Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Компьютерді құрастыру және жаңғыртудың жіктелуін анықтаңыз



бет92/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Компьютерді құрастыру және жаңғыртудың жіктелуін анықтаңыз

Компьютерді құрастыру үшін алдымен антистатикалық қолғап немесе антистатикалық білезікті қолға тағу керек. Осы құралдар болмаған жағдайда, құрылғыларды ағытпаларына орнатар кезде, екінші қолмен жүйелік блоктың қорабын ұстап тұру қажет.

 

Компьютерді құрастыру мен бөлшектеу үшін мынадай алгоритм бойынша қызмет еткен жөн:



1. Алдымен орнататын құрылғылардың орауларын шешу керек;

2. 1.15-суретте көрсетілгендей қажет құрал жабдықтарды жинақтап алыңыз;

3. Әрбір бөлшектің аталуын дәл білуге ұмтылыңыз;

4. Жүйелік блокқа орналастырылатын жүйелік тақтаның орны мен оны бекітуге қажет болатын бұрандалар мен саймандарды дайындаңыз;

5. Қорапты өз ыңғайыңызға қарап, көлденеңінен оң жақ бетін төменге қаратып үстелге қойыңыз;

6. Жүйелік блогына жүйелік тақшамен келетін енгізу-шығару тақтасын жүйелік блоктың ішінен орнату керек;

7. Монтаждық көзге жүйелік тақшаның тесікшелері дәл келетіндей етіп жай ғана қойыңыз;

8. Дәлдікке көзіңіз жетсе ғана бұрандаларды бекітіңіз.

9. Процессорды жүйелік тақшаның процессорлық ұясына орнату (кейде жүйелік тақшаны жүйелік блогына салмастан бұрын тақшаны тегіс жерге қойып процессорды орнатып алады);

10. Процессордың үстіне термосықпаны жағып, кулерді орнату (термосықпа процессор мен салқындатқыш арасындағы жылу алмасуын жақсартады);

11. Қоректендіру блогы баусымдары жүйелік тақшаға жалғанатындай етіп, қораптың сыртқы артқы тақтасына коректендіру блогынан электр тогына жалғайтын ағытпа қарайтындай етіп оң жақ жоғары жағына орналастырып бекітіңіз;

12. Диск-жетектерді (FDD, CD-DVD) компьютердің алдыңғы тақтасына орналастырыңыз;

13. Қатқыл дискіні қораптың ішкі алдыңғы бөлігіндегі орынға орналастырып, бұрандалармен бекітіңіз;

14. Бейнекартаны, жедел жадыны жалғаңыз.

15. Жүйелік блогына желдеткіштерді орнату;

16. Тағы басқа құрылғылар болса жүйелік блоктың бітеуіштерін ағытып алып орнатуға болады;

17. Құрылғылардың барлығын орнатқан соң кабельдер мен байсымдарын ағытпаларына орнату қажет;

18. Компьютер жұмысқа дайын екеніне көз жеткізіңіз.

19. Осы әрекеттерден соң жүйелік блоктың қорабын жабуға болады.

Компьютерді құрастыру үшін алдымен антистатикалық қолғап немесе антистатикалық білезікті қолға тағу керек. Осы құралдар болмаған жағдайда, құрылғыларды ағытпаларына орнатар кезде, екінші қолмен жүйелік блоктың қорабын ұстап тұру қажет.

Кез келген құрылғы біраз уақыт өткеннен кейін өзінің мүмкіндігін жоғалта бастайды немесе қазіргі заманның талабына сай келмейді. Басты себебі – ешкім өзгертіп жоя алмайтын және қашанда үзіліссіз даму үстіндегі ғылыми-техникалық үрдістің болуы.

Компьютерлер және кез келген компьютерлік техникаға келсек, құраушыларының ескіруі немесе істен шығуы техниканың жұмыс жасауының нашарлағанынан байқауға болады. Сондықтан, ерте ме кеш пе жүйені жаңғыртуға тура келеді.

Жаңғырту (модернизация, апгрейд) – ескірген құрылғыны жаңасына ауыстыру немесе берілген конфигурацияға жаңа құрылғыны қосу. Басқаша айтқанда, бастапқы конфигурацияны қолданушының жаңа талабына сай өзгерту.

Конфигурация (пішін) – бұл компьютердің жұмысын анықтайтын толық жиынтық: жүйелік тақша, процессор, жедел жады, қатқыл дискі және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет