Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ақпарат алу саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға қабілетті ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтік тетіктерді қамтитын кешенді көзқарасты пайдалануды, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауіпсіздік саласында тиімді дамуды талап етеді. Ақпаратты қорғау мәселесі, оның сақталуын және пайдаланудың белгіленген мәртебесін сенімді қамтамасыз ету – қазіргі кездегі ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қорғау дегеніміз бұл жүйе объектілерін олардың айналасынан қорғау механизмдерін сипаттайтын жалпы термин. Жақсы механизмдерге тән: - бір пайдаланушының екіншісіне кедергі келтіруін болдырмау; - пайдаланушының программасына және деректеріне қорғау құралдарын ұсыну. Қорғау механизмдері мынадай проблемаларды шешеді: Жеке пайдалануды реттейтін, заң нормаларымен анықталатын, жеке ақпарат құпиясы; Ақпарат пайдалану ережесін анықтайтын, ақпарат құпиялылығы; Құпиялылық сақталуын қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды анықтайтын ақпарат қауіпсіздігі. Бірінші кезеңде ақпарат қорғау таза программалық жолмен шешіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақпараттық кепілдік қорғауды қамтамасыз етуге программа құралдары жеткіліксіз болды. Программа құралдары сақтау ережелері және ақпарат пайдалануды анықтайтын ұйымдастыру шараларымен толықтырылды. Келесі кезең ақпарат қорғау жөнінде технологиялық құралдар мен жүйелер құру болды. Ақпарат қорғау құралдарымен әдістерінің бүкіл кешенін былай жіктеуге болады. Ақпарат тасымалдаушыларға тұрақты сақтау орны және оған қатынау құқығы бар адамдардың тізімі анықталады. Қатынауды басқару қорғау функцияларын қамтиды: - бірегей идентификатор тағайындау жолымен пайдаланушыларды, персоналды және ресурстарды бірдейлестіру; - уақыт және күннен бастап, сұралатын ресурстармен аяқтап өкілеттікті тексеру; - белгілі регламент шегінде жағдай жасау; - қорғалатын ресурстарға қатынасуды тіркеу; - санкцияланбаған әрекеттерге реакция. Маскировка қалқалау – ақпаратты криптографиялық жабу жолымен, оны қорғау әдісі. Ақпарат өңдеуде, сақтауда және байланыс желісімен беруде қолданылады.