Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет. Н.Ә. Назарбаев



бет2/3
Дата18.10.2022
өлшемі1,95 Mb.
#153662
1   2   3
Байланысты:
Презентация 2

Ақпараттық-коммуникативті технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.
Ақпараттық-коммуникативті технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді.
Интерактивті тақта – компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал болып табылады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:

1. Ақпараттық-технологияларды пайдалана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:

-сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

-білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

-оқыту процесінің сапасын арттыру;

-пәнаралық байланысты тереңдету;

-қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.

-коммуникативтік қабілеттерін дамыту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет