11 қараша.

Жанғалиев Т. Ақын рухымен сырласу. Көр қазушыға күбір: (Жыр дәптерінен) // Семей таңы.-1999.-28 қазан.

Жанғалиев Т. «Баба» деп қойдым атыңды // Семей таңы.-1998.-15 қазан.

Жанғалиев Т. «Аңдар мен адамдар» атты кітаптан // Сарыарқа.-1998.- 22 сәуір.

Жанғалиев Т. Біз жұмаққа бармаймыз-ау, бармаймыз: (Толғау) // Семей таңы.-1997.-5 сөуір.

Жанғалиев Т. Тілсіздің тілі : (Өлеңдер жинағы).-Өскемен, 1994. - 85 с.

Жанғалиев Т. Шыңғыстау шындығы: (Өлеңдер, балладалар, дастандар).-Алматы, 1992.-128 6.

***

Қабиденұлы М. Өмірін өлеңмен өрнектеген: (Ақын 50-де) // Семей таңы.-1999.-11 караша.



Қасымжанұлы С. Жас жүрек жайып саусағым: немесе абайлық жас ақындардың "Алқызыл желкені" // Ертіс өңірі. - 2004. - 12 ақпан.- Б. 17

Мұратбекқызы А. Ақынмен кездесу // Ертіс өңірі. - 2010. - 13 қаңтар. - 2 б.

Оспанов Т. Талғампаз ақын: (Шыңғыстау шындығы» кітабы туралы) // Семей таңы.-1992.-25 тамыз.

Рахметова, Жұмабақыт. Ақындар елінде // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2013. - № 7.- Б. 88-92.

Сейсенұлы, Дәулет. Ауылдағы ақындық мектеп // Егемен Қазақстан. - 2013. - 12 қаңтар.- Б.6.

Серікқалиұлы 3. Төлеген Жанғалиев - 50 жаста // Семей таңы.-1999.-1 қараша.



2 ақпан Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет зерттеуші

Мұхтар Мағауинның туғанына 75 жыл
Жазушы, әдебиет зерттеуші Мағауин Мұхтар Мұқанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданының Баршатас селосында 1940 жылы 2 ақпанда ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келді.

Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке жақын болды. Бала Мұхтар халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жаттап өсті. Ауыл қарияларының көкірек қоймаларын ашқызып, жүрегіне тоқи білді. Орта мектепті бітірер жылы мектеп пен ауыл кітапханасында ол оқымаған кітап қалмағанын жерлестері әңгімелеп отырады екен, жерлестері, үлгі тұтар ағалары Абай мен Әуезов табынған сөз өнері Мағауинді 1962 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне алып келсе, 1965 жылы қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. Сөйтіп, алғыр жігіт ғылым жолына түсті. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында, Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында, ҚазПи-де жұмыс істеді.

Мұхтардың көркем прозадағы тырнақ алды жинағы - «Ақша қар». (1969 ж.) мен «Бір атаның балалары» (1974 ж.) кітаптарымен көпшіліктің танымал жазушысына айнлады. Осы кітаптарында ол адам жанының нәзік сырларын кейіпкерлердің өзіне аштырып, өмірді қолдан жасамауға, ойдан жоқты бар етуге жаны қас, байыпты қаламгер келе жатқанын паш етті. Жинаққа кірген «Тазының өлімі» (1969), «Қара қыз» (1970) «Көк мұнар» романы (1971), т.б, жарияланды.

Мұхтар Мағауин прозасының дені - бүгінгі күн тақырыбы, кемелденген социализм дәуіріндегі озығымыз, қүрметімізді дәріптеп, аяққа оратылған тозығымызды сынайды. Жазушының адам жанына терең бойлауының нәтижесінде, өмірді білу, адамдар арасындағы байланыстарды шеше білуі арқасында кейіпкерлерін бір-бірімен шатастырмайды. Қазы («Тазының өлімі»), «Көк мұнардағы» Кенжек, Едіге,Гүлшат, «Бір атаның балаларындағы» Ахмет қария, «Әйел махаббатындағы» Зия, «Қарақыздағы» Айгүл т.б. бейнелері жазушының суреткерлік биік мұратты заман ақиқатын ұлттык қасиет, ұлттық мінез диалектикасына ұштастыра алатындығының жарқын көрінісі.

1984 жылғы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымының докторы, жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде көп еңбек сіңірумен қатар, бірнеше көркем туындылардың авторы. Ол жазған «Қобыз сарыны» монографиясы (1968) және «Алдаспан» антологиясы (1970) көне дөуірдегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге қосылған бағалы еңбектер. М.Мағауинның 1984 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Аласапыран» атты тарихи диалогиясында қазақ жөне орыс халықтарының арасындағы достық қарым-қатынас арқау болады.

Жазушы бұл шығармасын жазуда тарихи көп жерлерді аралағанын айтады. «Москвадағы Кремльді көп зерттедім. Патша сарайының іші-сыртын және ондағы жиһаздарды суреттеуге де біраз еңбек сіңіруге тура келді. Жалпы, осы еңбекті жазу үшін жүзден астам еңбектерді пайдаландым»,- деп жазады. Шығарма тікелей қазақ өмірінің шындығын бейнелейтіндіктен, Мағауин ХҮІ-ХҮП ғасырдағы халықтың тұрмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, қару-жарақ, құрал-саймандарына дейін дәлдікті сақтауға тырысқан. Жазушының шығармалары ТМД және шет ел тілдеріне аударылған.

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың және Түркияның «Түрік дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі М.Мағауиннің әдебиетке қосар үлесі мол.
Әдебиеттер:
Мағауин М. Қыпшақ аруы.-Алматы: Атамұра, 2007.- 256 б.

Мағауин М. Аласапыран.Тарихи роман.1-кітап.-Алматы: Жалын,1981.-384 б.; 2 кітап, 1983.-456 б.;

Мағауин М. Аласапыран.-Алматы: Жазушы, 2009.-496 б.

Мағауин М. Бір атаның балалары. Повестер және роман.-Алматы: Жазушы,1980.-318

Мағауин М. Түркі жұртының қара шаңырағы - бізбіз // Дидар. - 2010. - 1 ақпан. - С. 5

Мағауин М.Зұлымдық шежіресі // Жұлдыз.-2001.-№2.-106 6.

Мағауии М. Құрметті академик // Ертіс өңірі.-2005.-7 сәуір.-2 б.

***


Әбікенова Г. М.Мағауин шығармаларындағы автор бейнесі мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдары.-Астана, 2004.-31 б.

Жанпейіс Н. Заманалар жүгін көтерген туынды // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 14 мамыр.- 7 б.

Жолдасбайұлы С. Шыңғыс ханда шарапат бар ма?//Ана тілі.-2002.-6 маусым.-4-5 б.

Бекбосынов М. Қос қайраткер қаламгер: (М. Мағауин мен Қ.Жұмаділов туралы) //Семей таңы.-2003.- 2 сәуір.-5 6.

Қайролданова С. М.Мағауиннің «Шақан Шері» романы // Ұлағат.-2005.-№ 1.

Сейсенұлы Д. Мұхаңның "Шыңғыс ханы" жарыққа шықты // Семей таңы . - 2012. - 10 қаңтар. - С. 8

Сембай М. Алаштың алдаспаны: Журналист пен 70 жасқа толып отырған жазушы Мұхтар Мағауинмен «Бір өзі бір академия» атты сұхбаты // Ертіс өңірі.-2010.-10 ақпан.-10-12 б.

Сыдықов Т. Зерлі тілді, зерделі жазушы // Жұлдыз.-1985.-И12.-197-2016.

Тілеубаева К. «Драматизм танымдық сипат» // Ізденіс.-2004.-№ 1.

6 ақпан Ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері, «Достық» орденінің

иегері Михаил Семенович Паниннің туғанына 75 жыл

Ғалым, қоғам қайраткері Михаил Семенович Панин Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Камышенка ауылында 1940 жылы дүниеге келді. Семей педагогикалық институтының биология-химия факультетін үздік бітірген М.С Панин жоғарғы оқу орнында ассистенттен бастап бірінші басшыға дейінгі еңбек жолынан өтті: химия кафедрасын басқарды, биология-химия факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры, Семей педагогиқалық институтының ректоры, Семей Мемлекеттік университетінің ректоры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Семей мемлекеттік педагогиқалық институтында экология және география кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарып келді.

Ғылыми педагогикалық саладағы қызметі үшін “Құрмет” орденімен, «Еңбек Ері» медалімен марапатталды. «КСРО- ның ағарту үздігі»,   «Қазақ ССР- ның халық үздігі», «Қазақстан Республикасы білім ағарту үздігі» атанды. Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін және көрсеткен әсері үшін биология ғылымының докторы, химия профессоры, академик М.С.Панин «Әлемдегі Жетекші Ғалымы» болып танылды. Семей қаласының құрметті азаматы.

 

Әдебиеттер:


Ізғұтдинов М. Танымал ғалым // Семей таңы. - 2005. - 11 ақп. - С. 12

Панин М.С. "Жұмыссыз күнімді өлі күнге санаймын" // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 ақпан. - С. 12

Тәлтенов А. Кемелдікке жол тартқан ғұмыр // Семей таңы. - 2010. - 4 ақпан. - С. 4 ; Семей таңы. – 2012.- 22 мамыр.- Б.2; Семей таңы. – 2013.-11 қаңтар.- Б.2


12 ақпан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, сахнагер

Нұритдин Мұхаметқалиұлы Атахановтың туғанына

110 жыл (1905-1974)
Актер Нұритдин Атаханов 1905 жылы Өскемен қаласында дүниеге келді. 1919 жылы Өскемендегі жоғары бастауыш училищесін бітірген. 1924-34 жылдары сот, прокурор, тергеуші болып сот орындарында әртүрлі қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Киелі саханадағы өнер жолын 1922 жылы Өскемен қаласындағы қазақ-татар труппасынан бастады. 1930-40 жылдары Алматы, Қарқаралы, Қарағанды, Павлодардағы қазақ театрларында бастады. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1952-1975 жылдары өмірінің соңына дейін барлық актерлық ғұмыры Семейдегі Абай атындағы музыкалы драма театрында өткен. Актер отыз жыл ішінде екі жүзден астам рольді сахналады. Олардың ішінде, әсіресе, «Арқалық батырдағы» - Арқалық, «Қыз Жібектегі» - Базарбай, «Майрадағы» - Тайман, «Қозы Көрпештегі» -Қодар т.б. образдары халық көңілінен шыққан шынайы образдар. Ол өзінің сомдап шығаратын рольдеріне барынша ізденіп, әдебиеттерді ақтарып дайындалатын. Семей сахансының саңлағы өз өнеріне, өзінің шығармашылық еңбегіне әрқашан жауаптылықпен, байсалдылықпен қарайтын.

1934 жылы Семей сахнасына қойылған «Еңлік-Кебекте» Кебек ролін тұңғыш рет көрермендер назарына ұсынып, жылы қабылдады. Одан кейін де Абыздың, Құнанбайдың бейнесін сәтті шығара білді.

Атаханов театрда қаншама жастардың ақыл сұрар сүйеніші, ұстазы бола білді. Ол тек актер ғана емес, режиссерлық қызметті де абыроймен атқарып, көптеген қойылымдарды сахнаға шығарды.
Әдебиеттер:
Атаханов Н. // Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы: «Аруна», 2005.-72 б.

Жұманов Б. Дарынды талант иесі // Ертіс.-1965.-31 январь.

Құндақбаев Б. Семей театры // Мәдениет және тұрмыс.-1964.- № 20-21 б.

Құндақбаев Б. Семей театрының спектальдері // Жұлдыз.-1960.-№ 8.-154-160 б.

Қыдыралин С. Сахна саңлағы // Ертіс.-1965.-17 апрель.

Өмірғалиев Т. Өнерлі жан // Ертіс.-1965.-17 апрель.



