Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Ауқымды (ғаламдық) желілер



бет21/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96
Ауқымды (ғаламдық) желілер бүкіл дүние жүзіндегі компьютерлерді немесе олардың тораптарын байланыстыруға арналған желілер түрі, олар көбінесе ғарыштық (спутниктік) байланыс арналарын пайдаланады.

Компьютерлік желілердің барлық түрлерінің атқаратын қызметі екі функциядан тұрады, олар:

- аппараттық және программалық желі ресурстарының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- мәліметтік ресурстарға бірігіп ортақтаса қатынас құруды қамтамасыз ету.

Егер желіде барлық компьютерлер ортақ пайдалануға арналған арнайы бөлінген компьютер – сервер болмаса және барлық компьютерлер бірі-бірімен “тең құқықты” мүмкіндікпен мәлімет алмасатын болса, ондай желілер біррангылы (әдетте олар шағын желілер) деп аталады.

Бір мәселені шешу мақсатында жергілікті желі арқылы байланысып жұмыс істеп жатқан қызметкерлер тобын жұмысшы топтар деп атайды.

Желіге қосылған компьютерлердің құқықтарын бөлу және шектеу тәсілдері жиынын желі саясаты деп атау қалыптасқан. Желі саясатын реттеп отыру істерін желіні басқару деп атайды. Ал жергілікті желідегі компьютерлер жұмысын басқаруды ұйымдастырушы тұлға желі басқарушысы (әкімі) болып табылады.

Әртүрлі хаттамалар бойынша жұмыс атқаратын бірнеше жергілікті желілерді бір-бірімен байланыстыру үшін арнайы құралдар – шлюздар (тоғандар) қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет