Жалпы қолданыстағы коммутациялаушы желілердің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беріңіз
Жалпы қолданыстағы коммутациялаушы желілердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Коммутациялық құралдарды құрылымдық параметрлері бойынша келесі түрлерге бөледі: реле, іздегіштер, көп еселі жалғағыштар және жалғағыштар. Реле (1x1) түріндегі құралдарда бір кіріс және бір шығыс бар (5.1-суретті қараңыз). Құралдардың кірістер және шығыстар саны дөңгелек жақшаларда көрсетіледі, мұндағы бірінші сан - кірістер саны п, ал екінші сан – шығыстар саны т. Құрал екі күйде болады, біреуінде кіріс пен шығыс арасында жалғау болмайды, ал басқасы – жалғау орнатылған. Бір күйден басқасына өту басқару құрылғысынан кіріске R түсетін сигналдың әсерімен жүзеге асырылады.
Издеушілер (1xm) түріндегі коммутациялық құралда бір кіріс n = 1 және т шығыстар бар (5.2 суретті қараңыз). Құралда кез келген т шығыстармен кірісті жалғауды орнатуға болады, құралдың қол жетімділігі D = т. Бұл кезде бір уақытта құралға бір жалғауы орнатуға болады.
Реленің негізгі бөліктері болып табылады: электромагнит (өзегі бар орауыш), зәкір (болат жылжымалы пластина) және жанаспалы серіппелердің жинағы немесе жанаспалы жүйе болып табылады. Реле орауышы реленің басқарушы бөлігінің қызметін орындайды. Орау үшін диаметрі 0,06 ... 1 мм ПЭЛ маркасының мыс эмальданған сымы қолданылады. Реледе 1-ден 4-ке дейін жұмысшы орауыштар болуы мүмкін, сонымен қатар қосымша кедергі ретінде құралдардың сызбаларында қолданылатын бифилярлы орауыш (түйіндік) орауыш бар.
Достарыңызбен бөлісу: |