15 ақпан Қазақстан Республикасының Халық әртісі

Күләш Сәкиеваның туғанына 95 жыл
Қазақстан Республикасының Халық әртісі Күләш Сырымбетқызы Сәкиева 1920 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында туған. Сахна табалдырығын сонау 1940 жылдары аттаған жиырма жастағы Күләш соғыс жылдарында да сахнадан қол үзбей, қантөгіс жылдары қамкөңіл халықтың көңілін кішкене болса да серпіліп қалса екен деген ниетпен күні-түні шармашамай еңбек етті. Алматыда рабфакта оқып жүрген жерінен Еңбекші қазақ ауданы театрына ауысады. Осында еңбек етіп, шағын рольдермен шеберлігін көрсете білген болашақ актриса бойдағы дарынын біліммен ұштастыру мақсатында Алматы театр училищесіне келіп түсті. Актерлік қызметін Жамбыл театрында бастаған Күләш апамыз Семейдегі үлкен театрға 1952 жылы келді. Содан бері өзінің Меккесіндей болған Семей топырағына табан тіреу, онда ғұмыр кешуді өзіне бақыт санаған Күләш Сырымбетқызы Абай атындағы музыкалы сазды драма театрында 70 жылға жуық еңбек етіп, 300-ден астам арулар бейнесін сомдап, халқына рухани ләззат сыйлап, өнер сүйер қауымның ізгі ілтипатына бөленген жан.

Театртанушы Қ.Қуандықов «Әншілік пен ақындық, шебер актерлік – бір адамның басына сирек қонатын бақыт. Міне, осындай асыл өнер, бақыт иесінің бірі – Сәкиева Күләш» деп жазған еді.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1958), Қос орденді «Құрмет белгісі орденінің» иегері (1946), (1959 ж.) бірнеше медальдардың, иесі, Еңбек ардагері (1982). Бүгінде театрдан қол үзбей, рольдерге де қатысып, жастарға да ақыл-кеңесін беріп жүрген Күләш Сәкиева бойындағы бүкіл қажыр-қайратын халыққа арнады.
Әдебиеттер:
Иманбаева А. Өнердің хас шебері // Мәдениет.-2010.-№ 1.-5-9 б.

Мақанқызы К. Сан қырлы саңлақ // Ертіс өңірі.-2010.-29 қыркүйек.-10 б.

Мұхамедова Р. Жүздеген тағдыр бейнесі // Ертіс өңірі.-2010.-3 наурыз.-12 б.

Семей қаласының Құрметті азаматы // Семей таңы.-2002.-25 қазан.-2 б.

Сағимұрат Е. Мұхтар Әуезов бағалаған актриса. // Семей таңы.-2010.-30 қыркүйек.-2 б

Сәкиева К. Мен Майраны көп іздедім // Дидар.-2010.-4 наурыз.-7 б.

Сейсенұлы Д. Актриса: (Қазақстанның Халық әртісі К.Сәкиева туралы) //Егемен Қазақстан.-2010.-2 наурыз.-3 б.

Сыдықов Е. Өнердің хас шебері.-Семей таңы.-2010.-23 қыркүйек.-7 б.

Тарих тұңғиығына үңілсек // Семей таңы.-1990.-10 қараша.-4-5 б.

1 наурыз Суырып салма ақын Шәкір Әбеновтің туғанына

115 жыл (1900-1994)
Шәкір Әбенов 1900 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. Мұсылманша ерте хат таныған бала ақын Семейдегі приходская школасында 3 жыл оқыған. Ең алғаш шыққан «Борсықтар» атты өлеңі 1916 жылы «Айқап» журналында басылған. Ұлы Отан соғысына қатысып, жараланып майданнан елге оралады. Совхозда жұмыс істей жүріп шығармашылықпен де айналысады. Ақын қаламынан туған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Кейпін батыр», «Ортақ арал», «Таңшебер-Жапал» поэмалары әр жылдары шықты.

Ескі шежіре, халық әдебиетінің білгірі Шәкір Әбенов – Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше секілді ақындардың мұрасын тұңғыш рет қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген музыка мамандары Шәкір Әбеновтің айтуымен көптеген әндер мен күйлерді нотаға жазды. Ақын көп жылғы еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің құрмет грамотасымен марапатталды.



"Шәкір ақынның "Қозы Көрпеш Баян сұлу" дастаны жай жыр ғана емес, жеке адамдар қарым-қатынасы, тағдыры арқылы қазақ елін, яғни тұтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-санасы мен ғұрып-дәстүрін, жан-дүниесін, арманын қамтып суреттейтін, өлеңмен жазылған роман, шынайы эпикалық шығарма. Мұнда қазақ өлкесінің ұлан-ғайыр қиырлары, ең бастысы революцияға дейінгі көшпенді қазақ қауымының өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы нақты адамдар аясында жан-жақты бейнеленген",- деп жазады С.Байжан-ата ақын жырлары туралы.

2001 жылы "Жер кіндігі - Жидебай" атты кітабы Елорда баспасынан шықты. Онда ақынның өмірбаяны мен өлең-дастандары берілген.

"Халықтар достығы" орденінің иегері, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген ақсақал. Артына мол шығармашылық мұралар калдырған, арқалы ақын, сазгер, көнеден қалған мұраны қастерлеп өткен Ш.Әбенов 1994 жылы қазан айында дүниеден етті.
Әдебиеттер:
Әбенов Ш. Дастандар. -Алматы: Жазушы, 1991. - 334 бет.

Әбенов Ш.Жер кіндігі. -Жидебай. -Астана: Елорда, 2001. - 494 б.

Әбенов Ш. Қозы Кәрпеш - Баян сұлу. - Алматы: Жазушы, 1965. -114 б.

Әбенов Ш. Ортақ арал. -Алматы: Жазушы, 1968. - 84 б.

Әбенов Ш. Шыңғыстау сазы. - Алматы: Жазушы, 1985. -109 б.

Әбенов Ш. Жолаушының әңгімесі // Абай.-2014.-№ 4.-91-92 б.

Әбенов Н. Маскүнем шебер // Абай.-2014.-№ 4.-91-95; № 5.-62-70 б; № 6.-88-94 б.

Әбенов Ш. Шәкер ақынның Елбасына берген батасы / Ш. Әбенов, Ұ. Есдәулетов // Дидар. - 2011. - 6 сәуір. - С. 5

***

Әлімбеков К. Шәкір жайлы шындық: ақынға 110 жыл // Ертіс өңірі . - 2011. - 19 қаңтар. - С. 12



Әлімбекұлы К. Елбасына бата берген Шәкір Әбенұлы 110 жаста // Ертіс өңірі . - 2011. - 2 наурыз. - С. 12

Еркінұлы , Рүстем. Үлгі болған ұлтына, ұлықталды үш тұлға // Ертіс өңірі. - 2011.– 21 қыркүйек. - С. 10-11

Жарылғап М. Абай елінің азматтары // Ертіс өңірі. - 2013. - 25 желтоқсан.- Б.10-11

Иманжапар М. Халық ақындары мұрасы: Зерттеулер, өлең-толғаулар, поэма-дастандар / М Иманжапар, М Зүкенұлы, 2010. - 322 б.

Кемелбаева А. Шәкір бабаның "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" дастаны // Ертіс өңірі. - 2003. - 6 қараша. – 30 б.; Ертіс өңірі . - 2011.- 12 қазан. – 2 б.

Кенжеханова А. Азулы ақынның дауасы // Семей таңы . - 2011. - 16 ақпан. – 3 б.

Кәкімұлы Қ. Шәкір Әбеновтің ақын қызы Дауаның соңында бар-жоғы алты өлеңі сақталып қалыпты // Дидар . - 2013. - 22 ақпан.- 20 б.

Қамбаров Ж. Алмастай жарқыраған ақын Шәкер // Семей таңы. - 2011. - 3 маусым. - 7 б.

Тоққарин Д. Намыс оты жалындаған - Жырау ата: Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуы қарсаңында // Семей таңы . - 2011. - 11 қаңтар. -3 б.

3 наурыз Өлкетанушы Әзімхан Сәдуақасұлының

туғанына 85 жыл
1930 жылы 3 наурызда Мақаншы ауданының «Қызыл жұлдыз» колхозында дүниеге келіп, сәбилік шағы ашаршылыққа, балалық шағы Ұлы Отан соғысы кезінде қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеріп, өмірдің от жалынында шыңдалып ер жетті. Сол кездегі балғын жас еңбек майданында бір кісідей еңбек етті. Соғыстан кейін білімдар жас оқып, қызмет істеді. Алакөл, Арқалық, Мақаншы, Киров, Үржар, Шар, Семей топырағында мектепте қатардағы мұғалімдіктен меңгерушілік, директорлыққа дейін көтеріліп, партия қызметтерін адал атқарды.

Еңбектері бағаланып «Ленин» (1966), «Еңбек Қызыл Ту» (1976) ордендерімен марапатталып, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

1992 жылы құрмет демалысына шыққан еңбек ардагері қаламыздың тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауға ат салысып, өзінің бай тәжірибесін пайдаланып талай пайдалы істердің ұйтқысы бола алды. «Қабанбай батыр» қоғамдық қорына жетекшілік жасап, біраз шаруалар тындырды. Шыңғожа батыр ескерткішін орындауда да зор белсенділік танытты.

Ол «Тарихыңды танып біл, «Семей өңірінің құрметті азаматтары», «Құс баптау, саятшылық», «Өмір естеліктері», «Дін – тәрбие діңгегі», «Халық қорғаны» атты кітаптарында өзінің өмірден түйгені, ағалық көзқарастары жазылған.


Әдебиеттер:
Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.-Алматы: Арқас, 2005.- 280 б.

Сәдуақасұлы Ә. Тарихыңды танып біл.-Алматы: Шартарап, 2000.-256 б.

Сәдуақасұлы Ә. Құс баптау, саятшылық // Дидар.-1999.-2 қараша.

Сәдуақасұлы Ә. Жерлестер жайлы кітап // Семей таңы.-2001.-2 ақпан.-4 б.

***

Біздің Әзаға // Семей таңы.-2000.-2 наурыз.-2 б.



Мешелов Т. Өзіміздің Әзаға // Семей таңы.- 2010.- 5 қаңтар. -4 б.

Молдағалиұлы Т. Әзекең асқан белестер: (Ә.Сәдуақасұлына 80 жас) // Ертіс өңірі.-2010.-24 ақпан.-13 б.

Оразалина З. Жаңа кітап // Ертіс өңірі. - 2005. - 21 шілде. – 2 б.; Семей таңы. - 2005. - 15 шілде. -14 б.

Хасенов Р. Жерлесіміздің тағы бір жаңа туындысы // Семей таңы. - 1998. - 22 қазан



5 наурыз Әнші, сазгер Кентау Назарбектің туғанына

50 жыл
Кентау Назарбек - Абай ауданының Қарауыл орталығында 1965 жылы дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1982 жылы осы мектепті бітірген.

1983-1985 жылдар әскери борышын өткерді. 1986 жылы Семейдің Шәкерім атындағы педагогикалық институтының көркемсурет факультетіне түсіп, оны 1991 жылы тәмамдаған. Студент кезінде әншілігімен көзге түсті.

1992 жьшы Облыстық жастар комитетіне қызметке тұрып жастар өміріне белсене араласады. 1993 жылы еткен «Үкілі үміт» атты Республикалық сазгерлер байқауының жүлдегері, ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық, республикалық сазгерлер байқауының жүлдегері.

Әндері Республикаға және облысқа танымал әншілердің репертуарынан берік орын алған. Кентау Назарбектін, өндері Қытайда, Моңғолияда шырқала бастады. Тіпті, Ресейдегі қандастар да елге деген сағынышын Кентау әндерімен жеткізіп, содан рух алады екен. Өйткені оның шығармаларында ұлтымыздың шынай бітім-болмысы ұмытылмастай әсер қалдырады. Теміржан Базарбаевтай ұстазы бар, халық көкейінен шыққан бірегей туындысы «Бір бәйтерек, бір шынар» атты әннің авторы К.Назарбек 60-қа жуық әннің авторы.



Әдебиеттер:
Назарбек К. Бір бөйтерек, бір шынар: Әндер жинағы. - Семей қаласы, 2000.-82 б.

Назарбек К. Белгілі мөлшерде цензура керек // Ертіс өңірі . - 2011. - 14 қыркүйек. - 9 б.

Назарбек К. Шаңырақ шаттығы // Ертіс өңірі.-2009.-22 сәуір.-32 б.

Исабаев Е. Сахна саңлақтары // Семей таңы . - 2011. - 20 желтоқсан. - С. 3

Калиакпаров Ш. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді // Ертіс өңірі . - 2012. - 18 шілде.-9 б.


5 наурыз Сазгер Олег Жанияровтың туғанына 70 жыл (1945 -2012)

Қазақстан композиторлар одағы Ертіс өңірі бөлімшесінің төрағасы. Шығыс Қазақстан облысындағы «Лесная пристань» станциясында туып өскен сазгер Семей қаласында М.Төлебаев атындағы музыка колледжінде көп жылдар қызмет етті.

Алматы консерваториясын профессор Е.Рахмадиевтің композиция класы бойынша бітірген О.Жанияров тек қана Шығыс өңірі ғана емес, сонымен бірге республикаға танымал қарымды композиторлардың бірі. Мысалы, «Бүркіт әні», «Бұл баяғы Қожанасыр» сияқты опералары, «Мерекелік увертюра» атты үлкен симфониялық оркестрге арналған симфоноялық поэмасы, «Интернационал туралы», «Адам жөне жұлдыздар» канаталары О.Жанияровты күрделі музыкалық жанрларға құлаш ұрған кесек тұлғалы композитор ретінде танымал етті. Сондай-ақ, баритон мен фортепианоға лайықталған «Микеланджело мемориалы» атты вокальдық циклы мен «Петрарконың сонеттері» деген кларнетке арналған сонатасы да тыңдаушылар жүрегінен берік орын алды.

Композитор өзінің кішкентай тыңдаушыларын да ұмыт қалдырған емес. Өйткені, «Менің ойыншықтарым«, «Ивашка» және басқа да әндері бүлдіршіндердің сүйіп тыңдайтын шығармаларына айналды. Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған 4 бөлімді үрмелі мыс аспаптарына арналған квинтет 1995 жылы өткен халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды. Сазгер Арғынбек Ахметжановтың «Рухани жол» деген кітабында О.Жанияров туралы және шығармалары енгізілген.


Әдебиеттер:
Ахметжанов А. Джанияров Олег Саиндыльдәұлы // Ахметжанов А. Рухани жол.-Өскемен, 2008.-16 б.

Жан дүниесі тұнған ән: (Сазгер О.Жанияров туралы) // Семей таңы.-1995.-21 қараша.

Кәрібжанов О. Әуез ордасы: естеліктер.- Семей, 2005.-142 б.

Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.-Алматы, 2004.-184 б.



12 наурыз Семей қаласы әскери госпиталінің

ұйымдастырылғанына 45 жыл (1970)
Мемлекетіміздің Қарулы күштерін медициналық қызметпен қамтамасыз ететін мекемелердің бірі – Семей қаласы Әскери госпиталі 1970 жылы 12 науырызында құрылды. Бүгінде онда офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметкер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қызметкерлері сардарлар мен сарбаздардың сыр берген денсаулықтарын түзеуге, аурулардың алдын алуға атсалысуда. Бұл мекемеде санатты және мамандандырылған хирургиялық, терапиялық, жұқпалы ауруларға қарсы көмек көрсетіледі. Қазіргі заманға сай медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Семей қаласының әскери госпиталінің қабылдау, хирургия, анестезиология, жансақтау, сәулелі емдеу, зерттеу диагностика, тіс емдеу, ренгтен тағы басқа бөлімдері әскерилердің және отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғау шараларын орындайды. Дәрігерлер қабілетті, өз істерінің жетік мамандары. Мұндағы қызметкерлердің өз Жарғысы бар, оның қағидалары сақталады. Күні бүгінге дейін әскери госпиталь ұжымы жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді.
Әдебиеттер:
Армияшев М. Әскери госпиталь // Ертіс өңірі.-2010.-10 наурыз.


13 наурыз Талантты сазгер, ұстаз

Теміржан Базарбаевтың туғанына

80 жыл (1935 - 2006)
Теміржан Базарбаев – Алматы облысы Алакөл ауданының Жалғызағаш ауылында 1935 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Болашақ композитор музыкалық білімнің алғашқы әліппесін К.Байсейітова атындағы арнайы музыка мектебінде ашып, кейіннен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында профессор Қ.Х.Қожамияровтың класында оқуын жалғастырады.

1961 жылы Алматы консерваториясын бітіргеннен кейін М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесі теория бөлімшесінің меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды.

1979-1982 жылдары Семей Ертіс өңірі Композиторлар одағының бірінші төрағасы болды. Сазгерлік шығармашылығында Отан жайында, туған өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы сияқты азаматтық тақырыптар басты орын алған. Атап айтқанда, «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер», «Ауылым» әндерімен қатар, «Отан таңы», «Семей жастары», «Қалың елім, қазағым,қайран жүртым», «Белгісіз солдат анасы«, «Курган бессмертия», «Шалқыма«, «Әнсіз қазақ болмаған», «Қазақстан», «Мен-коммунистпін», т.б. ондаған дүниелері қазақ музыкасының асыл қорлары.

Өнер қайраткері-суреткері ұлттық қазына қорындағы орнын айқындайтын симфония, фантазия, поэма, романс опералық жанрларында тудырған шығармалардың болғандығы ғана емес, сонымен қатар жалпы шығармашылығындағы халықтық, ұлттық нақыш, нәр мен құнарынан үндестік табуында болса керек.

Теміржан Базарбаев - арнайы білімді, теориялық сауатты, әлемдік музыкадан мол хабары бар өнер иесі. Композиторлар қазақ мудыка мәдениетіне қосқан ерен еңбегі Үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Қазақстанға Еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды, көптеген грамоталармен марапатталды.

Баспадан жарық көрген «Қаздар қайтқанда», «Ақбаян» жинағына енген отыздай әндері мен романстары енгізілген. Т.Базарбаевтың Т.Молдағалиев, Н.Шәкенов, Ж.Молдағалиев өлеңдеріне шығарған «Жаңа жерлер», «Қазақстан» т.б. шығармалары - қазақ ән дәстүрінің тағы бір жаңа жаңарған құбылысының жемісі. Сазгердің домбыра мен өзге аспаптардың қосылуымен шығарған терме-толғаулары қазіргі музыкаға қосып отырған жанр жаңғыртудағы тың үлесі. Семей өңірі, Семей қаласы - Теміржан Базарбаевтың өнер бесігі, ән ұясы.


Әдебиеттер:
Бейсенов Ж. «Ауылым» әнінің сөзін мен жазсам да, әлі күнге дейін басқа ақындарға теліп жатады // Дидар.-2009.-28 қараша.-5 б.

Кәрібжанов О. Педагог, композитор // Дидар. - 2005. - 19 наурыз.

Кәрібжанов О. Біртуар Базарбаев // Ертіс өңірі.-2010.-10 наурыз.-13 б.

Нұрбаев С. Семей Теміржанымен бақытты // Семей таңы.-2010.-25 наурыз.-2 б.

Райыс К. Теміржанның тереңіне бойлай алдық па? // Ертіс өңірі.-2011.-5 қазан.-7 б.

Сейсенұлы Д. «Ауылын» ардақтап, «Тамашасымен» тамсандырған: (Сазгер Т.Базарбаевқа 75 жыл толуына орай) // Семей таңы.-2010.-25 наурыз.-2 б.

Шыңғысұлы Б. Композитордың шығармашылық кеші //Семей таңы.-1991.-5 қараша.

14 наурыз Әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,

Баян Сағымбаеваның туғанына 65 жыл (1950)
Баян Сағымбаева Абай ауданы, Бірлік ауылында 1950 жылы 14 наурызда дүниеге келді. Мектепте оқып жүргенде-ақ озат оқушы болумен қатар, мектептің де ауылдың да бетке ұстар әнші, биші қызы, сүйікті де сұлу актрисасы болды. 15 жасынан жазушы М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» күрделі бейне Каракөзді сомдады. Жұртшылыққа да танылуы осы рольден басталды. 1967 жылы Мәскеуге барып Кремль сахнасында Б.Майлиннің «Жалбыр» музыкалық драмасын қойды. 16 республиканың 32 халық театры қатысқан осы фестивальде 1-дәрежелі дипломмен, алтын медальмен марапатталды. 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атанды.

Абай ауданындағы атақты халық ансамблі «Қаламқастың» белді әншісі Баян құраммен Чехославакияның 27 қаласында өнер көрсетті. Чехтың «Биле, биле» әнін айтып зор құрметке ие болды. Әнші репертуары бай. Өнердің қайнар көзі халық әндерінің бал бұлағынан бастау алған, сусындаған Баянның ешкімге ұқсамайтын ғажап әуезі мен тереңге тартар сиқырлы үні тыңдаушыны бей-жай қалдырмайды.

1980 жылдары Баян Алматыдағы «Қазақконцертте» біраз жылдар қызмет етіп, кейіннен өзінің туған қаласына оралды. Семей педагогикалық колледжінде вокалдан сабақ беріп, ұстаз болып шәкірт тәрбиеледі. Бойындағы бар асылын өнерін еліне арнаған «Ару Баян», «Ақ Баян» қазіргі уақытта Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда қызмет етеді.
Әдебиеттер:
Ахматбекова А. Ақбаян // Семей таңы.-1997.-19 сәуір.

Боқаев Қ. Өнерлі өрге жүзер.-Алматы: Қазақстан, 1980.-148 б.

Иманғали М. Асық ойнағаннан гөрі асыл сөзді тыңдауға ынтық болыпты немесе Жәнібек Кәрменов туралы не білеміз?: (әнші Баян Сағымбаева туралы ақпарат бар) // Дидар. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 20-21.

Сағынбаева Б. «Қашан да Баян қалпымды сақтадым» Сұхб.С.Қасымжанұлы // Ертіс өңірі.-2010.-1 наурыз.-8 б.

Сейсенұлы Д. Бұлбұл үнді Баяндар қайда екен?!... // Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-188-191 б.


15 наурыз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі,

әнші Бақыт Үдербаеваның туғанына 65 жыл
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі Бақыт Үдербаева ҚХР-сы, Тарбағатай аймағы, Шағантоғай қаласында туған. 1955 Бақыттың ата-анасы туған мекені Үржарға қайта оралады. Әкесі Жәкулә мен анасы Бишан өнер сүйген, ән салып, домбыра тартқан өнерпаз жандар еді. Бақыт та ата-анасына еліктеп жастайынан өнерге әуестеніп, мектеп қабырғасында жүргенде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, әншілігімен көзге түседі.

Сегізжылдық меетепті бітірген соң 1967 жылы М.Төлебеае атындағы музыка училищесіне оқуға түседі. Бақыт өзінің шығармашылық жолын 1970 жылы Семей облыстық филармониясында әнші болып бастайды. Содан бері ширек ғасыр киелі сахнада әсем әуенімен, әдіме дауысымен көрермендердің ризашылығына бөленіп келеді.

Әншінің коцерттік репертуары да әр алуан. Ол қазақтың халық әндерімен қатар, Ақанның, Естайдың, Кененнің, Сегіз Серінің, Үкілі Ыбырайдың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың әндерін нақышына келтіре орындайды.

Бақыт Үдербаева Қазақстан Композиторлары Б.Байқадамовтың, Е.Рахмадиевтің, Т.Базарбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ж.Жамақаевтың, әуесқой сазгерлер К.Ибраев, Т.Рахимовтың, Б.Сыбанов әндерінің шебер орныдаушысы.

Бақыт 1975 жылы бүкілодақтық әншілер конкурсының дипломанты, 1980 жылы Бүкілодақтық Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы әншілер конкурсының бірінші жүлдегері болды. 1980 жылы Әміре атындағы бірінші әншілер байқауында бірінші жүлдені жеңіп алды. Осы жылы «Бақыт Үдербаева ән шырқайды» атты күй табағы мен телефильмі жарыққа шықты. Өнердегі зор жетістіктері үшін 1989 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі құрметті атағы берілді. Сонымен бірге Қазақстан Министрлігінің, Семей облыстық атқару комитетінің, Семей облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Әнші әлі де жаңа ізденістер мен концерттік бағдарламалар дайындауда.

Пайдаланған әдебиеттер:
Ахметбекова А. Ермінезді әнші: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Бақыт Үдербаева туралы // Семей таңы.-2005.-1 сәуір.-5 б.

Ибрагимов Т. Толқын толғау.-Алматы: Өнер, 2000.-360 б.

Мұхаметқалиқызы А. Өнер елге құт // Ертіс өңірі.-2003.-31 тамыз.-3 б.

21 наурыз Жазушы, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Айгүл Кемелбаеваның туғанына 50 жыл (1965)

Қазақстан Журналистер Одағы мен Қазақстан Жастар Одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының және Дарын Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері-Айгүл Жолдасбайқызы Кемелбаева бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Құндызды ауылында туған. 1982 жылы орта мектепті бітірді, 1984-1987 жылдары Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды.

1983 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған байқауда 2-орынды иеленді, нәтижесінде 1986 жылы «Жетінші құрлыққа саяхат» атты повесі жарық көрді.

1989-94 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының негізгі бөлімінде оқыды. 1998 жылы Жастар және Журналистер Одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығын иеленді.

2000 жылы Жастардың Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері болды. 2001 жылы қараша айында өткен жас-ақын жазушылардың республикалық кеңесінде жазушы Д.Әшімханұлы былай деген еді: «Айгүл Кемелбаева әдебиетке 1980-жылдарда келді. Баспасөзде жаряланған шығармаларымен-ақ Айгүл көпшілікке кең танылған және сирек кездесетін талант ретінде бағаланған жазушы. Қазақ әдебиеті газетінде «Қоңыр қаз», «Ғибадат» атты екі әнгімесі қандай жазушы екендігін танытты».

Тәуелсіздіктің он жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Премъер-Министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың басшылығымен Айгүлдің «Тобылғысай» атты кітабы жарық көрді.



Әдебиеттер:
Кемелбаева, А Мәжнүн жүрек: эссе, сұхбат. - Алматы : "Алаш"баспасы, 2013. - 384 б.

Кемельбаева А Тобылғысай: Әңгіме. - Астана : Елорда, 2001. - 120

Кемелбаева А. Тобылғысай: әңгіме / А. Кемелбаева // Ертіс өңірі . - 2011. - 2 наурыз. - С. 14

Кемелбаева, А.Тың өнердің тарланы // Ертіс өңірі. - 2011. - 4 мамыр. - С. 12

Кемелбаева А. Ереймен мен Ақынай: Проза // Қазақ әдебиеті.-2009.-13 ақпан.-8 б.

Мәмет С. Бір лек келе жатыр аңғарғанға: (Жазушы туралы жылы лебіз) //Егемеи Қазақстан.-2003.-19 наурыз.-4 б.

Сейсенұлы Д: Кімді іздеп жүріп оқыса, сол жазушы // Егемен Қазақстан. -2005.-13 мамыр.-б б.

29 наурыз Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының

ұйымдастырылғанына 95 жыл (1920)
Архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жәдігерлер жиынтығы архивте сақталады.

1920 жылы 29 наурызында Семей губерниялық ревкомының аса бағалы құжаттарын сақтайтын мекеме – Семей губерниялық архив қоры болды. Жиырма жылдан аса уақыт жүйелі жұмыстар жүргізіп келген, Мәскеу университетінің түлегі, саяси көзқарасы үшін жер аударылып келген Н.Я.Коншин деген зиялы азамат ең алғаш осы мекемені басқарды. Ол өлкеміздің тарихын өте жақсы білді және Батыс-Сібір Географиялық қоғамының мүшесі, өлкетануға байланысты көптеген еңбектер жазған. Қысқа уақыттың ішінде 10 мыңдай бағалы тарихи материалдар жинақталды. 1925 жылы Губархивте 305 қор, оның ішінде 196-сы революцияға дейінгі және 109 –ы советтік кезеңдегі қорлар болды.

Семей облыстық мемлекеттік архиві өзінің тамаша бай қоры арқылы Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының жаеке архив болып құрылуына жағдай жасауда базалық орталық болды.

Осы кезеңдерге дейін Семей өңірінің социализмді құру және кеңестік дәуір кезіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы барлық деректер мен құжаттар Семейдің жаңа тарих құжаттамасы орталығының қорынан табылды.

Бүгінге дейін Жаңа тарих құжаттамасы орталығының құрамында 522 513 қор бірлігі бар, 1917-2000 жылдар аралығындағы мұрағат құжаттары – 2363-тен асады, фотоқұжаттар саны – 6000, 90-фоно және 1000 шамасында кинодеректер сақталған.

1992 жылы облыстық архивтің (ГАСО) қоры сол кездегі партиялық архивтің құжаттарымен толығып, 191 130 бірлікке дейін өсті.

Семейдің жаңа тарих құжаттамасы орталығының қоры тарихи құжаттар мен деректерге өте бай, онда Азаматтық соғыстың және Ұлы Отан соғысы ардагерелерінің, Совет Одағы батырлары Н.И.Силин, А.Ибраев, Социалистің Еңбек Ері –жұмысшы М.Бейсембаев, дәрігер Р.Нұржанова, жазушылар М.Сәрсеке, Д.Черепанов, Қазақстанның Халық артисі К.Сәкиева тағы басқа Семей өңірінің атақты адамдары туралы деректерімен бағалы.

Жаңа тарих құжаттамасы орталығының құнды дерекнамаларының ішінде Семей өңірінің өткен өімірі туралы суреттер, кино және суретқұжаттар айырықша орын алады. Жазушы М.Әуезовтің сөйлеген сөзі, Совет Одағының батыры, ұшқыш-космонавт Г.С.Титов, Семей ядролық аймағы туралы дыбысты видеосюжеттер сақталған.

1905 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі мерзімді басылым қорлары жинақталған. Олардың ішінде ертедегі «Известия» (1918), «Воля народа» (1917), «Сибирская речь (1917), «Трудовое знамя» (1918) газеттерінің даналары осы орталықта сақталған.

1997 жылдың маусымынан облыстың тарауына байланысты «Жаңа тарих құжаттар орталығы» болып қайта құрылды. Архив негізінде «Семейге – 250 жыл», «Семей қаласының тарихынан» (285 жыл), «Ертіс өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Семей облысының мемлекеттік архиві», «Боздақтар», «Полигон», «Қаламыздың көшелері», «Ақтаңдақтар» тағы басқа құжаттар жарыққа шықты.

Гусева А. Ардагер сыр шертеді: (архивке – 70 жыл) // Семей таңы.-1990.-28 наурыз.

Досаев Т. Семей мемлекеттік архивке – 75 жыл // Семей таңы.-1995.-28 наурыз.

Түсінбаева Т. Мемлекеттік архив қызмет көрсетеді // Семей таңы.-1993.-6 сәуір.

Шығыс қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Еліміздің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуын зерттеудегі мұрағат құжаттарының ролі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.-Семей, 2010.-491 б.




8 сәуір Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, сахнагер

Хасен Байырмановтың туғанына 110 жыл (1905-1986)

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Абай атындағы облыстық сазды драма театрының шебері Хасен Байырманов Павлодар облысының Ақсу ауданында туған. Барлық саналы өнердегі өмірі Семей театрының сахнасында өтті. Өмір жолына шолу жасасақ, ауыл мектебінен сауат ашқан болашак әртіс 1930 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі« Жапалдың, Ж.Шаниннің «Шахтасы» мен «Торсықбайындағы» жалшының рольдерін шебер ойнап, актерлік өнерге бейімділігін танытады. 1931-32 жылдары Мәскеудегі Орталық өнер техникумында оқиды.



1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. 1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Мұнда ол М.Әуезовтің пьесалары бойынша спектакльдердің бәріне қатысып, Жантық («Айман-Шолпан»), Қараменде би (Еңлік-Кебек»), Төлеген («Қыз Жібек»). Қарабай («Қозы Корпеш-Баян сұлу») т. б. рөлдерде шебер ойнап көрермен ризашылығына бөленді. Халық әндерін орындауда өз ерекшелігімен танылды. Әнші Иса Байзақовтың «Желдірмееін» өзгеше айтатын әншілердің бірі болған.
Әдебиеттер:
Байырманов Хасен // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Ә.Нысанбаев.-Алматы, 1999.-81 б.

Байырманов X. Ол күндер ұмтылмайды: (Қазақ ССР-ң еңбек сіңірген әртісі заман және өзі жайлы) // Семей таңы.-1978.-26 октябрь.

Қамбаров Ж. Көненің көзі // Семей таңы.-1989.- 11 ноябрь.

Қасымбеков С. Әнші - актер // Лениншіл жас.-1966.-6 март.


9 мамыр Тарихшы, драматург, әдебиет зерттеуші

Мұсатай Ақынжановтың туғанына 110 жыл (1905-1986)
Абай ауданының тумасы - Ұлы Отан согвісынан еліне аман-есен оралғанан кейін ҚазГУ-де мұғалімдік қызметте, кезінде жоғары партиялық қызметтерде болды. Белгілі тарихшы, профессор М.Ақынжанов «Еңбекшіл жас» бетін үйымдастырушылардың бірі болды. «Семей таңы» - «Қазақ тіл» -тұңғыш Советтік қазақ баспасөзі» атты қолжазбасында газет басқармасында орнықты қызмет істеген негізгі қызметкердің бірі саналатын едім, газет маған зор сенім білдіріп комсомол-жастар бөлімін басқартты. Сол бөлім біз «Қазақ тілі» газетінің 4-бетінен енші алып, өз алдымызға жеке «Еңбекшіл жас» атты бет ұйымдастырдық. Оның редакторы Сақи Бейсебаев пен мен болдым» деп еске алады.

Драматург, әдебиет зерттеушісі Мұсатай Акынжановтың алғашқы әңгімелер жинағы «Садыр мен Садық» деген атпен 1931 жылы жарық көрді. Коллективтендіру, тарихи, заман тақырыбына байланысты 20-дан астам драмалық шығармалар жазды. Драмалық шығармалар жазды. «Біздің ән», «Исатай мен Махамбет», «Бағытай-Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы» т.б.пьесалары облыс, республика театрларында қойылды. Абайдың өмірі мен творчествосы (1955), Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы» (1955) атты ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды.
Әдебиеттер:
Ақынжанов М. Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы.-Алматы, 1955.

Ақынжанов М. Қазақстың тегі туралы.-Алматы, 1957.

Ақынжанов М. Ыбырай Алтынсарин. Пьеса. // Әдебиет және искусство.-1956.-№6.

Ақынжанов М. Семей таңының 85 жылдығына арналған материалдан // Семей таңы.-2004.-16 қаңтар.-5 б.



Молдашева Р. «Сарыарқадан» «Семей таңына» дейін.-Семей, 2004.-128 б.


1 маусым Ғалым, әдебиетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Рымғали Нұрғалидың туғанына 75 жыл (1940-2010)
Жазушы Рымғали Нұрғалиевтің туған жері- Абай ауданы, Қайнар селосы. Орта мектепті бітіргеннен кейін КазПи-дің филология факультетіне түсіп, оны 1963 жылы бітіріп шығады. Одан әрі оқуын жалғастыру мақсатында аспирантураны 1957 жылы, докторантурасын 1972 жылы бітіріп шығады.

1962-64 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1966-68 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында, 1968-85 жылдары КазГу-де ұстаздық қызметтер атқарды. Одан кейінгі уақытта Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакторы болды.

Р.Нұрғалиев - қазіргі ғалым-сыншыларының айдынды легінде өзінің шығармашылық жетістіктерімен мәлім.

Әдебиет зерттеуші, сыншы, жазушы. Филология ғылымының докторы, профессор. ҚР-сы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. «Талант тағдыры», «Қазақ драматургиясы», «Өнердің эстетикалық нысанасы» т.б. зерттеу еңбектері, «Дән», «Ай қанатты арғымақ» прозалық кітаптары жарық көрді. «Дән» деген кітабында тың өміріне арналған деректі новеллалары енгізілген.

Қазақ әдебетінің дамуы мен қалыптсуына өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым 30-дан аса ғылыми және көркем әдебиеттердің, 250-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы.

Қазақ драматургиясын дамытуда жан-жақты зерттеуді мұрат тұтатын монографиялар жазды. Жазушы абайтану мәселесімен де айналысып, «М.Әуезов шығармаларындағы Абай өмірі», «Ынтымақ игілігі» тақырыбында, онда Абайдың казақ әдебиетінде салған жолдары, тақырыптың жаңалықтары сөз болады. Абай бейнесін сомдаған Әуезовтің шеберлігін көрсетеді. «Трагедия табиғаты», «Өнер алды - қызыл тіл», «Өнердің эстетикалық нысаны», «Айдын». «Қазақ драматургиясының жанр жүйесі», «Әуезов және Алаш» атты монографиялық еңбектерінде Абай мен Әуезовтің шығармашылық мұраттарын, эстетикалық толғамдарын, ерекшеліктерін салыстырады.

Ол А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтар туралы ғылыми еңбектерін жазды. Қазақ прозасында Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Тарази т.б. туындылары жан-жақты зертелді.

Р.Нұрғалневтың ғалымдық келбетіне төн қасиет - жүйелі білім мен айрықша тіл байлығы, стиль сұлулығы, әдеби материалға еніп, қаһарман, тартыс сырларын психологиялық тереңдікпен талдай ашады.

«Айдын» атты монографиясында зерттеуші ұлттық драматургиямыздың хал-ахуалы, идеялық көркемдік арналары толық қамтылады. Бұл монографиядағы негізгі арқау болып отырған - қазақ әдебиетінің хас шебері М.Әуезовтің жауһар мұралары.

Жазушы қазақ драматургиясы мәселелерін қарастырған «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы» атты әдеби-сын трилогиясы үшін ҚР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Р.Нұрғалиев ұзақ жылдар бойы басшылық жасаған ұлттық энциклопедиямыздың жаңа биіктерге көтерілуі, жеке облыстар, қалалар жайлы энциклопедиялар шоғыры оның ойы мен қиялының тікелей жемісі. Ғалымның басшылығымен 8 томдық «Қазақ ССР-нің қысқаша энциклопедиясы», 3 томдық «Балалар энциклопедиясы», «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері» жайлы еңбектері шықты. Ұзақ жылғы шығармашылық ізденістердің алып қорытындысындай болып өмірге «Абай» энциклопедиясының келуіне де орасан еңбек сіңірді.

Белгілі ғалым, әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиев 2010 жылы 16 ақпанда қайтпас сапарға аттанды.


Әдебиеттер:
Нұрғали Р. Абыралы: тарихы мен трагедиясы // Егемен Қазақстан.-2003.-22 наурыз.-16 б.

Нұрғали Р. Енші // Егемен Қазақстан.-2005.-21 наурыз.

Кемелбаева А. Қараорда Қарауылдың абызы еді // Егемен Қазақстан. - 2009. - 18 наурыз. - С. 5

Құрмамбаева Қ. Рымғали Нұрғали туған жерде // Ертіс өңірі.-2004.-2 желтоқсан.-3 б.

Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиев [Қазанама] // Семей таңы.-2010.-18 ақпан.-6 б.

Тоқсанбай Қ. Тамыр жаяр кең өріс // Егемен Қазақстан.-2005.-3 наурыз.-6 б




16 маусым Жазушы Кәмен Оразалиннің туғанына 95 жыл

(1920-2008)
Шәкәрім ақынның қолынан дәм татқан, Мұхтардай ғұлама жазушымен үзеңгілес, сыйлас, Абай рухының асыл шырақшысы бола білген жазушы Кәмен Оразалин 1920 жылдың 16 маусымында Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. 1939 жылы орта мектепті аяқтап, әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жасы 20-ға жеткен өрімдей жас жігіт елім мен өмір арпалысқан қан майданның қақ ортасында жүрді. Сол кездің өзінде-ақ Абай, Шәкәрім, Көкбай, шәкірлер сияқты өлең жазып, Мұхтардай зерделі сөздің зергері болсам деп армандайтын жас жігіт қалам мен қаруды қатар ұстап жүрді. Соғыстан аман оралған жазушы өзінің болашақ шығармаларына қыруар материалды туған жер төсінен жинады.

1947 жылы мұғалімдер институтын бітірген соң, туған ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Бала оқытумен қатар жазушылықты та қатар алып жүрді. Абай аулыынң құрметті азаматы.

Ұлы Отан соғысынан қан кешіп оралған Кәмен Оразалин 1950 жылы алғаш рет «Жексен» повесімен әдебиеттегі жолын бастады. 1959 жылы тың тақырыбына арналған «Ақ жазық», коллективтендіруді суреттеген «Көктем салқыны», «Кең байтақ» романдары, «Абай ауылына саяхат» атты жол сапар, тарихи мағлұматтарға бай кітаптары жарық көрді. жарық көрді.

Абай – Мұхтар әлемінде Кәмен Оразалиннің дербес орны болуы заңды, ұлы дәстүрге адалдық, ал дәстүрді жалғастыру парыз. 1972 жылы жазушы Мұхтар Әуезов туралы төрт томдық роман жазды. Бұл романды жазуға 20 жыл ізденіп, 35 жыл табан аудармай жазды. «Абайдан соң» - жазушының ең кесек, ең негізгі туындысы, мұнда қазақ дүниетанымының негізгі қағидаларынан, сахаралық қалыбынан айрылмаған мұрат бар. Өзінің жарты ғасыр ғұмырын Абай атындағы орта мектепте жас жеткіншектерді білім нәрімен сысындатып, зейнеткерлікке шықса да жазумен шұғылданды.

Майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы Кәмен Оразалин 2008 жылы наурыз айында дүниеден өтті. «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі», Октябрь революциясы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат» орденінің және көптеген медальдардың иегері.
Шығармалары:
Абайдан соң: Роман.-Алматы: Жазушы, 2-кітап.1987, 3-кітап. 1989, 4-кітап.1995

Абай ауылына саяхат.-Алматы: Жазушы.-1995.

Абайдан соңғы арыстар: Роман. 1 кітап.-Алматы:Елорда,2002; 2 кітап.2003;

3 кітап. 2004.

Ақ жазық: Роман.-Алматы, 1959.

Аттаныс: Роман, повесть.-Алматы: жазушы, 1985.-528 б.

Жексен:Повесть.-Алматы. 1950.-218 б.

Көктем салқыны.-Алматы: Жазушы,1980.-478 б.


Ол туралы:
Әдебиетшілердің ақылшы ағасы еді: (Жазушы туралы қазанама) // Семей таңы.-2008.-27 наурыз.-9 б.

Бәшей К. Шығыстың шымыр ақсақалы // Арна.-2000.-4 тамыз.-19 б.

Біржанқызы М. Ұмытылмас бейне // Арна.-2000.-4 тамыз.-19 б.

Қабдолов З. Аға туралы сөз // Семей таңы.-1980.-11 июль.

Қабдолов З. Ар бол, бар бол, аға! // Арна.-2000.-4 тамыз

Кемелбаева А. Қалам құдіретімен... //Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.

Кемелбаева А. Қараорда Қарауылдың абызы еді: (Жазушы туралы естелік) // Егемен қазақстан.-2009.-18 наурыз.-5

Көркембаев Р. Сергек ойлы қаламгер // Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.

Нұршайықов Ә. Қош, ең соңғы дос ағам: (Жазушымен қоштасу мақаласы) // Семей таңы.-2008.-27 наурыз.-9 б.

Сапаев Ғ. Ұлылардың шапағаты // Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.




27 маусым Қобызшы, сазгер Оразғали Сейітқазының

туғанына 65 жыл (1950)

Қобызшы-ұстаз, дирижер, сазгер О.Сейітқазы 1950 жылдың 27 масымында

қасиетті Қарқаралының қасиетті топырағының тумасы. Әкесі де, анасы да халқымыздың ән-мұрасын, өнерін қадірлеп, өздері де үйреніп, ән салып, би билеген, қобыз тартып, домбыра тартып, көпшілікті сүйсіндіріп қана боймай, өнерлерін балаларының бойына сіңіре білген жандар.

Болашақ сазгер 8 сыныпты бітірген соң, 1965 жылы Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы музыкалық училищенің қобыз класына оқуға түседі. 1969 жылы қазақ онерінің қарашаңырағы Алматыдағы мемлекеттік консерваторияда қылқобыздан дәріс алады. 1970 жылы өнертану ғылымының докторы, профессор Б.Сарыбаевтың халқымыздың көне музыкалық аспаптарынан құрылған ансамліне мүше болып кіреді. Қылқобыздың арқасында О.Сейітқазы «Қыз Жібек», «Құлагер» т.б. фильмдердің музыкасын көркемдеу бақытына ие болады. Семейде М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжде көп жылдар қызмет етті, республикалық деңгейде қылқобыз класын ашып өнерлі шәкірттерін тәрбиелеп шығарды.

Өзінің педагогтық, орындаушылық шеберлігін қатар жетілдіруге әрқашан да мән беріп отыратын үнемі ізденіс үстіндегі ұстаз сан рет қалалалық, облыстық масштабта жеке нөмірімен де, ансамбль құрамында шығып жүрген өнер шебері.

1975 жылы «Әсем« ансамблінің қүрамында Францияа мен қобыз үніне таң қалдырып қайтты. 1992 жылы Чайковский атындағы концерт залында өнер корсетіп қайтты. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде музыка кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның директоры.


Әдебиеттер:
Қамбаров Ж. Қобыз сазы: (О.Сейітқазин туралы) // Семей таңы.-1978.-6 декабрь.

Тұранқұлова Д. Қобыз сарыны немесе сазгер Оразғали Сейітқазин //Үш анық.-2000.-шілде.

Сейітқазин О. // Абай .- 2002.- И. 1.- 97 б.

11 шілде Абайдың ақын шәкірті, ақын Мағауия Абайұлының

туғанына 145 жыл (1870-1904)

Мағауия Абайұлы - ұлы ақын Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды.

«Еңлік Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған.Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық түрғысынан көрсетеді.

Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды.

Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.
Әдебиеттер:
Абайдың ақын шәкірттері.1-кітап.-Алматы: Дәуір, 1993.-224 б.

Абайдың балалары //Абай Құнанбаев.-Алматы, 1995.-38-40 б

Исин А. Абайдың Мағауияға жазған хаты // Абай.-1997.-№2-3.-1-4 б.

Кенемолдин М. Қызыл қырғынның құрбандары немесе өз елі, туған жерінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылар хақында // Семей таңы.-2003.- 24, 31 қаңтар.

Мағауия Құнанбаев // Абай. Энциклопедия.-Алматы: Атамұра,1995.-392 б.

Сәдуақасұлы Ә. Тарихыңды танып біл.- Алматы:Шартарап,1996.-19-206.

Тәбәрікұлы С. Тауқымет. -Семей, 2004.-160 б.


17 тамыз М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің құрылғанына

65 жыл (1955)

Әдебиеттер:


Кәрібжанов О.Әуез ордасы: Естеліктер.-Семей,2005.-142 б.


23 тамыз Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына

170 жыл (1845-1904)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 22 тамызда Семей облысы Абай ауданында Шыңғыс тауында бауырында дүниеге келді.



Абайды жеңгелері екі шешенің ортасында тәрбиеленуі себепті Телқара деп атап кеткен. Ауылда молдадан хат танып, он жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Үш жылдай оқып, дін сабақтарымен қатар шығыстың ұлы классиктері Науаи, Фзули, Саади, Хафиз, Шамси, Саихали шығармаларын оқып танысады.

Ел билеу ісіне Құнанбай Абайды баули бастайды. Абайды оқудан ерте тартып алуының себебі де осы болды. Ел қамы үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыздар жазылып, абақтыға да отырып шығады.

Абай жасы отыздан аса орыс әдебиетімен таныса бастайды. Семейге айдауға жіберілген Е.П.Михаэлис бастаған орыстың социал-демократтарымен танысып, өз бетімен орыстың классиктерінің шығармаларын оқуға қол жеткізеді.

Абайдың өмірі мен шығармашылығындағы өзекті тақырыпты танып білу үшін Құнанбай заманы мен Абай өмір сүрген дәурдің ерекшелігін, айырмасын жете білу маңызды.

Абайды оқып зерттеген жазушы М.Әуезовтің атап көрсеткеніндей Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.

Оқи жүріп, іштей толысып жетіле жүріп ақындық өнердің қоғамдық санада зор тәрбиелік мәнін танып, жасы қырықтан асқан шақта ақындық өнерге құлай берді.

Адам болу мәселесі сонау тар қапас заманда дүниеге келген ұлы Абайды ерекше толғандырған. Міне сондықтан да ақынның ғылым, білімге шығарған өлеңдері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Білімдіден шыққан сөз”, Әсемпаз болма әрнеге” атты өлеңдерінің негізгі идеясы мен мақсаты - Абайдың ұрпақ тәрбиесіне арналғанын көреміз.

Абай өз заманының перзенті ретінде сол дәуір дайындаған көлемде ұлан-ғайыр еңбек етті. Кемеңгер Абай өлеңді сөздің патшасы, сөз сарасы деп бағалады. Ол өлең құрылысы жағынан да жұп-жұмыр шығып, артық сөз, орынсыз ой қосылмай, өлеңнің бас-аяғы теп-тегіс шығуын, мазмұн мен түр бірлігін керек етеді. Сырты күміс, іші алтын болып өрнектелуін акындар алдына жаңа әдебиеттің эстетикалық мұраты ретінде ұсынды.

Абайдың “Ескендір” мен “Масғұт” дастан-поэмалары шығармашылық тәрбиесімен жазылған, дәуір шындығын дәл бейнелеуге талпынған шығармалар болды.

Абай өзінің қара сөздерінде де адамгершілік мәселесінде адамды ақылды талапты, қайратты болуға шақырады.

Абай 1904 жылы туған жерінде қайтыс болып, сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Бүгінде Жидебай - қонақтардың ақын өмірімен танысуда кең мағлұмат беретін әдеби-мемориалдық мұражай болып қызмет етуде.


Әдебиеттер:

Еспенбетов А. Абайдың туған күні хақында // Семей таңы.-2009.-1 қаза.-3 б.0

Молдабеков Ж. Абай тұлғасымен табысу // Абай.-2007.-№3.-35-39 б.

Омаров А. Кемеңгердің кереметі // Абай.-2009.-№1.-17-22 б.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған // Семей таңы.- 2005.- 2 қыркүйек.- Б.3

Өскеменде Абайға ескерткіш орнату жұмысы басталды // Семей таңы.-2009.-20 тамыз.-1 б.

Тұрсын Е. Түркістанның ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлы // Абай.-2009.-№1.-11 б.


1 қыркүйек Журналист, қаламгер Жұмабек Қамбаровтың

туғанына 65 жас (1950)

Әнші, композитор, журналист, драматург, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі (1984), Қазақстан драматургия одағының мүшесі(2002) - Жұмабек Әділғазыұлы Қамбаров бес жасында домбыра ұстап «Еңлік-Кебек», «Қобыланды», «Алпамыс» «Қамбар» дастандарын жатқа соғып айтатынын ұстаздары Б.Исабаев пен Д.Боранбаев байқаған еді. Бірі әдебиет әлеміне икемдесе, екіншісі өнер жолына бағыт сілтеп, шәкірттің әрбір аяқ алысына қуанатын, болашағына үлкен үміт артып, ертеңіне сенетін.

Абай ауданының орта мектебін бітіргеннен кейін-ақ аудандық «Қаламқас» ансамбліне шақырылады. Аудандық халық театрына шақырылды.

Әскер қатарынан орала салысымен ел ордасы Алматыға аттанады. «Өнер» мектебінің әншілер даярлайтын бөліміне Қазақстанның халық әртісі Ж.Елебековтің класына қабылданып, батасын алуы болашақ сазгерге сенім жүгін арқалатты.

1975 жылы Абай атындағы музыкалы-драма театрына қабылданды. Әнші, сахна шебері Абай, Біржан, Естай, Ақансері әндерін асқақатата шырқап, құлақ құрышын қандыра сезім тынысын дөп басса, «Қаракөзде» Асан, «Менің атым Қожада» Қожа, «Еңлік-Кебекте» Жапал, «Кісінейді құлындарда» Дулат т.б. рольдерді сомдап, халық алғысына бөленді.

Осы кезден бастап мақала да жаза бастайды. Қаламы ұштала түскен ол 1975 жылы «Аққу әні» пьесасын жазады. Содан бері 30 жыл ішінде Ж.Қамбаров қаламынан үлкенді-кішілі оннан аса пьеса жазылды. Атап айтсақ, «Жер ана неге күрсінеді», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Жаралы жүрек», «Желтоқсан жаңғырығы» т.б. туындыларын жұртшылық жылы қабылдады. Бұл талантты өнерпаздың журналистік еңбегі еді.

1980 жылы оның журналистік еңбегін бағалаған Семей облыстық телерадиокомпаниясы әдебиет-өнер редакциясына қызметке шақырады. Осында жүріп талай жас таланттың тұсауын кесті. Ол дайындаған «Халық таланттары», «Самал«, «Өнеге», «Ән өлемі» сияқты әдеби музыкалық хабарлар республикалық эфирге де шықты.

1989 жылы қырық жыл бойы Семей халқына қасірет әкелген полигон тақырыбына да алғаш рет драмалық қойылым жазған.

Ол тек талантты өнерпаз ғана емес, шәкірт дайындаған ұлағатты үстаз. 1980-1990 жылдары аралығында қаламыздағы педагогикалық институттың студенттеріне арнап «Еңлікгүл» мектептерінің шәкірттерінен жиналған «Өнер» мектебіне дәріс беріп жүр.

Елуден астам әннің, «Мұхтар асуы», «Сахнагер» кітаптарының авторы. Жұмабек Әділғазыұлы бұл күндері қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдеби қызметкері.


Әдебиеттер:
Қамбаров Ж. Сахнагер (Қазақстанның халық әотісі Ә. Жаңбырбаев туралы).- Семей, 1997.

Қамбаров Ж. Мұхтар асуы – Семей, 1997.

Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.- Алматы, 2004.-260 б.

Нұрбаев С. Жапал атанған Жұмабек Қамбаров алпыстың асқарында // Семей таңы.-2010.-21 қазан.-11 б.

Өрісі кең өнерпаз: Әнші, сазгер Ж. Қамбаровтың туғанына 50 жыл толуына орай // Арай .-2000.- 27 қазан.


16 қазан Абайдың әдеби-мемориалдық қорық мұражайының

ұйымдастырылғанына 75 жыл (1940)
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы –ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды.

Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы.

Алғашқы жылдары мұражай Абай ақын Семейге келгенде ат басын тіреп, түсіп жүрген Бекбай Байысов пен Әнияр Молдабаевтың үйлеріне орналасқан болатын. 1967 жылдан бастап, мұражай көпес Ершовтың (Ленин көшесі, 12) үйіне орын тепті.

1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды.

Қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйі, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық музейі, қорық аймағына кіретін 16 тарихи орындар, Абай ауданы Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбеновтың мұражайы және Мақаншыдағы Әсет Найманбаевтың музейі кіреді.

Қалалық кешенге Ахмет Риза медресесі мен мешіті, «Алаш арыстары және М.Әуезов» музейі кіреді. Мұнда ақын пайдаланған кітаптардың түпнұсқалары қойылған. Мұражайда ұлы ақын өміріне қатысты бірнеше бөлімдер бар. Осының бәрі қосыла келгенде Абай дәуіріне, оның шығармашылығына терең бойлауға жол ашады.

Бас мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Ескендір поэмасы», «Күмбезді зал», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы».

1855-1859 жылдары Ахмет Риза медресе экспозициясы, медресе тарихы, Абай және Шығыс бөлімдерінен тұрады. Медреседе жас шәкірт Абай (Ибраһим) пайдаланған түпнұсқа кітаптар қойылған. Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері.

Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар.

1997 жылы Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйінде «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражайы ашылды. Ол М.Әуезовтің Семейдегі өмірі мен қызметіне, сондай-ақ алашорда қайраткерлеріне арналған.

Абай ауданының аймағында орналасқан Бөрілі- Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен жер. Сондықтан мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтиды.

Жидебай – Абайдың әкесі Құнанбай әулетінің ата қонысы. Мұнда ақын ның әдеби мұралары: қарасөздері, өлеңдері, аудармалары жазылды.

Ақын мұражайын кезінде өркендетуге үлес қосқан жазушы, ғалым, қайраткерлер Қ.Туғанбаев, Қ.Мұхамедханұлы болды. Мұражайда жазушы М.Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы.

Сонымен қатар, қаланың музыка, өнер саласындағы өнерпаздарының жиі бас қосатын жері. Белгілі жазушы-сыншы, әдебиет және өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов 1976 жылдан осы Абай қорық мұражайын басқарады.


Әдебиеттер:
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы: Астана: Елорда, 2006.

Асылжан П. Абайдан қалған асыл дүниенің құны қанша? // Семей таңы.-2006.-18 мамыр.-15 б.

Әлімбек К. Ақын мұрасына мұрындық болған: (Мұражайдың ғылыми қызметкері М.Бейсенбаевты еске алу) // Ертіс өңірі.-2010.-24 ақпан.-18 б.

Әубәкір Ж. «Абай мұрасын насихаттау жалғаса береді» Сұхбаттасқан С.Қасымжанұлы // Ертіс өңірі.-2010.-3 наурыз.-8 б.

Ибрагимов Т. Ақын мұражайында // Семей таңы.-2005.-12 тамыз.-2 б.

Сағатбекқызы А. Ертекші Баймағамбет ұрпағы // Ертіс өңірі.-2010.-24 ақпан.-18 б.

Тасболатов А. Ұлылар мекені // Егемен Қазақстан.-2004.-20 шілде.-8 б.

16 қазан Семей қаласындағы аспалы көпірдің іске қосылғанына 15 жыл (2000)
Семей қаласында аспалы көпірдің ашылуы өлке тарихына қосылған үлкен жаңалық болды. 2000 жылы пайдалауға берілген аспалы көпірдің ашылу салтанатына Елбасы Н.Назарбаев келіп, Жапония компаниясының менеджері Т.Мацузава мырзамен Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің көк лентасын қиып ұлы достық жолын ашты.

«Арық үстінен өтетін көпірді де, үлкен өзен үстінен өтетін көпірді де көпір дейді. Бұл көпір емес, бұл Қазақстан тарихындағы ең үлкен құбылыс» - деп баға берген болатын Н.Назарбаев осы салтанатта. Бұл ХХ ғасырдың аяғында қол жеткен тәуелсіздігіміздің символы.

Көпірдің маңызы сол, тек семейліктер мен Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия мен Батыс Сібірді байланыстыратын халықаралық маңызы зор жол торабы болып отыр.
Әдебиеттер:
Ахметбекова А. Ертіс бағытындағы жаңа көпір // Семей таңы.-2000.-20 қазан.

Жібек жолы бағытындағы жаңа көпір // Семей таңы.-2000.-30 маусым.-9 б.

Сейсенұлы Д. Ертіс көпірі – ғасыр көпірі // Егемен Қазақстан.-2000.-3 маусым.-1 б.

21 қараша Тіл маманы Ахмеди Ысқақовтың туғанына 100 жыл

(1915-1996)

Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ахмеди Ысқақов 1910 жылы 21 қарашада Семей облысы, Абай ауданына қарасты, қазіргі Абралы ауданы, қайнар ауылында дүниеге келді.

Әке-шешеден ерте айырылған ол тұрмыс тауқыметін тарта жүріп өмірге ерте араласады. 12 жасына дейін ауыл молдасынан арабша хат танып, 1922 жылдан бастап алғаш ашылған бастауыш ауыл мектебін бітірген соң, 1925-1930 жылғ адейін Қарқаралы қаласындағы 90 жылдық бұрынғы гимназия кеңес мектебінде педагогиалық бағыттағы оқу орнында оқып, одан мұғалідік жолдама алып шығады. Содан соң Қарқаралы, Қызылжар қалаларында мұғалім болып біраз жыл қызмет істейді.

1936 жылы Алматының Абай атындағы педагогикалық интситутына түседі. Онда қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры Қ.Жұбановтан сабақ алады. 1940 жылдардан бастап Ленинградтағы ССРО Ғылым Академиясының ССРО халықтарының тілі мен жазуы институтында аспирант болып, профессор Дмитриевтің жетекшілігінде жұмыс істейді. Осы екі ғалымнан алған тәлім-тәрбиесі, білім күшті әсер еткен ғалымның бұдан былайғы өмірі оқу-ағарту ісімен тығыз байланысты болды. А.Ысқақов Алматы педагогика интитуты директорының орынбасары, директоры, қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, Ұлттық Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының директоры болып, үлкен басқарушылық қызмет пен педагогтық жолдан өтеді.

Ғалым 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Онда қазақ тілінің көкейтесті мәселелері шешімін тапқан. Ол ұзаұ жылдардан бері орта мектепке арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының авторы.

Шебер ұстаз, белгілі ғалым, тіл мәдениетінің көкейтесті мәселелерін ұйымдастырушы А.Ысқақұлы 1996 жылы қайтыс болды.


Әдебиеттер:
Әйгілі ғалым, ұлағатты ұстаз / Құраст. Ұрпақтары.-Алматы: «Тамыр» баспасы,2004.-144 б.

24 қараша Жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына

120 жыл (1895-1983)
Сапарғали Бегалин 1895 жылы бурынғы Семей облысы, Абыралы ауданының Дегелең деген жерінде туған. Әкесі жеті жасында молдаға оқуға береді. 1911 жылы Семейдегі мұғалімдер дайындайтын семинарияға оқуға түсіп, оны 1915 жылы бітіріп шығады. Тұңғыш өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында басылып шығады.

1916 жылы 19-31 жас аралығында патшаның майдан жұмысына қазақ жігіттерін алу жөніндегі бұйрығы шығып, үш жүздей жастар Петроград маңындағы Новониколаевск темір жолына қара жүмысқа барған. Қайтып кеп 1920 жылдан Ақбота болысында облыстық ревкомның бастығы, 1922 жылы Дегелең болысының төрағасы, 1922 жылы Қарқаралы уезінің атқару комитетіне мүше болып сайланған. 1930 жылы Алматыға «Теміржол» газетіне жүмысқа түрады. 1926-1928 жылдары Ақтоғай мен шет аудандарда сот болған. Алашорда әнұранын жазған Сұлтанмахмүтты үстаз түтқаны үшін оған «сыбайлас» деген айып тағылып, үш ай Семей абақтысына жабылады.

С.Бегалин - ақын, жазушы, аудармашы. Оның қолынан шыққан «Тау сыры» (1938), «Таңсық» (1940), «Қыран кегі» (1943), «Маши-нист» (1944), «Алтай аңызы» (1947) дастандары, «Сәтжан» (1947), «Көксегеннің кергендері» (1948), «Шоқан асулары» (1964, 1970).

«Бақыт» (1960) т.б. жинақтары жазушыны халыққа кеңінен та-нытты.

Бегалин 25-ке тарта дастан, 12 повесть, жүздеген әңгіме, 9 шағын пьеса, 50-ге тарта ән текстерінің авторы.

С.Бегалин балалар әдебиетінің авторы. Жазушылық жөне саяси-қоғамдық еңбектері үшін «Құрмет Белгісі» орденімен мараппатталды.

1995 жылы қазан айында жазушының 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтілді.
Әдебиеттер:
Бегалин С. Мен емес, шеге жыртты // Балдырған.-2008.-№1.-7-8 б.

Алпысбаев К,. Көненің асыл көзі еді: (Шығармашылығы туралы) // Жұлдыз.-1985.-И11.-200-202 б.

Балалар әдебиетінің көшбасшысы: (Жазушының туғанына 100 жыл толуына орай) // Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан.

Ғабдуллин Н. Елін ерекше сүйген // Егемен Қазақстан. -1995.-17 қазан.

Құмар Н. Балалар әдебиетінің атасы // Ұлан.-2005.-6 желтоқсан.

Молдағалиев Т. Ұмытылмайтын ұстаз // Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан.

Нұрғалиев Р. Дегелеңге біткен шынар // Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан.

Өмірбеков Ж. Өнебойы үлгі - өнеге // Қазақ әдебиеті.-1995.-10 к,азан.

Сапарғали Бегалиннің 100 жылдығы // Қазақ әдебиеті,-1995.-7 қараша.


5 желтоқсан Невзоровтар отбасы мұражайына 25 жыл (1985)
Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинаған ірі мәдениет орындарының бірі – Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы құрылған.

Мұражайдың бітім болмысын революцияға дейінгі орыс өнері айқындайды.

Мұражай коллекциясы отбасы Невзоровтар атынан сыйлыққа келген 500-ден астам орыс, шетел туындыларынан жинақталды. Оның ішінде ХУІІІ-ХХ ғасыр аралығында дүниеге келген сурет және кескіндеу өнерінің бір топ тамаша туындылары, С.Щедрин, К.Лебедев, К.Брюллов, И.Шишкин сияқты атақты қылқалам шеберлерінің өшпес туындылары бар. Невзоровтар отбасының коллекциясы өзіндік тарихын тереңнен, сонау ХІХ ғасырдан бастайды. Өнерді терең бағалай білетін отбасы Юлиий Владимирович көп жылдарғы жинақтаған мәліметтерін мұражай қорына тапсырды.

1991 жылы мұражайға Невзоровтар отбасы атауы берілді. Мұражай коллекциясының қатарын қазақстандық Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева,Г.Исмаилов, С.Мәмбеев, Е.Сидоркин, М.Айтбаев, Б. Түлкиев сынды қас шеберлердің туындылары толықтыруда. Мұражай қорында 3600 өнер туындылары, соның ішінде 1000 экспонат Қазақстан бейнелеу өнері жайында баяндайды.

Мұражай қызметкерлері де үлкен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде тұңғыш каталог жинағын баспаға әзірледі.

Мұражайдың шығармашылық туындылары тек облыс көлемінде ғана емес, Астана, Алматы, Павлодарда да көрермендер назарына ұсынылуда. Мұражай жанында лекторий, балалардың көркемсурет студиясы жұмыс істейді, классикалық музыка кештері өтеді.

1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытудағы зор еңбегі бағаланып Ю.В.Невзоров Елбасының Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.


Әдебиеттер:
Ескенқызы А. Өнердің ғажап әлемі: (Невзоровтар мұражайы туралы) // Дидар.-2004.-17 қаңтар.-6 б.

Сейсенұлы Д. Әсемдік әлемнің хан сарайы // Егемен Қазақстан.-2001.-30 мамыр.

Тажиева Г. Бір отбасының мұрасы көптің игілігіне айналды // Жас алаш.-1999.-7 желтоқсан.

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы: Жолкөрсеткіш.-Семей: «Тенгри», 2003.-203 б.



22 желтоқсан «Еураз-шоу» ән-би театрына 20 жыл (1995)
«Еураз-шоу» ән-би театры – 1995 жылы еліміздің көрнекті ғалымдары мен әртістерінің ықпалымен ұйымдастырылды. Еуропа және Қазақ мәдениетін, әнін және биін көрермендерге танытуда ұжым мүшелері белсенділік танытып жүр.

Шығармашалық жетістіктері:

1998 жылы Қазақстанның солтүстік астанасы Астана қаласының ашылу рәсіміне қатысты. 1999 жылы Алматыда өткен халықаралық би фестиваліне шақыру алып, өнерлерін көрсетіп қайтты. 2000 жылы Алматы қаласында өткен «Транс Арт» атты бірінші халықаралық сахна өнері фестиваліне қатысып қайтты. 2003 жылы Барнауылдағы Қазақстанның Ресейдегі мәдени күндеріне арнайы қатысып өнерлерін көрсетті. «Еураз-шоу» ән-би театрында жоғары дәрежелі маман иелері еңбек етеді.

Әдебиеттер:
Асылжанқызы П. «Еураз-шоу» ән-би театры // Семей таңы.-1998.-20 тамыз.

Асылжан П. Еураз-шоу концерт береді // Семей таңы.-2007.-8 наурыз.-2 б.

Қайырғазина Т. Елге танымал Еураз-шоу 10 жасқа толды // Ертіс өңірі.-2006.-18 қазан.-8 б.

Айы, күні белгісіз анықтамалары мен әдебиеттері берілген күндер:
Ақын, ұстаз Ахат Құдайбердіұлының туғанына 115 жыл (1900-1984)
Шәкәрім қажының туған ұлы Ахат Құдайбердіұлы, Абай ауылының Шыңғыстау деген жерінде 1900 жылы шілде айында туған. Ахаттың ақын болып, әке идеясын жалғастырмауы мүмкін емес еді. Ахат ақыннан қалған әдеби мұра мол. Ол 15 жасынан өлеңге ғашық болды.

1922 жылы Семей қаласында мұғалімдер дайындайтын төрт жылдық оқу орнына түсіп, оны бітіріп шыққан соң, 1927 жылдан бастап ұстаздық еңбек жолын бастаған. 1931-32 жылдары «бидай салығын төлей алмағаны» үшін деген желеумен айдалған, ал 1937 жылы «халық жауы» атанып, қайыра сотталған.

1967-1982 Ахат Шәкәрімұлы әке есімін толық ақтап қалуда табанды қадамдар жасап, өмірінің соңына дейін әке қолжазбаларын жинастарып, көлемді естеліктерін жазып қалдырды.

Оның «Төлеутайға», «Қоқанға», «Құрдастарға» сияқты өлеңдері түрі жағынан ауыз әдебиетіне аса жақын. Ахат әкесі Шәкәрімге жалаң еліктеуші ғана емес, екеуінің мұраттас, мақсаттас, рухани туыстығы танылады. Сол кездегі қазақ зиялыларының ұлттық ұраны: «Оян, қазақ!», «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» деген асыл мұратқа тірелетін.

Қазақ мәдениетінің Абай, Шәкәрім тәрізді аса ірі қайраткерлері тәрбиесінде болу Ахатты туған ел әдебиетінің арғы-бергі мұраларымен танысып қана қоймай, оның өзіндік ақындық талантымен ерте оянып, қалыптасуына жағдай жасады.

Ол нағыз реалистік поэзияның ақыны болды, шыншыл өмір құбылыстарын жырлады.

Әке есімінің ақталып, жауһар мұралары қалың жұртшылық қолына тиген бақытты күнді көре алмай, 1984 жылы қайтыс болды.


Әдебиеттер:
Құдайбердиев А. Әкемнің шығармалары жайында //Совхоз туы.-1988.- 19,21,23 апрелъ

Ахат Құдайбердиев //Абай.-1998.-№2.-94 6.

Ахметжанов А. Рухани жол: Шәкәрім: Ән, дастан: Мұра.-2-ктіпа.-Өскемен, 2008.-292 б.

Ахметжанов А. Ахат аға: (А.Ш.Кұдайбердиевтің туғанына 100 жыл толуына орай) // Семей таңы.-2000.-28 шілде.

Ахметжанова А. Бізге жеткен жалғыз сурет // Семей таңы.-2003.-11 шілде.-З б.

Досаев Т. Асылдың сынығы: (А.Ш.Құдайбердиевтің туғанына 100 жыл) //Семей таңы.-2000.-7 шілде.-8 б.

Досаев Т. Шәкәрімнің «ескі сөздері» // Семей таңы.-2000.-23 наурыз.-4 б, Сағатбекқызы А. Тұлпардың тұяғы //Үш анық.-2000. -қаңтар.


Ақын Есенсары Құнанбаевтың туғанына 130 жыл (1885-1960)
Есенсары Құнанбаев Аякөз ауданындағы, Таңсық совхозында 1885 жылы дүниеге келген. Жасынан өлең –жырға аталы сөздерге үйір болып өскен. Әкесі Тұрлыбек жастайынан өсіп, үлкен әкесі Құнанбайдың төрбиесінде болған ол қаршадайынан жоқтық, тұрмыстың зардабын тартып өскен. Ат-жалын тартып мініп, азамат болып, сөзі елге жайылған кезде жаңа дүниені өмірге әкелген Октябрь революциясының бақытын, елінің қуанышын тегіле жырлаған ақын болды.

Қазақ поэзиясына үлес қосып кеткен ақын Төлеу Көбдіков:

Семейде менен басқа тоғыз ақын,

Бәрі де тілінен бал тамызатын.

Әсетке шәкірт болып үлгі көрген

Біреуі Есенсары нағыз ақын, -

Абай, Әріп, Әсет ақындардың өлеңдері мен хиссаларын жаттап алып,халыққа таратады. Бірнеше жыл бойы Әсеттің қасында болып, оның ақындық, әншілік өнерін үйренеді. Бертін келе, ақындар айтысына да қатыса бастайды.

Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдері Қазақ ССР Ғылым академиясы әдебиет пен өнер институты құрастырып шығарған 1945, 1954, 1965 жылдардағы жинақтарға енгізілген. Қазақ совет әдебиетінің белгілі сыншысы, филология ғылымының докторы, марқұм Е.Ысмайловтың 1956 жылы жарық көрген «Ақындар» атты көлемді монографиялық еңбегінен Есенсары жайлы да парасатты пікірлерді кездестіруге болады.

Есенсары Құнанбаевтың ақындық жолға ерте түскенімен өлең жазуға төселіп, шын мәнісінде оны өнер деп тануы Ұлы Отан соғысы алдындағы бесжылдықтар мен сол сұрапыл кезеңдердің тұсы. Ақынның өлең-жырлары халық мүддесімен кіндігі бір кесек туындылар. Оның шығармаларының нәрлі болуы өміріне байланысты. Ақын колхозды, ауыл өмірі, Ұлы Отан соғысы кезінде елін жеңіске сендіріп, ерлікке талпынтқан патриоттық, тәрбиелік мәні зор шығармаларды көптеп жазған еді.

Есенсары ақын 1936 жылы республикалық ақындар айтысында және Жамбылдың 90, 100 жылдық тойына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Ақындық дарыны мен таланты танылуы арқасында ол 1939 жылы халық ақындарының республикалық слетіне қатысты. 1943 және 1945 жылғы облыстық, республикалық ақындар айтыстарында өнер сайысына түсті.

Есенсары Құнанбаевтың ақындық дәржесін, творчестволық диапозонын анық көрсететін, оның ақын Сапарғали Әлімбетовпен айтысы, өйткені, бұл Құнанбаев өлеңдерінің ішіндегі ертелі-кеш баспасөз бетінде толық жарияланған үлкен туындысы.

1945 жылы марттың 9-10 күндері Семей қаласында облыс ақындарының айтысында Есенсары мен Сапарғалидың бұл айтысы «Екпінді» газетінің 1945 жылғы 16-17 март күндеріндегі номерлерінде тұтас басылған. Ол алғашқы кезде Таңсық өңірінде «Көшелі жырау» ретінде «Зарқұм», «Сал-сал», «Қабанбай батыр», «Ер Науан» т.б. хисса, дастан, поэмаларын жатқа айтып, бір өзі қазақ сахнасында елді аузына қаратқан көшпелі театрдай адам болған еді.

Тегінде Есенсары Құнанбаевтың соңғы жылдарда жазған, оның шығармашылық өсу жолы мен дарынды, қарымды талантын танытатын артында қалған поэзиялық мұралары – «Қазақ қызы», «Тобағұл», «Сабыржан Ғаббасұлы», «Мәлік батыр» атты ұзақ желістерге құрылған поэмаларының барлығын қазіргі оқушы қауым біле бермесе керек. Өйткені, бұл поэмалар кезінде мерзімді баспасөзде үзінді ретінде жарық көрген. Бұлар және басқа өлеңдері мен айтыстары Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.

Аякөз өңірін ақындар мекені деп ардақтап атау тарихи кезеңдердің әр түсына байланысты кесек-кесек ел даңқын шығарған халқымыздың қасиетті перзенттерінің өмірімен сабақтасып жатуында болар.


Әдебиеттер:

Жантасов Д. Ағылескер ақын еді... (Е.Құнанбаевтың туғанына 100 жыл) // Алға.-1990.-2 маусым.

Зұлхаров ғ. Халық ақыны// Семей таңы.- 1975.- 16 декабрь.-4 б.

Қалымов Д. Тойдан кейінгі түйін: (Халық ақыны Есенсары Құнанбаевтың 100 жылдығынан) // Семей таңы.- 1990.- 15 желтоқсан.- 7 б




Жүн өңдеу фабрикасына 80 жыл (1935)
Жүн өңдеу фабрикасы 1935 жылы іске қосылды. Қой мен ешкіден, түйеден, қырқылып алынған биязы, қылшықты, жартылай қылшықты жуылған жүн өңдейді. Фабрика койлектік, костюмдік, пальто, көрпе, орамал, кілем т.б. әр түрлі материалдар, трикотаж, тоқитын иірілген жіп, киізден түрлі бұйымдар жасап шығарады. Фабриканың негізгі болған жүн жуу кәсіпорыны алғаш 1893 жылдан бастап іске қосылды. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін кәсіпорын жергілікті жүн серіктестігінің құрамына енді. 1935 жылдан бастап жүн өндеу фабрикасы деп аталады. Фабриканың 3 өндірістік корпусында 9 жуу-кептіру агрегаты бар. 1984 жылы кәсіпорын 23 мың тонна өнім берді. Балық жағалауы, Украина, Белоруссия республикаларының, РСФСР мен Қазақстанның 130- дан астам кәсіпорнына жөнелтті. Жүнді сорттау процесі конвейрлік әдіспен жүргізілді.

Жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикасы (ПОШ) кезінде күлді Одаққа белгілі болып, дүрілдеп тұрған еді. Қазір аталмыш фабрика ықшамдалып, «Сенім ЛТД» ЖШС-і болып қайта ашылған еді. «Сенім ЛТД» фирмасы жүннің шикізат ретінде сапасын реттеуді мақсат етіп отыр. Жүн сапалы болу үшін қой аман-сау болып, қозы күнінен қарауда, бағуда болу қажет. «Сенім ЛТД» толық қарқында жұмыс істесе, шамамен жылына 60 мың тонна жүн өңдеу мөлшері жылына 20-22 мың тонна аралығында болмақ.

Бертінге дейін бүкіл Одақ көлемінде аты шыққан бұрынғы жүнді алғаш өңдеуден өткізу фабрикасы (ПОШ), бүгінгі күні «Сенім ЛТД» фирмасында жүнді өңдейтін өте озық франциялық технологиямен жұмыс істейтін қондырғы орнатылған. Фирма еліміздегі тоқыма өндірісіне дайын шикізатты жеткізуге қол жеткізді.

Әдебиеттер:
Нұғманбекова Р. Жүн өндеу – атадан қалған кәсіп // Дидар.- 2002. – 15 маусым. – Б.2

. Төлеуов С. «Ауыл ахуалы оңалары сөзсіз» // Семей таңы. – 1999.-16 қыркүйек. – Б.10



«Мұрагер» тігін фабрикасына - 65 жыл (1940)
Іргетасы 1840 жылы қаланған қала орталығындағы көне ғимаратқа орналасқан фабрика 1969 жылдан бері үздіксіз істеп келе жатқан Республикаға әйгілі өндіріс орны болатын. Фабриканың жалпы жер көлемі 7500 шаршы метр, ал мұның тікелей өндіріске қатыстысы 3800 шаршы метр. Фабрикада 2000 жылы сегіз цехты іске қосуға қол жетті, яғни жаңадан сұраптау, жуу, кептіру, тарау және мамық цехтары дүниеге келді. Фабриканың басты девизі – сапа үшін күрес. Өйткені өндірген өнім тұтынушы көнілінен шығу үшін әрі сапалы, әрі бағасы да әлеуметтің қалтасы көтеретіндей болуы керек.

Бүгінгі таңда «Мұрагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өнімнің 200-ге тарта түрі шығарылады. Оның ішінде үлкен сұранысқа ие болып отырғаны төсек-орын жабдықтары, сырылған көрпелер, матрац, жастықтар әртүрлі мамандық иелеріне арналған арнаулы киімдер. Соңғы жылдары жыл сайын тендерде жеңіске жетіп жүрген «Мұрагер» Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары әлеуметтік қамсыздандыру, білім, денсаулық сақтау департаментінің арнайы заказдарын орындап келеді. Сонымен қатар, арнаулы киім үлгілерінің түрлеріне кәсіпорындардан да сұраныстар түсіп отырады. Фабрикаға қажетті шикізат көзі – биязы қой жүні шаруа қожалықтарынан сатып алынады. Жүн әуелі қатан сұрыптаудан өткен соң, жуу цехына жіберіледі. Кірінен, шайырынан тазарған жүн арнайы тұту машинасынан өткенде, аппақ үлпілдеген мамыққа айналады және ешқандай иіс-қоңысы болмайды. Түту станогы кіршіксіз таза, сапалы, жүн берсе, ескі-құсқының өзінен де мұнда ешқандай қалдық қалмайды, оны да арнайы өңдейтін станок бар.

Бүгінде «Мұрагер» өнімдері Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ахметбекова А. Мұрагерліктердің мұраты зор // Семей таңы.-2003.-21 наурыз.-6 б.

Мұхамедова Р. Өнім әлемдік стандартқа сай болуы керек // Семей таңы.-2005.-21 қазан.-3 б.



Семей аймағындағы баспасөз және кітап шығару мұражайына 15 жыл (2000)

Мұражай - Семей полиграфиясының 150 жылдық мерейтойына орай 2000 жылдың 22 қыркүйегінде ашылған.


1854 жылдың 1 қазанында Семей облысы дүниеге келді. Осы кезден бастап Семейде құрылыс орындары қарыштап дами бастады. 1868 жылы үш қабатты облыстық басқарма ғимаратының құрылысы аяқталып, оған мемлекеттік баспахана орналасты.

Мұражай экспозициясы Семей аймағындағы 1850 жылы Семей көпестерінің күш-жігері арқасында құрылған қалалық баспахана тарихымен таныстырады.


Музей экспозициясының бірінші бөлімінде Семейдің ХІХ және ХХ ғасырдағы ғимараттары мен көшелері туралы мәліметтер орналасқан. Экспозицияда сол кездегі ХІХ ғасырдағы әріп теру столы, шрифтер, штамптар, баспа және шрифтердің әртүрлі өнімдері мен өнімдерінің үлгілері қойылған. «Публикация по Семипалатинской области» тұңғыш мерзімді басылымы 1869 жылдың 3 қаңтарында жарық көрген. 1871 - 1919 жылдар аралығында «Семипалатинские областные ведомости» басылымы тұрақты шығып тұрды.

Бірінші басылымдардың көшірмесі және олардың барлық жылдардағы баспаханада шығуымен мұражайдың «Периодика» (Мерзімді баспасөз) бөлімінде танысуға болады.

Полиграфия жабдықтарының ішінде қызықтыратындары – сирек кезедесетін қондырғы – қолмен қағаз кесетін машина, тигелдьді баспа станогы. 300 жылдық мерзімде ешбір өзгеріске ұшырамаған линотип – механикалық жол құю машинасы қолмен әріп терушілердің қиын жұмысын жеңілдететін компьютер дәуіріне дейін газеттерді жеделдетіп шығаруға өз үлесін қосып келді. Кез келген кәсіпорынның даңқын арттырып, мақтанышына айналатын кәсіби қызметкерлер. Полиграфистерге арналған тақта баспахана ардагерлерінің өмір тарихымен таныстырумен қатар, өз ісіне дарындылығы мен сүйіспеншілік қасиеттерін сипаттайды.

«Семей Полиграфия» ашық акционерлік қоғамының полиграфия өнімдерінің көптеген түрлері мен мүмкіндіктері де келесі тақтада көрсетілген.

«ХХІ ғасыр» экспозиция тақтасы - қазіргі қол жеткен әлемдік полиграфия және жаңа полиграфия технологиясы мен материалдарының үлгілері мен өнімдері туралы сыр шертеді .

Әдебиеттер:

Кашляк В. Бастау:(Семей өңіріндегі баспахана тарихы туралы) //Семей таңы.-1989.-11 август.

Қазбалинов Т. Ең алғашқы баспахана // Семей таңы.-2004.-3 қыркүйек.-14 б.

Қазбалинов Т. «Ярдамның жәрдемі» // Семей таңы.-2003.-4 сәуір.-13 б.

Қазбалинов Т.Ірі аймақтың хикаясы: (Баспахана тарихы туралы мәлімет бар) // Ертіс өңірі.-2004.-17 маусым.-29 б.

Аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткіші:

Абай

Абайұлы М.



Айдаболов У.

Ақынжанов М.

Атаханов Н.

Әбенов Ш.

Байырманов Х.

Базарбаев Т.

Байырманов Х.

Бегалин С.

Жанғалиев Т.

Жанияров О.

Кемелбаева А.

Қамбаров Ж.

Құдайбердіұлы А.

Құнанбаев Е.

Мағауин М.

Молдажанов І.

Назарбек К.

Нұрғалиев Р.

Оразалин К.

Сағымбаева Б.

Сәдуақасұлы Ә.

Сәкиева К.

Сейітқазы О.

Үдербаева Б.



Ысқақов А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет