Оқыту жүйелері
Басқару жүйелері
Іздеу жүйелері
САПР
Бағалау жүйелері
Ақпараттық-құқықтық жүйелер
Ақпараттық жүйе түрлері
- Экономикалық-қаржылық жүйелер
- Техникалық-жобалау жүйелері
- Ғылыми-техникалық жүйелер
Ақпараттық өндіріс Ақпараттық өндіріс – ақпараттық технологияларды пайдаланып ақпараттық товарлар мен қызметтерді өндіру. Ақпараттық өндіріс есептегіш техника мен ақпаратты да өндіреді. Ақпараттық технологиялар Ақпараттық технология деген нақты техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы, оның көмегімен біз өміріміз бен қызметтің барлық салаларында түрлі ақпараттарды өңдеу амалдарын орындай аламыз. Ақпараттық технологияны басқаша компьютерлік технология немесе қолданбалы информатика деп атайды. Ақпараттық технологиялардың түрлері Информатикада еңбек құралы ретінде есептегіш техниканың аппараттық және бағдарламалық құралдары қолданылады, ал шикізат ретінде – ақпарат тасымалдағыштар мен деректердің құрылымдары пайдаланылады. Ақпараттық технология – ақпараттық процесс, оның нәтижесінде ақпараттық өнім жасалады. Коммуникациялық технологиялар да – ақпараттық процесс, мұның нәтижесінде ақпаратты тасымалдау мен алмасу жүзеге асады. Мысалы, электрондық құжат айналымы, деректер қоры технологиялары, коммуникациялық технологиялар, бағдарламалау технологиялары, компьютерлік графика технологиялары және т.б. Ғаламторда өзін-өзі ұстаудың этикалық нормалары - Ғаламторға өзіңіз туралы жеке деректерді ата-ананың рұқсатынсыз бермеңіз (тегіңіз, телефон нөмірі, мекенжай, мектеп нөмірі).
- Ғаламтордағы танысыңызбен өмірде кездесемін деген дұрыс емес, оны ата-анамен ақылдасыңыз.
- Таныс емес адамдардан келген электрондық хаттарды ашып оқымаңыз.
- Өз парольдеріңізді үйдегі үлкендерден басқа ешкімге бермеңіз.
- Ешқашан отбасыңызға қаражаттық шығын келтіретін бөтен іске ұрынбаңыз.
- Электрондық байланыста мәдениетті болыңыз, сонда басқалар да сізбен солай сөйлеседі.
- Электрондық хаттарды ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН жазбаңыз – бұл ғаламторда айқай деп қабылданады, оны ешкім жақтырмайды.
- Хатпен үлкен көлемді ақпарат жібермеңіз (сурет, видео және с.с.), алдын-ала оны қабылдап алатын адамнан келісім сұраңыз.
- Таныс емес адамдарға хаттарды жібермеңіз, ол спам деп қабылданады. Кейін поштаңызды жауып тастауы мүмкін.
- Ғаламторда сізбен қалай сөйлескенін қаласаңыз, сіз де өзіңізді солай ұстаңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |