Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Жергілікті және ауқымды желілердің технологияларын түсіндіріңіз



бет22/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96
Жергілікті және ауқымды желілердің технологияларын түсіндіріңіз
Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.

Computernetwork.png Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан тұрады:

а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;

ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;

б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.

Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN) — салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар – желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет