84
психикалық процестер мен күштерді жинақтайды. Ақын «Менінен» барлық ой-сезімдері
тарамдалып, бұдан психологизм құбылысының түрлері жіктеледі. Лиркадағы психологизм
құбылысының түрлері жіктеледі. Лирикадағы психологизм рөлін айқындағанда түпсіз
дүниені аңғартып, әлдебір әуен болып қабылданатын сиқырлы лирика тілі өзек болды. Өлең
– ой мен сезімнің әрекет ету құралы. Ақын бойындағы әсерлер өлеңдегі образға жинақталып,
эмоциясын танытады. Осылайша өлеңдегі терең психологизм көрініс береді. Лирикалық
өлеңдердің көбінесе ішкі монологқа, кейде ішкі диалогқа құрылу себебі, бұл – автордың
өзгеше өрелі тыңдаушысын іздеп шарқ ұрғаннан туындайтын құбылыс. Әр ақын – өзінше бір
құбылыс, өзінше әлем. Лирикада алдымен ақын психологиясын ашамыз. Ақын психологиясы
лирикадағы сан алуан сипаттар, көріктеу құралдары – психологиялық портрет, авторлық
баяндау, суреттеу, ойды саралау, қиялдап қосу, лирикалық толғау түрлерінің бірінде ашыла
ма, болмаса басқа да көркемдік компоненттер арқылы ашыла ма – ақынның жан әлеміндегі
арпалыс тебіренісі дәл ішкі монологпен ашылғандай ашыла алмайды. Ішкі монолог арқылы
ашылған ақын жан-дүниесін айнадан жарқырата көргендей күй кешеміз. Егер эпикалық
шығарма бастан-аяқ ішкі монологқа (немесе диалогқа) құрылса, онда оқырманын
жалықтыратын сүреңсіз шығарма туар еді. Лирикалық өлеңнің құдіреті – қысқа бола тұра,
оқырманын аз сөзбен талай сезімге сүңгітіп, сезім сиқырымен баурауында, шағын болса да
көп құбылысты сол күйінде жеткізе білуінде. Лирикада диалогтан гөрі монолог басым болып
тұтасып, бірыңғай лирикалық өрнек-нақышпен әрленіп жатады.
Ақындық «Мен» көбіне лирикадағы монологтарда шынайы көрініс табады. Ақынның
шынайы да мөлдір жаны, ішкі тынысы, ішкі демінің дірілі ақындық «Мені» арқылы
жырланады. Фариза ақынның кейіпкер психологиясын дәл ашуы бозбала атынан үн қатуы
«Мен өмірді сен деуші ем» (бозбаланың күнделігінен) циклді лирикасынан аңғарылады:
Достарыңызбен бөлісу: